Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет57/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жаңа өкiметтiң ұлығына барып арыз айтамыз”, — десiп кетiптi. 

Сенiң  бұл  жерде  екендiгiңдi  естiген  Ноғай:  “Ол  бала  сендерге 

қарай  бек  жақсы  кеткен  екен.  Әзiрше  мына  доңыз  етiн  жегiш 

кiсәпiр  кәпiрлердiң  шуы  тиылғанша,  сол  жақта  жүре  тұрсын. 

Кейiн  өзiм  хабар  айтып,  елге  алдырамын”,  —  дедi.  Одан  соң 

Досекеңе бардық. Би де сенiң қылығыңнан хабардар екен. Ол да 

Ноғайдың сөзiн жөн көрiп отыр. Өзi мына өкiметтiң аяқ алысынан 

секемдi тәрiздi. Керегетас маңындағы Айтас үстiнде Кендiр мен 

Әрiпбайға  да  жолықтық.  Саған  көп  сәлем  айтты.

— Сен бiр нәрсенi айтпай кеттiң ғой. Жаңағы менi “қарақшы” 

деп жүрген кiмдер екен?

— Сенiң кiм екенiңдi әбден бiлiп алған орыстар ғой, бұл атты 

саған берген. Өзiңдей атағы бар жiгiтке берiлген ат дереу ел iшiне 

тарап кетедi де. Әзiрдiң өзiнде-ақ, сенi “Сүлеймен қарақшы” деп 

атап жүрген талай қазақты кездестiрдiк.

 Сүлеймен бұған iштей намыстанды. “Тау тесер ғадiлдiк айтсам 

да,  тас  кесер  жауыздық  жасасам  да,  бұл  жұртқа  жақпадым”, 

—  деушi  едi  Досалы  би.  Сол  айтпақшы,  маған  қарақшы  деген 

лауазымды бергендердiң, Құдай бiледi, көбiсi мен танымайды да. 

Соны айтқан адамды көзiммен көрсем ғой, буындырып өлтiрер 

едiм. Ал содан кейiн “қарақшы” деп атай берсiн. О, несi ей, мен 

өлтiрсем,  өзiме  қол  қатқан  дұшпанды,  намысымды  таптаған 

попты  өлтiрдiм.  Күйiгi  iштерiне  сыймаған  орыстар  айтты  деп, 

мен әмбе жұрт “қарақшы” атай бастағаны қалай…”

— Соншама неге қабағыңа қар жауып кеттi, Сүлеймен? Жұрт 

өзiңдi “қарақшы” десе, дей берсiн. Бұған қатуланып, налыма. Ел 

айтса, сенiң елден ерекшелiгiңдi, түр-тұлғаң мен батырлығыңды 

дәрiптеп, өз бағасын осындай шолақ атау арқылы бiлдiргенi де. 

Мұндай атаққа бiздiң өлкеде баяғыда өткен Тұрап пен Сеңгiрден 

басқа ешкiм жеткен емес. Бiле бiлсең “қарақшы” деген ат екiнiң 

бiрiне берiлмейдi, — дедi Қасқабай мұның тұнжырап қалғанын 

көрiп.

 “Батыр аңғал келедi” дегендей, Сүлеймен осы сөзден кейiн 



лезде  жадырап  сала  бердi.

— Иә, басқа қандай жаңалықтар бар екен? Айта отыр.




120

Сүлеймен қарақшы

 Топыш тағы әлденелердi айтып, ұзақ сөйледi. Оған Елеусiн 

қосылып, әңгiме түннiң бiр уағына дейiн өрбiдi. Жiгiттер тарқар 

алдында Сүлеймен бүй дедi:

— Әй, Топыш, Қасқабай. Менiң сендерге масыл болып жата 

бергенiм жараспас. Өз тамағымды өзiм табуға әрекет жасайын. 

Сондықтан  да  сендерге  бiр  нәрсе  айтайын.  Өздерiң  де  қысқы 

суықта  мұз  шайнап,  жазғы  аптапта  шөп  сауып,  қараңғылықты 

жолдас, қапасты дос қылып, түн жортқан жансыңдар ғой. Осы 

жолы  маған  iлессеңдер  де,  iлеспесеңдер  де  ықтияр  өздерiңде. 

Еркiлерiңнен тыс қинау жоқ. Мен сонау Шыршықтағы Елсапаға 

кетсем бе деймiн. Ақыры қазiрше елге қайтпаймын. Бұған қалай 

қарайсыңдар?

—  Сенi  жалғыз  жiберiп,  жын  ұрып  па  бiздi?  Бүйтсек,  саған 

деген  ақ  жүрегiмiз  қайда?  Елсапа  барымташыны  көрмесек  те, 

сырттай бiлемiз. Бiз сенiмен бiргемiз, Сүлеймен, — дедi Қасқабай.

—  Олай  болса,  ертең  кешке  аттанайық.  Тобымызға  басқа 

ешкiмдi  қоспай-ақ  қоялық.  Осы  төртеумiз  де  жетемiз.

 Бәрi осыған келiсiп тарасты. Топыш пен Елеусiн кеткен соң 

Сүлеймен  дейтiн  атына  “қарақшы”  деген  жаңа  лақапты  қосып 

алған  ол,  Қасқабайдың  әйелi  салып  берген  қалың  төсектiң 

жастығына  басы  тиiсiмен-ақ  қор  етiп,  ұйқыға  батты.

Ертесiне  қасына  жаңа  серiктер  ерткен  Сүлеймен  бесiн  ауа 

Жылыбұлақтан  Шыршыққа  қарай  аттанды.  Олар  Қақпақ  пен 

Қосмоланы айналып өтiп, Аюбас жонын баса, екi күнде Шыршық 

жағасындағы Қайыршақты жырасына жеттi. Ары қарай Өлеңтi 

ойпатындағы  Елсапа  ауылына  түстi.  Елсапа  ауылында  жоқ 

екен. Өкiмет ауысқалы берi көлденең көк аттыдан секемденетiн 

Елсапаның туыстары “бұлар қайдан келген адамдар?” дегендей, 

оның қайда екендiгiн ашып айта қоймады. Тек Елсапаның iнiсi 

Нұрсапа ғана Сүлейменнiң кiм екенiн бiлген соң:

—  Баяғыдай  бес  қаруларыңды  сайланып,  асу-асу  белдерден 

өтiп  келе  беретiн  әдеттерiңдi  әлi  тастамапсыңдар-ау,  ә.  Әлде 

сендердiң елдерiңде жаңа өкiмет әлi орнай қоймаған ба? Бiзде ол 

әбден күшiне мiнiп, Ташкеннен берi қарай дүркiн-дүркiн әскерiн 

аттандырып, жұрттың зәресiн алып бiттi. Сол құрғыр әскер “кiм 

бай, кiм ұры” десе болды, бәрiн қамап, соттап, құртып тынды. 



121



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет