Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет67/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   265
Сүлеймен қарақшы

дегендей, қолын сермедi. Көздерi қараңғылыққа әбден үйренген 

қалғандары  оның  белгiсiн  байқап,  оған  жақындады.

—  Мына  күркенiң  iшiнде  бес-алты  қап  жатыр.  Сiрә,  ұн-ау 

деймiн.  Осыны  алып  кете  беремiз  бе?

—  Атаңның  көрiн…  Құры  ұн  бiзге  не  болады?  Бұл  жерде 

басқа тағы бес шайла тұр. Қаруы бар бесеумiз бесеуiне барып, 

бiр  мезгiлде  шайланы  жығып  жiберейiк.  Егер  iштен  бiреулер 

атып  шықса,  ұрып  құлата  берейiк.

— Өй, Сүлеймен күрке-шайланы бiр соғып, қалай жығамыз? 

— дедi Салықбай тiлiн тiстей.

—  Өңкей  қураған  шыбықпен  тұрғызылған  бұл  күрке-

шайлалардың  қазақтың  киiз  үйi  секiлдi  берiк  уығы,  бiр-бiрiне 

байланған  керегесi  бар  деймiсiң.  Итерiп  қалсаң,  құлайды  да. 

Сүлеймен  дұрыс  айтады.  Бұларды  алудың  оңай  тәсiлi  —  осы.

  Бiр  күннен  берi  Төрекелдiнiң  айтқанына  тақ  тұратын  бұл 

топтың iшiнен осы жолы да оған қарсы дау айтар ешкiм болмады. 

Бәрi  аяқтарын  еппен  басып,  жапатармағай  тарасты  да,  бiр-бiр 

күркенiң  қасына  барып  тұрды.  Сүлеймен  ең  шеткi  күркенiң 

жанына  жете  бергенде:  “Ал,  бастаңдар!”  деген  Төрекелдiнiң 

ащы  айқайы  тоғай  iшiн  жаңғырықтырып  жiбердi.  Айқайдың 

артынша, кебу ағаштардың сықырлай құлаған дыбысы шықты. 

Лезде екiншi шайла құлады. Бiр сәт кешiксе, өзiнiң жанындағы 

күрке  iшiнен  бiр  қауiптiң  бас  көтерiп  шыға  келетiнiн  сезген 

Сүлеймен, оны бар күшпен қос қолдап итердi. Шайла бiр жаққа 

қарай  опырылып  түстi  де,  шатыр-сұтыр  сынған  шыбықтардың 

астынан адамдардың шошынып, өкiрген дауыстары шықты. Бiр 

бұл  жерде  емес,  ондай  дауыстар  құлаған  барлық  күркелердiң 

астынан шығып жатыр. Дауыстармен бiрге дүрс-дүрс соғылған 

соққылардың  да  үндерi  шықты.  Сүлеймен  аналардың  не  iстеп 

жатқандарында  шаруасы  болмай,  өзi  құлатқан  күркеден  көз 

алмай тұр. Әлден соң шыбық астындағы дауыстар тына қалып, 

сынған  бұтақтар  қозғалақтап,  астындағылар  сыртқа  шығуға 

талпына  бастады.  Шыбықтардың  қай  жерi  қозғалса,  Сүлеймен 

дәл  сол  тұсты  қолындағы  үзеңгiмен  аямай  соқты.  Алғашқы 

қозғалған  жерi  бiрден  тына  қалды.  Екiншi  жерден  бұтақтарды 

сындыра-сындыра  шыққан  бiреудiң  басы  көрiндi.  Сүлеймен 



140

Сүлеймен қарақшы

оны да үзеңгiмен бiр ұрып, қимылсыз қалдырды. Оның қасынан 

шыққан  бiреу:  “Үйбәй,  өлтiрмә,  өлтiрмә”,  —  деп  айқайлап, 

үстiне  жабысқан  шыбықтарды  ары-берi  лақтырып,  тыпырлап 

тұрып келе жатыр едi, оны да бiр пердi. Ол шыбық үстiне жалп 

етiп құлап, қайта тұруға шамасы келмедi. “Ендi тағы бiреуi бар 

ма  екен?”  деп  үзеңгiсiн  оңтайлай,  шыбық  үстiне  көз  тастап, 

бiраз  тұрды.  Алайда  анау  үшеуiнен  басқа  дыбыс  шығарған  да, 

қозғалған да ешкiм болмады. “Мұнда осы үшеуiнен басқа адам 

болмады  ғой”  деп,  айқай-шуға  толып,  ойраны  шығып  жатқан 

ана жақтағы күркелерге бұрыла бергенде, қара түндi дiрiлдетiп 

жiберген  мылтық  даусы  естiлдi.

— Ойбай, мына бiреуi Көкендi атып кеттi. Салықбай, қайдасың? 

Ат, ат тезiрек! — деген Төрекелдiнiң жандаусы шықты.

 Сүлеймен не болғанын аңғармай жатып-ақ, екiншi рет мылтық 

даусы тағы да шаңқ еттi. Осыдан кейiн кiмдi кiм атып жатқаны 

белгiсiз, мылтық даусы жиiлеп, атыс басталды да кеттi.

— Бiреу-мiреуiңе оқ тиiп жүрмесiн. Аман қалғандарың болса 

жатыңдар, — деп айқайлады Салықбай. — Төрекелдi, Сүлеймен, 

Түрке, тоғайдың келген жағымыздағы шетiне қарай жылжыңдар. 

Мыналар көп қой.

  Сүлеймен  еңкейе  салып,  дауыс  шыққан  жаққа  жүгiрдi. 

Айналасынан зу-зу етiп өтiп жатқан оқтардың дыбысы шығады. 

Жүгiрiп  келе  жатып,  құлаған  бiр  күркенiң  ағаштарына  сүрiнiп 

кетiп,  етпетiнен  түстi.

 Тура бұл құлаған жерде бiреу жатыр екен. “Ә, әнәнниң… мә 

синге”  деп,  ол  қараңғыда  не  екенiн  ажыратуға  болмайтын  бiр 

затпен  дәл  бетiне  бiр  ұрды.  Құдай  сақтағанда,  ол  ұрған  кезде 

басын  тартып  үлгердi.

 Әлгiнiң ұрған заты пышақ екен. Пышақ тура бетке қадалмай, 

сол көзiнiң астыңғы шетiн осып өттi. Ол екiншi рет ұра бергенде, 

шап  берiп  бiлегiнен  ұстап  алды  да  мытып  қалды.  Қолынан 

әлi  кеткен  оның  пышағы  жерге  түстi.  Пышақ  тиген  жерiнен 

сорғалаған қанға қарамай, Сүлеймен оның қолын жiбермеген күйi 

орнынан сәл көтерiлдi де, екiншi қолымен алқымына жармасты. 

Сол бойда бар күшiмен алқымнан сығып-сығып, мойнын бұрап-

бұрап  жiбергенде,  ол  сорлының  мойын  омыртқасы  күтiр-күтiр 

етiп  сынғаннан  басқа  дыбысы  шықпай,  сiлейдi.  Оны  осылай 

жайғап  тастаған  Сүлеймен  пышақ  осқан  сол  көзiнен  аққан 

қанды  алақанымен  жауып,  Салықбайдың  даусы  шыққан  жаққа 




141



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет