Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет70/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   265
Сүлеймен қарақшы

шынында да, алпамсадай денелi Сүлейменге қиын тидi. Денесi 

мығым болғанымен, бойы ортадан төмен Аязбек онша қиналмай, 

жолындағы тұтасқан бұталарды бөгет көрмей, алда жүрiп келедi. 

Мұндай жолмен бiрiншi рет жүрмегенiн бiлдiрейiн дедi ме, кiм 

бiлсiн,  сөйлеп  келедi:

—  Аяққа  iлiнетiн  шөңгесi  мен  тiзе  жыртар  тiкенi,  кеудеге 

тiрелер  қарсы  бұтағы  бар  мұндай  нудың  iшiмен  жүруiм  бiр 

бұл  дейсiң  бе?  Сырдың  жағасындағы  бұдан  да  қалың  жыңғыл 

арасымен  жаяу  жүрмек  түгiлi,  мал  да  айдап  өткенбiз. 

 Бұдан соң олар тоғайдың қалың жерiнен өтiп, селдiр, сиректеу 

келген  шетiне  шыға  бергенде,  тұтаса  өскен  пәкене  долананың 

тасасынан ала шапан киген бiреу ақырып шыға келiп, мылтығын 

бұларға қарата бiр атты. Аязбек етпеттей жата қалды. Ал анау 

мылтығының бүйiр құлағын сарт-сұрт тартып алып, ұңғысымен 

Сүлеймендi  дәлдей,  шүрiппенi  тағы  басты.  Құдай  сақтағанда, 

шүрiппенiң  шiңк  еткен  даусынан  басқа  дыбыс  шықпады.  Оғы 

таусылғанын сезген ол, Сүлейменге тесiле қарады да өз-өзiнен 

селкiлдей  жөнелдi.  Сiрә,  алдынан  ойда-жоқта  шыға  келген 

мұның  аюдай  қонжиған  денесiнен,  онсыз  да  бiреудiң  тiктеп 

қарауға  дәтiн  шыдатпас  зәрлi  жүзiнен,  сол  көзiнiң  астындағы 

үрейлi де жиiркенiштi қап-қара жұдырықтай жарасынан шошып 

кеткен  болуы  керек,  әйтеуiр  оғы  болмаса  да,  сойыл  етiп  ұруға 

жарайтын  мылтығына  да  ие  бола  алмай,  дiрiлдеп  тұрып,  оны 

қолынан  түсiрiп  алды.  Осы  арада  оны  алып  ұрудан  басқаны 

ойламаған Сүлеймен, көкжалмен бетпе-бет келiп, қорқыныштан 

аяғын  басуға  да  шамасы  келмеген  текедей  боп  тұрған  әлгiге 

жетiп барды да, екi қолтығынан ұстай алып, бала құрлы көрмей, 

жоғары  көтерiп  тұрып,  жерге  бiр-ақ  ұрды. 

—  Тоқта,  ойбай,  өлтiрiп  қойма,  —  деп  шар  еттi  осы  кезде 

Аязбек жерден тұра берiп. — Өлтiрме, өлтiрме! Қасында серiктерi 

бар ма екен, соны бiлейiк. 

— Өй, сен тiрi екенсiң ғой. Мынау атқанда жалп ете қалғаныңды 

көрiп, сеспей қатты ғой деп ойлаған едiм. Құдайдың мұнысына 

да шүкiр.

— Менiң оққағарым бар. Бұрын да бiреу мынаған ұқсап, екi-

үш қадамнан оқ атып, маған тигiзе алмаған. 



146

Сүлеймен қарақшы

 Жерге оңбай сылқ етiп түскен басмашы шынымен талықсып 

қалды ма, жоқ әдейi iстедi ме, Аязбектiң “өлтiрме” деген сөзiнен 

кейiн ыңырсып, басын көтердi. Аязбек шап етiп, оның сақалынан 

ұстады:

—  Ей,  сұмырай,  шыныңды  айтпасаң,  осы  жерде  бауыздап 

кетемiн.  Алдымен  кiмсiңдер  һәм  бұл  жерде  неғып  жүрген 

адамсыңдар? Бұдан соң түнде қаншауың тiрi қалдыңдар? Олар 

қайда  кеттi?  Осыны  айтсаң,  тiрi  жiберемiн.

 Оның “тiрi жiберемiн” деген сөзiнен кейiн анау ақтарыла кеттi. 

Оның  айтуынша,  бұлар  Тәшкен  түбiндегi  Қорасан  қышлақтан 

қызылдардан  қашып,  осында  тығылып  жүрген  адамдар  екен. 

Басшылары  —  Сайфул.  Кезiнде  ол  Қорасан  қышлақтың  бегi 

болыпты.  Қызылдар  келiп,  қышлақты  тәркiлей  бастағанда 

олардың  топ  сарбаздарын  қырып  тастап,  бiр  түнде  осы  тауға 

келiптi.  Өзiнiң  бұрын  Сайфулдың  атқосшысы  болғанын, 

қышлақтан  кеткенде,  тек  қорыққанынан  ғана  оған  ергендiгiн 

айтты.  Ал  түнде  атыс  басталғанда  ешкiмге  қарамай,  бiр  өзi 

қаша жөнелгенiн, басқа серiктерiнiң қаншасы тiрi қалып, қайда 

кеткендерiн  бiлмейтiндiгiн  айтып,  ант-су  iштi. 

— Мұнда келiп орныққандарыңа қанша күн болды?

—  Көкек  кезiнде  келгенбiз.  Қазiр  саратан  айы  болса, 

келгенiмiзге  төрт  өлiара  өтiптi. 

— Сол төрт өлiарадан берi ауқатты қайдан алып жүрсiңдер?

— Алғашқыда өзiмiзбен айдап келген бiраз малымызды азық 

еттiк.  Одан  соң  жақын  маңдағы  ауылдарға  түнде-түнде  барып, 

ұрлық iстеп қайтамыз. Бұдан басқа мына таудың арғы жағында 

Боштай  паруанашының,  Шураб  бастауының  үстiндегi  үңгiрде 

Әрипхон хоқимнiң жасақтары бар. Азықтан жүдаям қысылатын 

болсақ,  бiр-бiрiмiзге  қарасып  тұрамыз.

— Боштай, Әрiпхан дегендерiңнiң бәрi сарт па?

— Басмашылардың iшiнде бәрi аралас. Қазақ, сарт, тәжiк деп 

бөлiнбейдi. Бiрақ та көпшiлiгi өзбектер мен тәжiктер.

—  Әрқайсысың  әр  топқа  бөлiнгенше,  неге  бәрiң  бiрiгiп 

алмайсыңдар?

—  Бiрiгуге  болмайды.  “Осылай  әр  жерде  топ-топ  болып 

қызылдармен  соғысқан  пайдалы”  дейдi  құрбашылар.  Хәр 



147



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет