Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет242/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Ей, сен, бiзге құры еттi ғана пiсiрiп бермекшiмiсiң? Оған 

бiрдеңе  қоспайсың  ба?

— Уа, көке-ау! Етке қосатын үйде ештеңе жоқ. Кеше қаптың 

түбiн  қағып,  соңғы  ұнмен  көже  iстеген  едiм.  “Бүгiн  базарға 

шығып, аз-маз азық тауып келем” деп ойлағам. Оған сiздер келiп 

қалдыңыздар  да...

— Е, мейлi. Еттi нанмен қосып жеп, сорпасын iшсек те болады. 

Ақыры қатының жоқ екен, саған не айып.

Мезгiл шаңқай түс болды. Осы уақытта ет те пiстi. Жақар мен 

Қорасан төрт табаққа ет салып, төртеуiне тартты. Сүлейменге етi 

майлы сүйек түсiптi. Нан қосып, оны соғып алды. Басқалар да 

несiбелерiн ашқарақтана жедi.

Ет  жеп  болған  соң  бәрi  кешке  дейiн  ұйықтап  алмақ  болып 

келiстi.

— Бiз ұйықтаймыз деймiз. Ал мына екеуiн не iстеймiз?

— Байлап тастаймыз, Айдабол. Байлап тастасақ та, сен екеуiн 

бiраз күзетiп отыр. Ұйқың келсе, менi оятарсың. Одан соң мен 

күзетемiн, — дедi Парманқұл.

— Ә, көкелер бiздi байламай-ақ қойсаңдаршы. Сiздермен бiрге 

жата  беремiз.  Уай,  ештеңе  iстей  алмаймыз  ғой,  сiздерге.  Дәу 

көке,  айтыңызшы  серiктерiңiзге.  Бiздi  байламай-ақ  қойсыншы. 

Үйбай-ау,  байлап  қойсаңыздар,  менiң  сынған  аяқ-қолдарым 

ауырады.  Қатты  қиналамын  сосын.  Жалынамын,  көкелер.  Бос 

жата берейiншi, — деп Жақардың Сүлейменге қарап шыж-быжы 

шықты. 


—  Ақыры  бiреуiң  күзететiн  болсаңдар,  екеуiн  байламай-ақ 

қойсаңдар  қайтедi.

— Байламай болмайды. Кiм бiледi, екеуi не ойластыратынын. 

Ей,  Жардақ,  әкел  қол-аяғыңды.  Байлаудан  сынған  жерлерiң 

ауыратын болса, аяқ-қолыңның сол тұстарын қыспай байлаймыз, 

—  деп  Парманқұл  мен  Айдабол  оған  қосып,  Қорасанды  да 

байлады.

Сүлеймен отырған жерiне жата кеттi. Айдаболдан басқалары 

да бастарын жастыққа қисайтты.

Қанша уақыт өткенi белгiсiз, ұйықтап жатқан Сүлеймен өзiн 

бiреу қылғындырғандай сезiнiп, тұншыға демалып, көзiн ашып 



504

Сүлеймен қарақшы

жiбердi. Көзiн ашқанда сезiнгенi — тамағын ащы нәрсе қырнап, 

лоқсып  жатыр  екен.  Басы  да  мең-зең.  Құлағы  шуылдап  тұр. 

Парманқұл  бiреуге  айқайлап  жатқан  сияқты.  Ал  Пұсырманқұл 

өзiне бiрдеңе айтып, жағынан салып-салып жiбердi. Осы кезде 

түк  естiмей  тұрған  құлағы  “мыналар  сендерге  у  берген”  деген 

Парманқұлдың  даусын  шалды.  Басын  сiлкiп-сiлкiп  жiберiп, 

алдына  қараса,  Айдабол  шалқалай  жатқан  Қорасанның 

кеудесiнде  көлденең  етпеттей  жатыр.  Жақардың  бет-аузы  қан 

дала. Осыны көргенде Сүлейменнiң түйсiгiне “уланған екенмiн” 

деген ой келдi. Бiрақ артынша талмаусырап кеткендей болды да, 

ышқына демалып, қайта есiн жиды. Басының мың-дыңы шығып, 

есi бiр кiрiп, бiр шығасылы болып тұрса да, есiне есiк алдындағы 

ұстынға Жақар iлген сүт түстi. Дереу соған жетпек болып, тұруға 

әрекеттендi. Тұра алмады. Парманқұлға сол жайында айтпақшы 

едi, тiлi сөйлеуге келмедi. Сөйлемек тұрмақ, жүрегi қысылып, ауа 

жетпей, маңдайынан суық тер бұрқ еттi.

Басы қатты айналып, көзi жұмылды. Бiреу қолтығынан демеп 

көтермек  болып  едi,  көтере  алмады.  Дәл  осылай  қауқарсыз 

отыра берсе, мiне, мiне, ажал құшатынын санасының ең соңғы 

түйсiгiмен сезген ол, ышқына орнынан қозғалды. Тұрып кеттi. 

Көзi түк көрмесе де теңселе басып, дуал жағалап, сыртқа шықты. 

Далаға  шыққанда  көзi  сәл-пәл  ашылды.  Ұстында  iлулi  тұрған 

шелектi көзi шалды. Үш-ақ қадам аттаса, оған жетерi хақ. Бiрақ 

аяқтары  құрғырлар  қалтырап,  бастырмады.

Есiк  жақтауына  сүйенгенде,  құлай  жаздады.  Құламауға 

тырысты. Бар күшiн сарқа, бойын тiктедi де ұстынға жақындады. 

Қолын созып едi, шелекке iлiктi. Ала сап, шелектегi шикi сүттi 

қотара сiмiрдi. Қанша iштi белгiсiз, бiр қезде лоқылдатып, құса 

жөнелдi.  Ұзақ  құсты.  Әлден  соң  есi  кiрдi.  Аяқ  астына  қараса, 

құсқан сүтi көкпеңбек. Шелекке көз салып едi, сүт әлi көп екен. 

Тағы iштi. Тағы құсты.

—  Тоқтамай  iше  бер,  тоқтамай  iше  бер,  —  деген  дауысты 

есiттi  осы  кезде.

Оның  кiмнiң  даусы  екенiнде  шаруасы  болмады.  Жоқ,  оған 

бұрылып  қарауға  шамасыз  едi.  Құсқан  сайын  аяқ-қолдары 

дiрiлдеп,  өн-бойын  тер  басты.  Сүттi  бiр-екi  ұрттаса,  төрт-бес 

мәрте құсып, әбден мазасы кеттi. Алайда әр құсқан сайын, сүттi 




505



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет