Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет213/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Сүлеймен қолындағы адамды тартып тұрғызды да, перiп қалды. 

Соққысы сәл қиыстау кетiп, дәл тимедi. Осыны пайдаланған анау 

пышағын бұған қарата сiлтеп кеп жiбердi. Абырой болғанда, ол 

да  мүлт  кеттi.  Сүлеймен  тағы  ұрды.  Бұл  жолы  соққы  дiттеген 

жерге тидi. Тура басына күрзiдей жұдырық тиген қаскөй дыбыс 

шығаруға мұршасы келмей, жер қапты.

 Осының бәрi жарты минуттың iшiнде болды.

—  Ей,  қайсыңда  кеуiрт  бар?  Жағыңдаршы.  Мыналардың 

кiмдер  екенiн  көрейiк,  —  дедi  Парманқұл  дауыстап.

— Маған “ұйықтай бер” деп, өзiң ұйықтап қалғаның қалай? 

Сәл болмағанда сен де, мен де сойыла жаздадық.

—  Ойпырмай,  Сүлеймен.  Бiр  Құдай  сақтап  қалыпты-ау. 

Япыр-ау, қалай көзiм iлiнiп кеттi? Әй, өзi, маубаспын ғой мен, 

маубаспын,  —  деп  Парманқұл  өзiн-өзi  кiнәләп  сөйледi.

  Қазақтардың  бiрi  кеуiрт  жағып,  құлап  жатқандарға  жарық 

түсiрдi.  Екеуi  де  таулық.  Бұларды  көрген  Сүлеймен:

— Әйдә, жiгiттер, ерiңдер соңымнан. Түн жамылып келiп, бас 

кеспек болған бұлардың қалған серiктерiн талқандап шығайық 

— деп таулықтар жатқан жерге қарай жүрдi.

 Таулықтардың бәрi ояу ма, әйтеуiр шетiнен тұра сап, есiкке 

қашты.


—  Тоқтаңдар,  хайуандар,  тоқтаңдар!  —  деп  айқай  салды 

Сүлеймен.

  Қайдан.  Олардың  қараңғы  барак  iшiн  дүрсiлдетiп  қашқан 

дыбыстарынан  ұйықтап  жатқандар  тегiс  оянды.

— Ой, кiмдер-ей, жүгiрiп жүрген?

— Не болып қалды, өзi?

— Тағы төбелес басталды ма?

— Ойбай, мына бiреу аяғымды мыжып кеттi.

— Аяғың ешнәрсе емес қой. Бiреу менiң тура iшiмнен басып 

өттi, — деп сотталғандар бiрiнен соң бiрi дабырласты.

— Бұл баракта шырақ бар ма? — дедi Сүлеймен дауыстап.

—  Шырақты  солдаттар  әкетiп  қалған,  —  деп  жауап  бердi 

көпшiлiк  iшiнен  бiреу.

—  Әй,  Парманқұл,  Адамбай,  Кәрiмбек…  тағы  қайсың  бар, 

бәрiң  жиналыңдар  жатқан  жерiмiзге.  Тастай  қараңғылықта 



443

Сүлеймен қарақшы

қашқандардың қайсыбiрiн ұстаймыз. Таң атсын. Содан соң дау 

салармыз  оларға.

III

  Сол  түнi  қазақтар  таңға  дейiн  ұйықтамай  шықты.  Таңға 

дейiн  қашқан  таулықтар  да  келмедi.  Тек  солдаттар  келiп, 

сотталушыларды  тұрғыза  бастағанда,  олар  баракқа  кiрдi. 

Солдаттардың  көзiнше  өздерiне  ешкiм  тиiсе  алмайтындарын 

бiледi.


 Бiр сағаттан кейiн солдаттар бәрiн сапқа тұрғызып, асханаға 

әкелдi. Асханаға бiрден кiргiзбей, топырлатып тұрғызып қойды. 

Әлден соң басқа барактардағы сотталушылар да тiзiлiп кеп, асхана 

алдына  тұрды.  Сүлеймен  жан-жағына  қарап,  “тұрғандардың 

саны мыңнан асады-ау” деп ойлады. Олардың бiреуiнiң бойлары 

бұған жетпейдi екен. Тек кешегi өзiнен таяқ жеген таулық қана 

серейiп, мұнымен тұрғылас болып тұр.

— Бүкiл түрмеде ең ұзын адам мен болғаным ба.

—  Ұзының  не?  Ең  дәуi  де  сен.  Өзiн  дәумiн  деп  жүргендер 

сенiң  жаныңда  мысықтай  екен,  —  дедi  Адамбай.

— “Мысықтай” деп тiптi кiшiрейтiп жiбердiң-ау.

—  Мысықтай  болмаса  да,  өзiн  дәумiн  дегендер  сенен  бес 

қарыс  кем.

— Иә, Парманқұл. Мына сөзiң қатып кеттi.

 Тамақтан соң солдаттардың қоршауымен баракқа қайта келдi. 

Сосын  топ-топ  етiп,  бұларды  жұмысқа  бөлдi.  Кешегi  келген 

қазақтарға  тағы  екi-үш  адамды  қосып,  түрме  шетiндегi  зауыт 

секiлдi  бiр  үлкен  үйге  кiргiздi.  Үйдiң  iшiнде  неше  түрлi  темiр 

кесетiн  станоктар  бар  екен.  Сүлеймен  мен  Парманқұлды  бiр 

станоктың басына қойды. Станоктың тiлiн бiлетiн бiр адам бар. 

Бұл  екеуi  оған  көмекшi.

  Станок  темiр  жонып,  әртүрлi  құрал-сайман  iстейдi. 

Сүлеймендер  станок  басындағы  адамға  темiр  тасып,  дайын 

болған  құралдарды  бiр  шетке  жиыстырады.  Бар  мiндеттерi  — 

осы.

 Бұл жердегi жұмыс кестесi Сiбiр түрмесiндегiдей екен. Түскi 



тамақ кезiнде бiр сағат демалыс. Бiрақ бiр сағат тамаққа барып, 


444



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет