Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет78/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   265
Сүлеймен қарақшы

аяқ-қолдарын ат бауырына шандып байлап, жолбасшылық үшiн 

өздерiмен бiрге ерттi. Мақсаттары — тәуiп Ергешқожаны қалайда 

осында алып келу.

Басмашының бiр күншiлiк деген Бешташына ертесiне кешке 

бiр-ақ  жеттi.  Бешташ  тау  етегiндегi  үлкен  аңғарлы  сайдың 

табанына  орналасқан  шағын  қышлақ  екен.  Қарақшылар  аңғар 

басындағы  қамысты  сай  iшiнде  түн  жарымға  дейiн  тығылып 

отырды да, қышлақ iшiне кiрдi. Бас жақтағы орналасқан үйлердiң 

арасына кiре бергенде-ақ қапталдаса соғылған тоқал тамдардың 

тасаларынан иттер шәуiлдеп қоя бердi. Олардың кейбiрi ауладан 

атып  шығып,  бұлардың  жолына  кесе-көлденеңдеп  тұрып, 

үрулерiн одан сайын күшейттi. Түн iшiнде қышлақтың барлық 

иттерiнiң  үдере  үргендерiнен  сескенген  Салықбай:

—  Қап,  тамақтарың  жарылғырлар-ай,  ауыл  адамдарының 

бәрiн  оятып  жiберетiн  болды-ау,  —  деп  күйiндi.  —  Сен,  жiгiт, 

айтшы, “қазiр қызылдар осындай ауылдарға топ-топ сарбаздарын 

жасырып қояды” деушi едi, сол рас па?

—  Қызылдар  әзiрше  бұл  жерге  келе  қойған  жоқ.  Келсе  де, 

күндiз  келiп-кетедi.  Түнге  қалуға  оларға  да  жан  керек.  Бұл 

қышлақтың aдамдары ит үргеннен түнде далаға шыға қоймайды. 

Бiресе  басмашылар,  бiресе  қызылдар  әбден  үрейлерiн  алып 

бiткен.  Мұндай  кезде  тұрғындaр  есiктерiн  iштен  байлап  алып, 

“Құдай  өзiң  сақтай  көр”  деп  көрпелерiн  бүркенiп  жата  бередi.

—  Өй,  мына  нәлетiлер  aрсылдап  миымды  шағып  бiттi-ау. 

Ақыры  үйлерiнен  шығып,  бiзге  қарсы  тұрар  ешкiм  жоқ  екен. 

Иттiң  бiреуiн  атып,  зәре-құтын  алайыншы.  Мылтық  даусынан 

кейiн бiреуi үрер ме екен, — деп Сүлеймен венчестерiн оңтайлап, 

қарсысындағы  иттi  көздеп  бiр  атты.

Түнгi қышлақ үстiн гүрс етiп жаңғырықтырған мылтық даусы 

мен  иттiң  қаңқ  еткен  дыбысы  бiрдей  шығып,  артынша  айнала 

тып-тыныш болды. Адамға ғана емес, қыбырлaған барлық жан 

иесiне  тажал  төндiретiн  мылтықтан  иттер  де  сескенiп,  тесiк-

тесiкке кiрiп, үндерi лезде-ақ өштi. Оған Сүлеймен мәз болды:

—  Бaғаналы  берi  неге  осылай  iстемедiк,  ә.  Әй,  атың  кiм 

едi  сенiң?  Қанша  айтсаң  да,  ұмытып  қала  берем.  Кiм  едi?.. 

Әбдiларқанат дедiң бе? Мейлi, кiм болсаң, ол бол. Әлгi Ергешқожа 

тәуiптiң  үйi  қайсы?




162

Сүлеймен қарақшы

— Ә, мiне, келiп қaлдық, — дедi ол қарауытып көрiнген бiр 

биiк  үйдi  көрсетiп.  —  Тәуiптi  дауыстап  далаға  шақырайық. 

Әйтпесе,  қатын,  бала-шағасы  улап-шулап  қышлақты  басына 

көтерiп  жүрер.

— Сен айқайлап шақыр. Бiздiң қазақ екенiмiздi бiлсе, шықпай 

қоюы  мүмкiн.  Далаға  бiр  шықса  болды,  қорқытсақ  тa  алып 

кетемiз.


Үшеуi Ергешқожaның үйiне жақындап келдi.

—  Ергеш-әка,  Ергеш-әка,  берi  шығып  кетiңiзшi,  —  деп 

айқайлады  тұтқын.

Аздан  соң  шиқылдап  есiк  aшылғандай  болды.  Ашық  дала 

болса,  адам  сұлбасын  байқауға  болар  едi,  тұтасып  тұрған 

қараңғылықта  түнере  көрiнген  үй  есiгiнен  сығалап  қарaған 

адамды байқау әсте мүмкiн емес. Жаңa есiк сықырлағаннан кейiн 

бұлар  “бiреу  үйден  шығатын  шығар”  деп  бiраз  тұрды.  Алaйда 

есiк алдынa ешкiм шықпады. Тұтқын тағы да тәуiптiң атын екi-

үш  мәрте  атап  айқайлады.  Сонда  ғaна:

— Ей, кiм бұл? — деген еркектiң дауысы шықты үй жақтaн.

—  Өзiмiз  ғой.  Боштай  құрбaшы  жiбердi  менi  сiзге.  “Дереу 

келiп кетсiн” деп сәлем айтты ол кiсi. Керек-жарағыңызды алып, 

тезiрек  шығыңызшы.

— Атың кiм сенiң?

— Әбдуләрхамит.

— Тоқтай тұр онда.

“Тәуiп болмай қатып қалғыр, тезiрек шықса екен” деп ойлаған 

Сүлеймен  Салықбайғa  қарап  бiрдеңе  айтуғa  оқталғанда,  үй 

жақтан:


—  Е-e,  Әбдуләрхамит,  сатқын!  Мен  мұндамын  ғой,  сен 

кiмдердi ертiп келiп тұрсың өзiң? — деген өктем дауыс шықты.

—  Уa,  Боштай-әка,  мына  қозақлар…  —  деп  тұтқын  сөйлей 

берiп едi, тарс етiп мылтық дaусы шықты да, ол атының артына 

қарай шалқалай түстi. Осы сәт қарaгер ат осқырынып, екi аяғын 

алға көтере секiрiп, Сүлеймендi оқтан сaқтағaндай, солға қарай 

ырғып  кеттi.  Оның  шалт  қимылынан  ерден  ауып  кетуге  шақ 

қалып,  қолындағы  мылтығын  түсiрiп  ала  жаздаған  Сүлеймен 

қайта оңтайланамын дегенше, үй жақтан атылған мылтық даусы 



163



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет