Детективті хикаят Алматы, 2021


Иә, қадiрлi оқырман! Тәшкен мен оның төңiрегiнде өткен



Pdf көрінісі
бет204/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   265
Иә, қадiрлi оқырман! Тәшкен мен оның төңiрегiнде өткен 

ғасырдың  отызыншы  жылдары  “жөйiт”  деп  аталған  адам 

жейтiн қауым болды дегенге кейбiреулер сенбейтiн де шығар. 

Бiрақ  бұл  —  ақиқат  нәрсе.  Қоқан  хандығы  кезiнен  бар 

жөйiттердi, кеңес өкiметi тек отызыншы жылдардың аяғына 

таман  ғана  ауыздықтай  алған.  Десек  те,  олардың  бiраз 

қауымы алпысыншы, жетпiсiншi жылдарға дейiн жасырын 

жұмыс  iстеген…


421

Сүлеймен қарақшы

ТӨРТIНШI БӨЛIМ



I

Он екiншi күнi сот болды. Бес-ақ адам қатысқан сот Сүлеймен 

мен  Парманқұлды  он  жылға  кестi.  “Жазаларын  Табақсай 

түрмесiнде  өтесiн”  деген  шешiм  шығарды  сот.

—  Ойпырмай,  Парманқұл.  Бiздiң  iсiмiздiң  ақ-қарасын  да 

тексермей  жатып,  он  жылға  кесе  салғандары  несi?  Тергеушiге 

“жөйiттердiң апандарын көрсетейiн” деп қанша айтсам да, құлақ 

аспады.  Әдiл  деген  өкiметтерiнiң  сиқы  осы  ма?

—  Көп  нәрсенi  түсiнбейсiң,  Сүлеймен.  Олар  жөйiттердiң 

апандарын  сен  айтпасаң  да  бiледi.  Тергеушiнiң  де,  соттың  да 

шикiлiгiн көрмейсiң бе? “Бай-құлақтар мен ұры-қарыны аяусыз 

қырамыз” деп кәрiне мiнген өкiмет, адам өлтiргенге ату жазасын, 

болмаса  жиырма  бес  жыл  беруi  керек.  Ал  бiзге  он  жыл  бердi. 

Жалпы,  сот  үкiмi  бiзге  Өдiмәттiң  өлiмiн  ғана  таңды.  Басқа 

жөйiттер  жайында  жұмған  аузын  ашпады.  Демек,  соттың  iсi 

шикiлiкке толы. Бiз қайта оның он жыл бергенiне қуанайық. Ату 

жазасын бергенде қайтер едiк? Ешкiмге хабар берiп үлгертпей, 

ертең-ақ  атып  тастар  едi.  Ал  түрмеге  барған  соң  Мамажанға 

хабар  беремiз.  Арғы  жағын  ол  өзi  ептейдi.

—  Екеумiздiң  жағдайымыз  оның  құлағына  тимей  қалды-ау 

деймiн.  Әйтпесе,  осы  жерден  құтқарып  әкетер  ме  едi…

— Ендi есiткен күнде де ештеңе iстей алмайды. Тек бiз түрмеде 

бiраз жатқаннан кейiн ғана әрекет жасайды.

— Табақсай деген қай жер?

—  Тәшкенен  онша  алыс  емес.  Ондағы  түрме  —  менiң 

үйреншiктi  жерiм.  Сол  түрмеде  маған  қастасып  жүрген  бiраз 

адамдар  жатыр.  Барған  соң  солармен  кейбiр  дауларды  шешуге 

тура  келедi.  Өткен  жолы  мен  ерте  шығып  кетiп,  ерегiсуiмiз 

аяқталмай  қалған.

—  Түрмеде жатқандардың  арасындағы дау  —  мiлисалармен 

арадағы  дау  емес  қой.  Оны  шешуге  болады  Сiбiрде  небiр 

пәлелердi  бастан  өткергенбiз.

—  Иә,  ендi  қасымда  өзiң  барсың.  Маған  қыр  көрсетiп 

жүргендерге  оңайлықпен  берiле  қоймаспыз.




422

Сүлеймен қарақшы

— Олар кiмдер едi?

—  Ол  жердегi  баскесерлер  —  таулықтар.  Таласымыз  — 

“түрменi  кiм  билейдi?”  деген  даудан  басталған. 

— Бiр басшысы бар шығар өздерiнiң.

— Бар. Ахмад деген билеушi бар онда.

— Денесi үлкен бе?

—  Бойы  онша  ұзын  емес.  Бiрақ  жуан.  Түрi  зәрдей.  Қолына 

ұстаған адамын мытып, бiр жерiн сындырып жiбередi. Өткенде 

екеумiз жекпе-жектi белгiлеп қойған едiк. Сол күнге жетпей, мен 

кетiп қалғанмын. Ендi барсам, ол сол ерегiстi қайта қозғайды.

— Осы жолы жекпе-жекке шықсаң, бетiн қайтарып таста.

— Бара көрермiз.

  Ертесiне  мiлисалар  екеуiнiң  қолдарын  байлап,  камерадан 

шығарып,  қос  өгiз  жегiлген  биiк  шарабалы  арбаға  салды. 

Қолдарын  байлағандары  аздай,  ұзын  арқандармен  бүкiл 

денелерiн арбаға тағы шандып матады. Аяң жүрiстi өгiз арбаға 

мылтықты төрт мiлиса iлесiп, түстiк жақты бетке алды. Содан 

дiттеген жерлерiне кешке бiр-ақ жеттi. Жолда Сүлеймен Табақсай 

түрмесiн  “Сiбiр  абақтысы  секiлдi  биiк  қорғаны  бар,  жан-жағы 

тiкенектi  сымтемiрмен  қоршалған  шығар”  деп  ойлаған.  Бiрақ 

мұндағы  түрменiң  сыртқы  көрiнiсi  Сiбiрдегiден  бөлектеу  екен. 

Бөлектеу болғанда, түрменiң сыртқы қорғаны түгелiмен таспен 

соғылған.  Қорғанда  үлкен  бiр-ақ  дарбаза  бар.  Соған  қарап:

— Бұл түрме шағын ғана екен-ау, — дедi Парманқұлға.

— Саған бұл бiр жағынан қарағанда ғана кiшкентай көрiнiп 

тұр  ғой.  Әйтпесе,  iшi  ат  шаптырымдай,  ой,  ат  шаптырымдай 

деппiн-ау,  құла  дүз.  Бұнда  мыңнан  аса  адам  жатыр.

— Сiбiрде ғой, ағаш кесетiн едiк. Ал мұнда түрмедегiлерге не 

iстетедi?

— Шәниiп жатқызып қоймайды. Бiрақ бiлектiлер жақсы өмiр 

сүредi…


— Ай, тоқтатыңдар сөздi! Iштерiң жарылып өлiп бара жатсаңдар, 

қазiр түрмеге жайғасқан соң айтарсыңдар айтатындарыңды, — 

деп мiлисаның бiрi бұлардың сөздерiн бөлдi.

  Онымен  айтысуға  арланған  қос  қаһарман  сөздерiн  тыйды. 

Өгiз арба түрме қақпасына жеткенде, бесатар карабин асынған 



423

Сүлеймен қарақшы

екi  солдат  бұларды  тоқтатты.  Мiлисаның  бiрi  оған  әлдеқандай 

қағаз көрсеттi. Әлгi солдаттар қақпаны ашты. Өгiз арба қақпаға 

таяу  барып  тоқтады.

 Iш жақтан бес-алты қарулы солдат шықты. Олар Сүлеймен 

мен Парманқұлды босатып, iшке алып кiрдi. Содан екеуiн бiраз 

тексерiстен өткiзген соң, түрменiң кiре берiсiндегi үлкен тамға 

кiргiздi. Үлкен тамның iшi бiрнеше камераларға бөлiнедi екен. 

Солдаттар  екеуiн  солардың  бiрiне  қамады.

 Қаракөлеңкелеу камера iшiнде оншақты адам жатыр. Қазақтың 

қос  қарақшысы  кiрiп  келгенде,  олардың  бiразы  орындарынан 

тұрды. Төрде жатқан екеу тұрмады.

— Уа, Парманқұл әкә, амансыз ба? Уа, әкә, хош келдiңiз! — 

деп  тұрғандар  Парманқұлдың  қолын  алып  жатыр.  Одан  кейiн 

Сүлейменмен  амандасты. 

 Парманқұл өзiне сәлем бергендермен шүйiркелесiп, хал-жағдай 

сұрастырып жатыр. Сөз арасында өздерiнiң не үшiн түскендерiн 

де  айтып  өттi.  Сүлейменнiң  байқауынша,  мұндағылардың  бәрi 

бұрын  түрме  көргендер  секiлдi.  Барлығы  жайбарақат,  тура  өз 

үйлерiнде жатқандай, еркiн әңгiме айтып отыр.

— Сүлеймен, осы жiгiттердiң бәрiмен бұрындары осы түрмеде 

дәмдес болғанмын. Шеттерiнен сенiмен таныстырып өтейiн, — 

деп Парманқұл отырғандардың аттарын атап шықты. 

  Сүлеймен  сегiз  адамның  аттарының  бәрiн  бiрден 

жадында  сақтап  қала  алмады.  Тек  Кәрiмбек,  Пәрiмбек  деген 

ағайындылардың, Адамбай атты кiсiнiң аттарын санасына бiрден 

құйып  алды.

 Парманқұл олардың аттарын атап қана қоймай кiм екендiктерiн 

де айтып жатыр.

— Мынау Кәрiмбек пен Пәрiмбек қаңлының миям атасынан. 

Елдерi  —  жоғары  Шыршықтағы  Қияңқыдан.  Бүкiл  Шыршық, 

Қамшық, Алай тауларының төңiрегiнде бұлардан асқан баукеспе 

жоқ. Арғы жағы — қырғыз, бергi жағы — тәжiк ауылдарының 

бай-манаптары  бұлардан  көресiнi  әбден  көрген.  Сонау  Ош 

жақтан  үш-төрт  үйiр  жылқыны  екеуi-ақ  бiр  түнде  тау  асырып, 

айдап келе бередi. Ал, Жалалабад пен Ходжент маңынан айдаған 

малдарды екi-үш күнде қырғызға бiр-ақ асырып тастайды. Әлi де 



424

Сүлеймен қарақшы

сол кәсiптерiн тастамай келедi. Ұрлық үшiн қанша рет сотталдың, 

Кәрiмбек?…

— “Сол кәсiптi әлi тастамай келедi” деп артық айтып қойдың, 

Парманқұл.  Баяғыда  байдың  малдарына  ұрлық  жасаушы 

едiк.  Онда  бiздiкi  ұрлық  емес,  барымта  болушы  едi.  Ал,  қазiр 

ұрлайтын ондай малдар жоқ. Өкiмет кедей. Кәлхүз, әртiлдердiң 

малдары өңкей арық-тұрық бiрдеңелер. Ұрлауға тұрмайды. Iрi-

iрi  барымта  болмаған  соң  айналдырғанымыз  —  базар.  Базарда 

хәртүрлi  iстерге  араласамыз.  Ондайда  ешкiмге  билiк  бергiмiз 

келмейдi.  Осы  жолы  екi  қоқандықты  сойып  тастадық.  Сөйтiп 

жетiншi  рет  осы  —  Табақсай  түрмесiне  келдiк.

— Келгендерiңе қанша күн болды?

— Ертең бiр жетiге толады.

—  Ендiгi  жетiде  бәрiмiздi  арғы  түрмеге  бiрге  кiргiзедi  екен 

ғой.


— Осы, мен таңмын. Анада Сiбiрде де бiздi бiрден түрмеге 

кiргiзбей,  бiр  айдай  осындай  камераға  қамап  қойып  едi.  Бұл 

қандай  тәртiп  өзi?  —  дедi  Сүлеймен.

— Сiбiрдi бiлмеймiн, мұндағы тәртiп осылай. Сотталушыларды 

алдымен  осы  жерде  бiраз  ұстайды  да  одан  соң  барып,  iш 

жақтағыларға  қосады.  Ал,  бұрын  сотталғандарды  алдымен 

осы өзiмiз отырған камераға қамайды. Бiрiншi түскендер басқа 

камераларда. Мiлисалардың мұнысы — сотталған адам осында 

бiршама  уақыт  жатып,  түрме  өмiрiне  үйренсiн  дегенi-ау. 

— Ал мынау Адамбай не үшiн жатыр мұнда? Бұл да барымташы 

ма?

Адамбай “менi таныстыр” дегендей, Парманқұлға қарады.



— Е, бұл сабаз да оңай адам емес. Төрт кiсiнi сойған. Ал, бұл 

жолы не үшiн түскенiн әлi сұрап үлгермедiк. 

— Қойлықта бiреумен ерегiсiп қалып, қамшымен басына екi 

рет ұрып едiм, осал екен дәйiс. Өлiп қалды. Сол себеппен осында 

бесiншi рет келiп отырмын. 

  Адамбайдан  кейiн  отырған  қазақтардың  бәрi  өздерiнiң  не 

үшiн сотталғандарын айтып өттi. Тек әңгiмеге араласпай, төрде 

шалқайып жатқан екеу ләм демедi. Сүлеймен оларға қарап едi, 




425



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет