Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет243/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   265
Сүлеймен қарақшы

iше бердi, iше бердi. Сөйтiп бiр шелек сүттi iшiп қойды. Құса-

құса  өкпесi  суырылып,  өңешi  жарылардай  болды.

Бiраз  уақыт  өткенде  басының  айналғаны  қойып,  құлағының 

шуылы басылды. Өз-өзiне келдi. Ал лоқсуы тоқтамады. Лоқсып 

тұрып  байқаса,  Парманқұл  мен  Пұсырманқұл  мұны  айнала 

жүгiрiп  жүр  екен.

— Ой, нәлетi, қашғарлықтар! Ой, нәлетi, қашғарлықтар! Бәсе, 

“бiздi  байламаңдаршы”  деп,  сонша  жалынып  едi.  Ойпырмай, 

Сүлеймен, сүт қалай есiңе түстi? Бiз абдырап ештеңе iстей алмай 

қалыппыз ғой. Сендерге берген уды бiзге қалай бермеген? Ай, 

осы, барып анау Жақардың басын кесiп тастай салайын ба? — 

деп Парманқұл кiжiнiп, тепсiнiп жүр.

— Жақарды өлтiру қашпас. Мынау шарадағы айранға мұздай 

су қосып, шалап жасап қойдым. Сүлеймендi етпетiнен жатқызып, 

ендi  осыны  iштiрейiк.  Iшiндегi  заһар  әбден  жуылсын,  —  дедi 

Парманқұл. — Жүр, Сүлеймен. Анау нардың үстiне етпетiңнен 

жатып, шалапты iшшi. Саған әлi де құсу керек.

— Сүттi iшкен соң адам болып қалған сияқтымын. Шалапты 

тағы iшуiм керек пе?

—  Керек,  керек.  Сен  әзiрше  шалапты  iше  бер.  Парманқұл, 

апаршы  Сүлеймендi  нарға.  Мен  самауырынға  от  қойып,  су 

жылытайын.

— Әй бұл қалай болды өзi? — дедi Сүлеймен нарға жата берiп.

—  Әзiрше  сөйлеме.  Болған  жәйттi  кейiн  айтамыз.  Мә,  iш, 

мына  кеседегi  шалапты.

Шалаптың бiр кесесiн емес, үш-төрт кесесiн бiр-ақ iштi. Iшкiсi 

келмеп едi, Парманқұл қыстап қоймады.

— Мұны неге iшiп жатырмын? Түк құстырған жоқ қой.

— Қазiр құсасың, Сүлеймен. Тағы да көбiрек құсуың керек. 

Ендi мынаны iшшi, — дедi Пұсырманқұл басқа кесе 

ұсынды.


— Бұл не?

— Жылы су ғой. Мұның да үш-төрт кесесiн бiрден iш.

Жылы суды iшкен соң ал құссын кеп тағы. Құсуын тоқтатса, 

анау екеуi шалап пен жылы суды тағы төрт-бес мәрте берiп, әбден 

құстыртты. Құса-құса сiлесi қатты.

—  Болды,  ендi  iшкiзбей-ақ  қойыңдаршы.  Өмiрiмде  ауру 

дегендi  бiлмейтiн  мен  ешуақытта  бұлай  қиналған  емеспiн.

— Iшектерiң, өкпелерiң ашып жатқан жоқ па?




506

Сүлеймен қарақшы

— Қойған сияқты. Тек, көрiп тұрсыңдар ғой, дiрiлiм басылатын 

емес.

—  Дiрiл  кетер.  Сонда  да  мен  барып,  Жамал  тәуiптi  ертiп 



келмесем болмас. Ай, “оны ертiп келемiн” деймiн. Анау екi өлiктi 

не  iстеймiз,  Парманқұл?

Сүлеймен елең етiп басын көтердi.

— Немене, екi қашғарлықты өлтiрiп қойдыңдар ма?

— Қашғарлықтар өлсе жақсы болар едi. Айдаболдан айрылып 

қалдық қой. 

 Сүлейменнiң өн-бойы шымырлап кеттi. 

— Қалай?


— Аналар уды екеуiңнiң табақтарыңа салған екен. Бәрiмiзге 

бiрдей салмағандарына шүкiр де. Мен ұйықтап жатқанда бiреу 

жұлқылап  оятты.  Көзiмдi  ашсам,  Айдабол  дем  ала  алмай, 

бүкшиiп  қиналып  отыр  екен.  Аузы-басы  қисайып,  реңi  қашып 

кетiптi.  Бiрдеңе  айтайын  деп  едi,  айта  алмады.  Сол  қолымен 

жүрек тұсын ұстаған күйi, оң қолымен қонышындағы пышағын 

шығарды  да,  жанында  жатқан  Қорасанның  кеуде  тұсына  кiрш 

еткiзiп қадап, өзi оның үстiне сұлады. Мен не болғанын түсiнбей, 

дереу Пұсырманқұлды ояттым. Бұл да аң-таң отырғанда, Жақар 

шыңғырып қоя бердi. Екеуiңнiң табақтарыңдағы етке у салғанын 

айтты.  Ашумен  оны  өлтiрiп  қояр  ма  едiм,  Пұсырманқұл  ұстап 

қалды.  Сөйтiп  тұрғанымызда,  сен  теңселiп  далаға  шықтың. 

Сүт есiмiзге келмептi. Жақардан айран сұрап жүргенiмiзде сен 

сүттi iшiп, құсып жатырсың. Қасыңнан кете алмадық. Айдабол 

жазғанның жатысы анау. Ендi оны қалай, қайда жерлеймiз? Ал 

сен  екi-үш  күн  жатып,  өз-өзiңе  келмесең  болмайды.  Ол  үшiн 

Пұсырманқұл  тәуiп  ертiп  келмесе  тағы  болмайды.

—  Алда,  жазған-ай!  Бiзге  еремiн  деп,  ажал  тапты  десейшi. 

Әй, анау Жақар әлi тiрi отыр ма? Мойнын неге үзiп алмайсыңдар 

оның?


— Оны өлтiру қашпас. Айдабол текке өлген жоқ. Бiр жауын 

өзiмен бiрге ала кеттi. Қой, бiр жағына шығайық та. Не iстеймiз? 

Әлде үйге кетемiз бе? Тәуiптi сонда алдырамыз.



507



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет