Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет86/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Құлтанына.  Құлтан  мұнымен  оңаша  кездессе  жаны  қалмай, 

қолын қусырады. Ал сырттай: “Досалының қолшақпары болған 

аюдай  неме,  ақыры  түбiңе  жетем”  деп  кiжiнедi  екен.

  Бiрде  екеуi  Әулиебастаудың  жанында  кездесiп  қалды. 

Құлтанның  жанында  үш  кiсi  бар.  Бәрi  келiп,  жалпылдап 

Сүлейменнiң  қолын  алып,  жағдай  сұрасып,  өлiп  барады.  Бұл 

қарагердiң  үстiнде  отырған.

— Құлтан, — деген Сүлеймен сонда. — Естуiмше, сен мен 

жайында  жайсыз  әңгiмелер  айтып  жүргенге  ұқсайсың  ғой.

— Қой, Сүке. Менiң белсендi болғанымды көре алмаған жұрт 

өзiңдi әдейi маған айдап салу үшiн айтқан өсегi болар, — дедi 

де артынша: — Ал бiрақ, айтсам несi бар? Бiлсең бар ғой, сенiң 

қарақшылық  уақытың  өткен.  Ендi  жұрт  қатарлы  жұмыс  қып, 

еңбек тап. Бұдан былай бұл жердегi жұртқа тұтқа — мен, — деп 

шарт ете қалмасы бар ма бетпақтанып.

— О, әкеңнiң… елге тұтқа болған сенiң… Сен, сен, қашаннан 

берi маған бұлай сөйлеудi үйренгенсiң, — деп ашудан қалшылдай 

ақырған Сүлеймен атын өңмеңдетiп, оның жанына жетiп барды 

да, желкесiнен шап берген күйi сүйрей кеттi.

Оншақты  қадамдай  сүйреген  соң  Құлтанның  екi  иығынан 

көтере, кеуде тұсын көкпарға ұқсатып, тақымға басты. Екi қол, 

екi аяғы жерге қарай салбырап, өлi лақтай күйге түскен Құлтан 

“ажалымның жеткен жерi осы-ау” деп бiр ойлаған болса, сонда 

ойлаған шығар. Шынымен-ақ сол жерде ашулы Сүлеймен оны 

өлтiрiп, болмаса оңбай жарақаттап тастар ма едi, егер Құлтанның 

жанындағы Жұрқынбай мен Шаңбай келiп, ажыратып алмағанда. 

Аналар “қой, қойлап” ашуын басқанда, бұл оны мәреге лақтырған 

көкпардай етiп, ат аяғына тастай салған. Қалған сонда Құлтан, 

аузы-мұрнынан қан ағып.

Сол  оқиғадан  берi  сыртынан  сөз  айтпай,  көрiп  қалса,  елу 

қадамнан қашып жүретiн Құлтан, кеше кешкiсiн қасына мылтық 

асынған  төрт  мiлиса  ертiп  келiп,  Сүлеймендi  үйiнде  жатқан 

жерiнде бассалған. Мiлисалар қатыны мен екi жасар баласының 

көзiнше,  мұның  қолына  темiр  кiсен  салып,  Шошқабұлақтың 

түрмесiне  әкеп  бiр-ақ  жапты. 




178

Сүлеймен қарақшы

Мiлисахана,  түрме  дегендерi  iлкiде  өзi  талай  көрiп  жүрген 

ауыл  ортасындағы  орыстардың  бұрынғы  шiркеуi.  Ертеректе 

бұған  кiм  кiрген  дейсiң?  Шiркеу  iшi  там-тамға  бөлiнедi  екен. 

Есiктерiнiң  бәрi  темiр.

Төрт мiлисаның айдауымен түн жарымында мұнда жеткенде 

алдарынан өңi құп-қу, екi көзi көкпеңбек, жалтыр бас бiр орыс 

қарсы  шықты.  Мыналардың  нәшәндiгi  болса  керек,  өктем 

дауыспен  бұйыра  сөйлеп,  Сүлеймендi  iшке  кiргiздiрдi.  Кiре 

берiс  дәлiздiң  оң  жағында  кiшкене  бөлме  бар  екен.  Әлгi  орыс 

пен Сүлеймен сол бөлмедегi үстелге жайғасты. Қазақшаға судай 

нәшәндiк орыс сығырайған шамның арғы жағына отырып, мұның 

аты-жөнiн  сұрастырып,  қағазға  әлдене  жаза  бастады.

— Так, Сүлеймен. Сенi ел “ұры, конокрад, байларға жұмыс 

iстеген, ауылнайды ұрған” дейдi ғой. Совет өкiметiнiң өкiлi — 

ауылнайға қол жұмсағаның үшiн бiз сенi атып тастайтынымызды 

бiлесiң  бе?  Айтпақшы,  1921-22-шi  жылдары  сен  Өзбекстан 

тауларындағы  басмашыларға  қосылып,  бейбiт  халықты 

тонапсың,  қырыпсың…  Сонау  дальный  жердегi  басмашыларға 

қалай қосылып жүрсiң? Қанша қызыл командирлердi өлтiрдiң? 

Осының бәрiн айтсаң, жазаң жеңiлдейдi, — дедi көздерiн бұған 

қадап.


— Оның бәрiн саған кiм айтты?

— Саған емес, “сiзге” деп сөйле. Кiм айтқанында қандай iсiң 

бар? Сұрақты сен емес, мен қоямын. Ал сен, тек қана жауап бер.

  Бiрақ  Сүлеймен  ештеңенi  мойындамады.  Ешнәрсенi 

мойындамаса  да,  бұлардың  жiберетiн  түрi  жоқ.  Бүгiн  тағы 

тергедi.  Тiптi  қолын  артына  байлап  қойып,  әбден  төбеледi  де. 

Жанына  таяқ  тисе  болды,  одан  бетер  қасарысып,  сөйлемей 

қоятын  әдетiн  ол  осында  тағы  көрсеттi.  Осылайша  екi  жетi 

отырды. Күнде “Құлтаннан басқа менi кiм сатты?” деп ойлайды. 

Басмашы  болғанын  Құлтанның  өзiне  айтқан  емес.  Ол  жайын 

тек Ноғай мен Кендiрге, Әрiпбай мен Көбектiң баласы Ермекке 

ғана айтқан. “Солардың бiрi Құлтанға сыбырлап қойған-ау” деп 

топшылады. Ноғай жоғалған. Кендiр мен Әрiпбай Құлтанды жек 

көредi.  Сiрә,  Ермек  былжырап,  бiрдеңенi  бүлдiрген-ау.




179



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет