Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет59/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   265
Сүлеймен қарақшы

пәлеге ұшырасам да, әйтеуiр күнiм ат үстiнде өтсiн дегенi ме. Бұл 

жағын да ажырата алмады. Өмiрiнде бiрiншi рет жалғыз өзi сонау 

ықылым заманнан берi тек ұрылар мен қарақшылардың мекенi, 

қазiр  де  ылғи  қандары  қарайған  баскесерлер  жайлаған  Құрама 

мен Шатқал тауларын бетке алып ұзақ жүрдi. Алғашқы күн түн 

ауғанша жүрiп, бiр тастың түбiне қонып шықты. Ертесiне жан-

жағын  қына-түксiз  жалаңаш  жартас  қоршаған  сайлы  жолмен 

өрлей отырып, күн бесiнге таянғанда тегiс ойпаңға тұяқ iлiктiрдi. 

Мұнда келгенде “тау ендiгi бiткен шығар” деп ойлап едi. Қайдан. 

Қарсы  алдында  өркеш-өркеш  шыңдары  бiрiмен-бiрi  жалғасып, 

созылған тау жатты. Кешегi Нұрсапаның «әр шатқалдың түбiнен 

қару асынған басмашылар шыға келуi мүмкiн» деген сөзi қайда? 

Қанша уақыт жүрсе де, ұшқан құстан басқа тiрi пенде кездеспедi.

  Сүлеймен  ендi  қайда  қарап  жүрерiн  бiлмей,  жан-жағына 

алақтап тұрғанда, тегiс ойпаңның шет жағындағы үшкiр тастың 

тасасынан  бiр  адамның  басы  көрiнiп,  артынша  жоқ  болды.

— Ей, бұл кiм? Берi шықсайшы, — деп айқайлады Сүлеймен 

үшкiр тастан көз алмай.

Көрiнген,  не  жауап  қатқан  ешкiм  болмады.  Есесiне,  қарагер 

ат  жер  тарпып,  күркiрей  кiсiнеп,  тулап  қоя  бердi.  Қарагердiң 

бекерден-бекерге  бұлайша  мазасызданбайтынын  бiлетiн 

Сүлеймен,  өздерiне  бiр  қауiптiң  төнгенiн  сездi.  Сездi  де 

тақымындағы  сойылды  сығымдай  ұстап,  үшкiр  тасқа  қарай 

жүрдi.  Бес-алты  қадамнан  соң  қарагер  кiлт  тоқтап,  Сүлеймен 

қанша  қамшыласа  да  алға  жүрмедi.  Атының  бұл  қылығынан 

кейiн ол “жаңағы көзiме көрiнген адам емес, сiрә, бiр аң болды-

ау” деп ойлап үлгергенше, тас тасасынан қолдарында кезенген 

мылтықтары  бар  төрт  кiсi  шыға  келдi.  Оларды  көрген  қарагер 

ышқына тебiнiп, артқа айналды. Арт жақтан да сондай төрт кiсi 

қоршап  келедi  екен.

— Ей, ей, кiмсiңдер сендер?

—  Аттан  түс!  —  деп  ақырды  олардың  бiрi.  —  Әйтпесе  қақ 

маңдайыңнан  бiр  атып,  домалатып  түсiремiн.

— Өй, мен Қоратай мен Елсапаны iздеп келе жатқан адаммын.

— Сенiң кiм екенiңдi кейiн бiлермiз. Аюға ұқсап қонжимай, 

түс атыңнан деймiн.



124

Сүлеймен қарақшы

  Жайшылықта  өз  аулында  болса,  ананың  бұлай  сөйлегенi 

үшiн ат сауырына алып, өлiмшi етiп тастайтын едi. Ат шабар кең 

жазығы жоқ, оның үстiне кiлең мылтық кезенген адамдардан аз 

да  болса  сескенген  Сүлеймен,  айтқандарын  iстеп,  аттан  түстi. 

Жерге аяғы тигенде әлгi кiсiлердiң бiрi жүгiрiп келдi де қарагердiң 

шылауына жармасып, оны әрiрек сүйреп әкеттi. Сүлеймен өңкей 

сақал-мұрты өскен, түрлерi қорқынышты мылтықты адамдардың 

қоршауында  қалды.  Олар  өздерiнен  әлдеқайда  биiк,  зор  денелi 

мұны бiрден байлап тастауға жүрексiнгендей, бiраз тұрды.

— Қайдан келе жатырсың? 

— Жаңа айттым ғой. Қоратай құрбашы мен Елсапа деген кiсiнi 

iздеп жүрмiн.

— Қоратай бiзбен басы бiрiкпейтiн адам. Оның досы — бiзге 

жау. Қолыңдағы сойылды таста, — дедi жалпақ бет, шүңiрек көз, 

пұшық бiреуi. Сосын жанындағыларға ақырды: — Сендер неғып 

тұрсыңдар?  Қол-аяғын  байлаңдар  мұның.  Үңгiрге  апарған  соң 

кiм екенiн анықтармыз.

 Оның қатарында тұрған жiңiшке бiреуi мылтығын ар-қасына 

асына салды да, белiндегi ораулы арқанды шешiп, Сүлейменге 

беттедi. Оның соңынан қалғандары iлестi. Осы күнге дейiн қол-

аяқтарын  бiреуге  байлатпақ  түгiлi  басынан  сөз  асырмайтын 

Сүлеймен,  мыналардың  әрекеттерiн  көрiп,  сойылын  оңтайлай 

көлденең  ұстап,  тiстене  сөйледi:

—  Жақындап  көрiңдер.  Шеттерiңнен  қырып  саламын,  түге. 

Атпақ  түгiлi  денемдi  паршалап  шауып  тастасаңдар  да,  өзiмдi 

байлатпаспын  сендерге.

— Арқасына қамшы тимеген асау айғырдай құтырынған екен 

бұл қазақ. Жабылыңдар да жерге жығып, байлап тастаңдар. Жүдә 

болмаса, иттей қылып атып тастап кетемiз, — дедi пұшық тағы.

Алайда ол қанша ақырса да, жiгiттерi Сүлейменге бата алмай, 

оны айналшықтап жүрдi де алды. Бiр кезде қолындағы арқанның 

бiр ұшын салбырата айналдырып жүрген жiңiшке жiгiт айқайлап 

тұрып, жiбiн Сүлейменге қарай лақтырды. Нақ осы сәтте пұшық 

мылтығын аспанға қарай бiр атты. Мылтық даусы шыққан жаққа 

жалт  қараған  Сүлеймен,  мойнына  анау  лақтырған  арқанның 

қалайша орала кеткенiн сезбей де қалды.



125



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет