Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет71/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   265
Сүлеймен қарақшы

үңгiр мен хәр шатқалда тығылған бiрталай жасақ-жасақ топтар 

бар.  Менiң  бiлуiмше,  Тарам,  Шымған  осы  Құрама  мен  Қоқан 

тауларындағы басмашыларға төрт құрбашы басшылық жасайды. 

Ал, хәр бiр жасаққа бiр-бiр паруанашы, болмаса бiр-бiр хоким 

басшы.


— Әй, сен, Қоратай деген құрбашыны естуiң бар ма?

—  Қайсы,  қыпшақ  Қоратай  ма?  Баяғы  қоқан  беглербегi 

Мұсылманқұлдың немересi ғой, айтып тұрғаның. Сайфул бектiң 

айтуынша,  ол  анада  Бегебад  жотасында  орыстың  төңкерiсшiл 

қызыл сарбаздарымен атыс үстiнде өлiптi. Оның қаңлы Елсапа 

деген  “оң  қолы”  бар  екен.  Сол  бiрталай  жiгiттермен  қоршауда 

қалып,  қолға  түсiптi.  Сен  оларды  танитын  ба  едiң?

— Алда, Құдай-ай, — дедi Сүлеймен санын шапалақпен бiр 

ұрып. 

— Өй, сен бұл жайын нақты естiп пе едiң? Атың кiм өзiңнiң? 



— дедi осы кезде Аязбек. 

— Тохимжон. Өзбектiң Лоқай руынанмын.

— Өзбектiң өз руын айтқанын бiрiншi рет көрiп тұрмын. Сен 

лоқайсың  ба,  ноғайсың  ба,  жұмысым  жоқ.  Осы  сендер  қару-

жарақты қайдан аласыңдар? Оқ-дәрiлерiң де мол, — деп Аязбек 

оның белiндегi оққа тола оқшантайды шешiп алды. 

— Боштай мен Әрипхон құрбашылар мына таудың ар жағында 

Каннибодам  тәжiктерiмен,  махрибтағы  Ош  қырғыздарымен 

жақсы  қарым-қатынаста  екен.  Сол  жақтан  бiзге  арнап,  арнайы 

қару таситын жасақ бар. Олар қаруларды құрбашыларға әкеледi. 

Ал олар бiзге таратады. Бiздiң бәрiмiзде мынау секiлдi он оқтық 

ағылшын  беншестерi  бар.  Ал  Сайфул  бекте  атса  адамдарды 

шөптей  жусатып  салатын  пүлiмет  бар  едi.  Түнде  неге  екенi 

белгiсiз,  соны  қолданбады  ғой. 

— Ал ендi, тұр. Алдымызға түсiп, өздерiң тұрған күркелерiңе 

баста. Қашатын болсаң, тура желкеңнең атамын. Сүлеймен, мына 

мылтықты  оқшантайымен  сен  ал.  Мұны  қалай  атуды,  оқтауды 

кейiн үйретемiн. 

Тоқымжанды  желкелеген  екеуi  әлден  соң  күркелерi  қираған 

алаңқайға  жеттi.  Арғы  маңдағы  бiр  топ  бадамшаның  түбiнде 

Салықбайлар  отыр  екен.  Бұларды  көрiп  орындарынан  атып 



148

Сүлеймен қарақшы

тұрды.  Аязбек  Тоқымжаннан  басқа  тоғай  iшiнде  ешкiмнiң 

жоқтығын  айтты.  Салықбайлардың  де  көзiне  ешкiм  түспептi.

—  Күркелер  жанында  он  екi  адам  өлiп  жатыр.  Оның  үшеуi 

өзiмiздiң жiгiттер. Жаңа сендер келгенше, оларды шетке шығарып 

қойдық. Амал нешiк, ендi соларды осы жерге жерлеймiз, — дедi 

Төрекелдi.

  Қазақтар  күрке  маңдарынан  табылған  кетпен-күректермен 

үш қабiр қазып, Түркенi, Дөңбайды, Көкендi жерледi. Төрекелдi 

құран оқыды. Оны бiткесiн, басмашылардан қалған бiраз азық-

түлiктi, қазан-шәугiмдi, қыш кеселердi қаптарға салып, оларды 

бiр-бiрден  иықтарына  алып,  Сиязбек  отырған  жерге  келдi. 

Осында  отырып,  қаптағы  құрғақ  нандармен  жүрек  жалғады.

— Тоқымжан, — дедi бiр кезде Төрекелдi. — Жасақтарыңда 

қанша адам бар едi?

— Жиырма екi адам едiк. Оның тоғызы өлсе, менiмен қосқанда, 

он үшi қашып кеткен екен.

— Олар қашқанда қайда барады деп ойлайсың?

— Боштайға, не Әрипхонға барады да. 

— Олай болса, — деп атып тұрды Төрекелдi. — Бұлар өздерiн 

“басмашы”  деп  атайды  екен,  ал  бiз  өзiмiздi  қызылдармен  де, 

басмасшылармен де соғыса беретiн, тек өзiмiз үшiн ғана күресетiн 

“қарақшылар тобы” деп атаймыз. Ақыры бәрiмiздi ауылымызда 

қарақшы  деп  атайтын  едi  ғой.  Басшымыз  етiп,  бәрiмiзден  жас 

болса  да,  Сүлеймендi  сайлайық.  Бұған  ешқайсың  қарсы  емес 

шығарсыңдар. Сен, Тоқымжан, осы тауды жақсы бiлесiң-ә. Бiзге 

жақсы пана болатын үңгiр ме, шатқал ма, әйтеуiр бiр қуысты тап. 

 Төрекелдiнiң сөзiне ешкiм қарсы уәж айтпады. 




149

Сүлеймен қарақшы

V

 Өздерiне жаңа басшы сайлап, топ құрып алған қарақшылар, 

тоғайдан  шыққан  соң  асу  үстiндегi  тас  қуысына  жетiп, 

иықтарындағы  қаптардың  бәрiн  қарагер  атқа  артты.  Тоғай 

iшiнде  отырғанда  Тоқымжан:  “Осы  асудың  бас  жағына  таман 

“Суықбастау”  деп  аталатын  бұлақ  бар.  Бастаудың  шығыс  жақ 

бетiндегi үлкен шатқалға кiретiн жалғыз аяқ жолды тауып алсақ, 

бiзге сол жерден артық пана болмас едi”, — деген-дi. Сонда тезiрек 

жеткiсi  келген  бұлар  көп  аялдамай  жүрiп  кеттi.  Тоқымжаның 

“мынау тұрған” деген “Суықбастауына” дейiн жарты күн жүрдi. 

Бұлақтың суы басқа бастауларға қарағанда тым мұздай екен. Әлгi 

атауды бұған осы қасиетiне байланысты берсе керек. Ал бастау 

үстiнде  тiп-тiк  құлама  құз  тұр.  Бұлақ  басында  бiраз  уақыт  аяқ 

суытып алған қарақшылар құзды айналып, шатқал iшiне кiретiн 

жалғыз аяқ жолды iздеп, әбден сарсаңға түстi. 

— Сен, енендi ұрайын, жауыз, бiздi алдап, өз басмашыларыңның 

тосқауылына  тап  қылайын  деп  ойлап  жүрген  шығарсын.  Қане, 

айтқан  жолың?  —  деп  Салықбай  Тоқымжаның  жағасынан  ала 

жерге алып ұрып, тоқпақтай бердi. 

Анау  сорлы  бет-аузын  қолымен  жауып,  өзiнiң  алдамағанын, 

өзi көрмесе де осы шатқалға кiрер жалғыз аяқ жолдың бар екенiн 

айтып, жалынып жатыр.

— Тоқтат, Салықбай! — деп ақырды бiр кезде Сүлеймен. — 

Ол жазғанның алдауға шамасы қайда? Қорыққанынан бiзге иттен 

бетер қызмет етiп, жаны шығар-шықпас халмен өз iсiне мүттәхәм 

болып жүргенiн байқамаймысың? Сен бiлмесең, тау арасын көп 

адақтаған мен бiлемiн, мұндай көк құзды шатқалдарға кiретiн бiр 

жолдың барын. Жiбер деймiн оны.

— Кiм бiледi, бiздi әдейi мазаққа айналдырып жүр ме дегенiм 

ғой.


 Қарақшылар бұдан кейiн де жолды көп iздедi. Кiшi-гiрiм тау 

шоқысы  секiлдi  дөңгеленген  шыңды  жартасты  бiрнеше  мәрте 

айналып өтсе де, бiтеу тас секiлдi құздың iшiне кiретiн жолды 

таппай-ақ қойды. Тiптi әрбiрден кейiн осы жартастың iшкi жағы 

ашық  алаңқайлы  һәм  соған  кiретiн  жол  бар  екенiне  бұлардың 

иланымы  да  азайды.




150

Сүлеймен қарақшы

— Қой, жiгiттер, бұл жартасты қашанғы айнала беремiз. Одан 

да  баспана  болар  басқа  үңгiр  iздейiк  те,  —  дедi  Аязбек  бұлақ 

басына  қайта  келгенде.

—  Басқа  шың-құздарға  жалғанбай,  Құдайдың  өзi  қолымен 

қалап  шыққандай  тастақты  жартас  екен.  Былай  қарасаң,  алып 

киiз  үй  секiлдi.

— Еһе, Төке, дұрыс айттың-ау. “Жақсы ырым айттың” дегенiм 

ғой. Бұл шоқыны киiз үйге ұқсатсаң, онда сол киiз үйге кiрер есiк 

болуы керек, — дедi Сүлеймен.

— Уә-ә, жигитләр, бағаналы берi неге байқамағанбыз. Мынаны 

қараңдаршы, Құдай бiледi, бiздiң iздеген жолымыз осы, әстi, — 

деп  Тоқымжан  биiк  жалбыз  бен  қурайлар  көмкерген  жiңiшке 

жолды нұсқап.

Бәрi  сол  нұсқаған  жерге  қараса,  шынында,  бұлақ  басынан 

жалбыз бен қурай iшiне қарай бiр жол жатыр. Тоқымжан қалың 

нуды жапыра алға түстi. Оның соңынан ерген қарақшылар елу 

қадамдай жүргенде, тұтас көрiнген жартастың етегiнде үңiрейген 

үлкен тесiкке тақалды. Атты адам сияр тесiктен өткенде, Құданың 

құдiретi, арғы жағынан ат шаптырымдай кең алқап шыға келдi.

— Мынау нағыз ұрылар мен қарақшылар тығылатын жер екен. 

—  Аязбек,  мұнда  бiз  алтаумыз  түгiлi,  бiр  түмен  қол  сиып 

кететiнге  ұқсайды,  —  дедi  Сүлеймен  де  оны  қостап.

 Қарақшылар жартастың түкпiр-түкпiрiне дейiн аралап көрдi. 

Әр жерде құр мен шiлдiң ұялары көп екен. Кекiлiк те мол. Кiре 

берiсте  ожаулап  болмаса  да  қасықтап  алуға  жарайтын  сулы 

кiшкене бұлақ бар. Алаңқай етегiндегi қалың қамыс пен жалбыз 

осы бұлақтың суынан нәр алып тұрса керек. Сүлеймен соларды 

көрiп қуанып кеттi.

— Бәрекелдi, Тоқымжан, бiзге жақсы пана тауып бердiң. Мына 

қамыс пен жалбыздарды кесiп, құрғақтау жерге лашық тұрғызып 

аламыз. Су бар, құр мен шiлдi, тауешкi мен кекiлiктi атып, азық 

етемiз.

Сол  түнi  ашық  аспан  астында  түнеп  шыққан  қарақшылар 

ертеңiне өздерiне баспана тұрғызуға кiрiстi. Қамыс пен жалбызды 

кесiп, екi-үш күн кептiрiп, бiрнеше лашық тұрғызды. Салықбай 

Сүлейменге мылтық атуды үйреттi. Бiраз күннен соң Сүлеймен 

мылтық  атуға  машықтанғаны  сондай,  құз  басында  ойнақшып 




151

Сүлеймен қарақшы

жүрген  таутекенi  дәл  атып  түсiре  беретiн  дәрежеге  жеттi. 

“Ылғи аң етiн жей беруге болмайды” деп бұлар кепкен долана 

мен бүлдiрген, жабайы алманы да қорек еттi. Өздерiнiң тұрған 

жерлерiнiң алыс-жақын маңайына барлау жасап, төңiректiң ой-

шұқырын  әбден  бiлiп  алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет