Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет76/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   265
Сүлеймен қарақшы

олардың төбелерiне тас домалатайын. Ал сендер екеуiң бiр жерде 

жатпай, араларыңды алшақтау етiп жатсаңдаршы. Жаулар бiздi 

аз деп ойламасын да.

— Бұл ойың дұрыс екен. Бар, бар тезiрек. 

Салықбай төбеге қарай өрмелей жөнелгенде Тоқымжан:

— Боштай, Әбдiрохмон! Бу қозоқләр бар-йоғы бештә-яқ одом. 

Қорықмәстән атә берiңләр, — деп айқайлап жiбердi.

  Сүлеймен  оның  аузын  басам  дегенше,  төбеге  өрмелеген 

Салықбай сусып пәске түстi де, Тоқымжанның басынан бiр атты.

— Ай, бекер-ақ аттың-ау.

— Сатқынға обал жоқ.

Салықбай кете салысымен, басмашылар кенет мылтық атуын 

сап тиды.

—  Анау  басмашылар  мына  сұмның  жаңағы  айқайын  есiтiп 

қойған  жоқ  па  екен? 

—  Бұл  айқайлаған  кезде  олар  тарсылдатып  мылтық  атып 

жатқан.  Шамада,  есiткен  жоқ-ау. 

— Не болса да мен шеткерiрек барып жатайын. Үңгiр алдында 

бiреу-мiреу қараңдап көрiнсе болды, дәлдеп ата берейiк.

Сүлеймен жылжып бiр топ жайыла өскен тау шиесiнiң ығына 

барып жасырынды. Мылтығының оқпанын оққа толтырып алып, 

үңгiр тұсқа көз қадады. Басмашылар тым-тырыс. Ол жақтан тек 

сыбырласып қана сөйлескен дауыстар естiледi. Не ойласқандарын 

кiм бiлсiн, әлденуақытта басмашылар өре түрегелдi де айқайлай 

ұрандатып,  бұлар  жатқан  тегiске  лап  қойды.  Өздерi  бiрталай. 

Өзiне қарай жүгiрген басмашыларды көрiп Сүлеймен алғашқыда 

сасып қалды. Алайда лезде ес жиып, алға ентелеген оларды бiр-

бiрлеп ата бастады. Бұған анау шеттен Аязбек пен Сиязбек, мынау 

шеттен  Төрекелдi  қосылды.  Басмашылардың  алдыңғы  шебi 

шөптей  жапырылды.  Қалғандары  бағанағыдай  жата  қалысып, 

бұларға қарата оқ боратты. Мылтық дүрсiлiне олардың түсiнiксiз 

айқайлары қосылып, шатқал алды бей-берекет шуға толды.

Сүлеймен  бiр  орында  жатпай,  ары-берi  сусып,  мылтығын 

көздемей-ақ  атып  жатты.  Бiр  кезде  қарсыластар  жақтан 

себезгiленген,  бозамық  таңның  селкеу  қараңғылығын  жарқ-

жұрқ еткен оқтарымен тiлгiлеп, бiр бейтаныс от-қару тоқтаусыз 

зеркiлдеп,  гүрсiлдей  атылды.  Сүлеймен  “бұл  не  пәле?”  деп 

ойлағанша,  отты  оқтар  оң  жағындағы  қалың  шиенi  шалғымен 

орғандай қиып-қиып түсiрдi. Сәл болмағанда отты оқтар мұның 




158

Сүлеймен қарақшы

басын  денесiмен  қоса  қырқып  түсер  едi.  Содан  ығып,  артқа 

шегiне бастағанда, тау басынан шатқал-құзды гүрсiлiмен көшiре, 

тастар  домалап  кеп  бердi.  Тастар  құз  бетiн  жалай  сусып  түсiп 

жатқанымен кейбiрi қатты екпiнмен секiре домалап, Сүлейменнiң 

жанынан  төменге  қарай  зулап  өттi.  Жаңағы  шулары  түк  емес, 

Боштайдың  адамдары  осы  кезде  күңiрене  айқайға  басты.  Таң 

тыныштығы  астындағы  соншама  мылтық  дүрсiлi  мен  қырғын 

адамның  айқайы  шатқалды  дiрiлдетiп  жiбергендей  едi.  Құлама 

жартасқа  жабысқан  тайғанақ  құмды  майда  қиыршықтарды 

Салықбай  домалатқан  жарғақ  тастар  қозғап  жiбердi  ме,  әлде 

құз бетiн жаңғырықтырған қатты дауыстардың толқынды екпiнi 

оларды көшiре жөнелдi ме, кiм бiлген, әйтеуiр төбеден төменге 

қарай құлаған тау жыныстары толас таппай, селдей ақты. Бұлай 

тұра берсе тас астында көмiлiп қалатынын бiлген басмашылар 

бас-көз жоқ еңiске қарай жүгiрiстi. Ендi алдарында атып жатқан 

жауларының оғынан емес, таудың тас көшкiнiнен ығып, беталды 

лаққан  олардың  бiрталайы  қалың  шиенiң  iшiнде  жасырынған 

Сүлеймендi байқауға да шамалары келмей, жанынан зу-зу етiп 

өте шықты. Басмашылардың дәрменсiз, дегбiрсiз халдерiн көрген 

Сүлеймен оларды атпады. Құлағын тоса тыңдаса, Төрекелдi де 

атып жатқан жоқ сияқты. Аздан соң үңгiр тұстан бiресе дүңкiлдей, 

бiресе сусылдап, сырғып домалаған тастардың даусынан басқа 

адам үнi естiлмей де қалды.

— Төрекелдi, бармысың? — деп айқай салды Сүлеймен осы 

кезде.


 Жауап болмады. Басына бiр жаман ой келген Сүлеймен, ол 

жасырынған  бетке  еңбектей  жүрдi.  Келсе,  Төрекелдi  орнында 

жоқ.  Осы  мезет  құбыла  тұстан  Төрекелдiнiң  таныс  ысқырығы 

естiлдi. Басын көтердi. Анадай жердегi пәс аршаның тасасында 

тұрған  Төрекелдiнi  көрдi.  Ол  “еңбектеген  күйi  берi  жақында” 

дегендей,  қолымен  белгi  бердi.  Арша  түбiнде  Төрекелдi  мен 

Салықбай отыр екен. Төрекелдi сол иығын оң алақанымен басып 

алыпты. Иықтан аққан қан шекпенiнiң сыртына шығып кетiптi.

— Немене, оқ тидi ме? 

— Тиюiн тигенiмен, сүйегiм аман сияқты. Боштайдың қолы 

еңiске  қашып  жатқанда  Салықбай  оқ  жырып  кеткен  терiме 



159



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет