Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет75/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Иә,  —  дедi  Төрекелдi.  —  Бұларды  түнде  шапсақ  та,  алу 

қиын  екен.  Таудың  жәйпең  ортасында  жүрмiз  бе  десем,  бiз  ең 

биiк  жерiне  шығып  кеткен  екенбiз-ау.

— Амал жоқ, бәрiбiр келген мақсатымызды орындамай керi 

қайтпаймыз. Қазiрше осында демала тұрайық. Түн әбден түскен 

соң жақындап көремiз.

— Менде бiр ой болып тұр. Түнде қарауылдарын өлтiрiп, әр 

үңгiрдiң аузына әрқайсымыз тұрып алып, iштегiлердi атып қыра 

бермеймiз бе?

—  Сенiң  ойың  тек  қыра  беру  екен  де,  Аязбек.  Не  боларын 

көрермiз  кейiн.  Күнi  бойы  жүрiстен  аяқтарым  ауырлап 

қалыпты.  Демалайықшы  сәл.  Бiр-екеуiң  күндегi  әдет  бойынша 

Тоқымжанның  аяқ-қолдарын  байлап  тастаңдар.  Қашып  кетiп 

жүрмесiн.

Бiр  кезде  Сүлеймендi  Төрекелдi  жұлқылап  оятты.  Бұған 

бiр  нәрсе  қиын  болса  —  ол  түнде  беймезгiл  тұру.  Тау  iшiнде 

тас  жастанып,  жер  бауырлап  жата  кететiн  жайсыз  өмiр  кешiп 

жүрсе де, жамбасы тиген жерге тұяқ серiппей ұйықтай бередi. 

Қарақшыға тән сыбырға оянып кететiн құс ұйқыға үйрене алмай-

ақ  қойды.  Жаңа  Төрекелдi  оятқанда  да,  көздерiн  аша  алмай, 

тұрмай  бiраз  жатты.

—  Талыстай  боп  жатпай,  тұрсайшы  ендi.  Төбеде  Шолпан 

туып келедi. Анау басмашылар да саған ұқсап, өлiктей ұйықтап 

жатқан  шығар.  Орталарына  барып,  ойран  салайық.

Алдарында не күтiп тұрғанын бiлмесе де, Боштайдың тобын 

тас-талқанын шығаруға бекiнген қарақшылар дiттеген жерлерiне 

әп-сәтте-ақ жеттi. Тоқымжан айқайлап белгi берiп қоймасын деп, 

Салықбай  оның  бүйрегiне  мылтық  ұңғысын  қадап  тұр.  Қосын 

маңында қарауыл да көрiнбейдi. Жым-жырт.

—  Қарауылдары  қай  тұста  тұрушы  едi?  —  деп  сыбырлады 

Төрекелдi  Тоқымжанға.

— Бiлуiмше, екi-үш жерде тұруы тиiс.

— Әй, сарт, жай сөйле. Сен бiздi әлден-ақ сатайын деп тұрсың 

ғой.

— Салықбай, Тоқымжанды алдыңа салған күйi бiрауықтан соң 



қосынға қарай жақында. Бiз екеу-екеуден жан-жақты сүзiп өтейiк. 


156

Сүлеймен қарақшы

Қарауылдарды атпай, қолмен-ақ ұрып, талдырып тастаңдар, — 

дедi Сүлеймен. 

Бұдан  кейiн  бiраз  кеңесiп,  Аязбек  пен  Сиязбек  қосынның 

шығыс  жағынан,  ал  Төрекелдi  мен  Сүлеймен  түстiк  жағынан 

шабуылдауға  келiсiп,  тарасты.

Айсыз түн құшағындағы құз етегiнен бұлардың аяқ дыбысынан 

басқа бiр бөгде тырсыл естiлмей, айнала манаурап тұр. Ендi-ендi 

бозамық тарта бастаған таң шапағы тау iшiне баяу ғана енiп келе 

жатқан мезгiл едi бұл. Төрекелдi мен Сүлеймен шеткi үңгiр үйге 

жақындағанда,  одан  қараңғыда  сұлбасы  көлбеңдеп,  бiр  адам 

атып  шықты.  Сүлеймендер  тiзерлеп  отыра  қалды.  Әлгi  адам 

жан-жағына  алақтай  қарады  да,  тура  осы  екеуi  отырған  жаққа 

жылжыды.  Үш-төрт  қадам  жүрiп,  тың  тыңдағандай  мелшиiп 

аз-кем  тұрды.  Содан  соң  ешкiмнiң  жоғына  көзi  жеткендей, 

қайта бұрылып, қосынға беттедi. Осы мезет Төрекелдi орнынан 

атып тұрып, шапшаң қимылмен оның басына мылтық дүмiмен 

бiр  ұрды.  Басмашы  етпеттей  құлады.  Оның  гүрс  етiп  құлаған 

дыбысын есiтiп қойса керек, бұл шыққан қосыннан тағы бiреу 

жүгiре  шықты  да:  “Уа,  Юлдаш,  қәйдасәң?”  —  деп  айқайлады. 

Ешкiм жауап қатпаған соң: “Уа, кәйткә иоқәлдiң?” деп тағы да 

дауыстап, ол да бұлар жаққа адымдады. Тым жақын келсе, өзiнiң 

кiм екенiн бiлiп қоятынын ойлаған Төрекелдi: “Нимә булду?” — 

деп өзбекше сөйлеп оған жақындады. Ол сорлы мұны өз серiгi деп 

ойлады бiлем, тағы бiр нәрселердi айтып келе бергенде, Төрекелдi 

қанжарын оның iшiне сұғып жiбердi. Қанжар дәл асқазан тұсынан 

сұғылса  да  анау  жанкештi  екен,  айқайлап  үлгердi.  Онсыз  да 

секемшiл басмашылар осы айқайдан соң үңгiрлерiнен атып-атып 

шықты  да,  абыр-сабыр  болысты.  Ойлағандары  болмай  қалған 

Төрекелдi  мен  Сүлеймен  үңгiр  алдында  қараңдап,  жүгiрiскен 

оларға қарсы оқ атуға кiрiстi. Сол-ақ екен, құз етегiн бей-берекет 

айқай-шуға  толтырған  басмашылар  кiмнiң  атып  жатқанын 

бiлмей,  үңгiр  алдында  жата-жата  қалысты.  Құры  жатпай,  олар 

да мылтық атуды бастады. Осы кезде бұлардың қасына ентелеп, 

Тоқымжанды  алдына  салған  Салықбай  жеттi.

— Менiң бiр ойым бар. Қазiрше басмашылар осылай абыр-

сабыр болып жатқанда, мен тез-тез құздың басына шығайын да, 



157



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет