Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет241/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Қол-аяғыңды  емес,  мойныңды  бұрап  кеткенде  болар  едi 

сенiң. Егер Қоқаннан тапқандарыңда менi өлтiруге қатысар едiң 

ғой-ә, — деп Сүлеймен оған шүйлiккенде Жақар бүрiсе түстi.

— Жо-жоқ... Көке, менiң еш кiнәм жоқ қой.

— Тура қазiр маған Жардақты тауып бересiң. Әйтпесе, екеуiң 

де өмiрмен қоштасасыңдар.

—  Жардақты  табуын  тауып  беремiн-ау.  Бiрақ  ол  сiздердi 

көргенде  үйiнен  шықпай  ма  деп  қорқам.

—  Ал  сен  үйiнен  шығатындай  айла  тап.  Бiз  оған  көрiнбей 

тұрамыз. Егер жолай көшеде қашатын болсаң, мына Айдаболдың 

қойнында  шолақ  мылтық  бар.  Тура  желкеңнен  атып,  топырақ 

құштыра салады. Ал, жүр еңдi! Жардақтың үйi қай жерде?

— Қазiр сәске мезгiлi болып қалды. Ол қазiр дүкенiне келген 

шығар.

— Ол қай жердегi дүкенде iстейдi?



— Құдиярсарайдағы дүкенде. Қант, май сатады.

— Сол дүкенге күндiз адамдар көп баратын шығар-ә? — деп 

Сүлеймен  Пұсырманқұлға  бұрылды.

—  Әлбетте.  Егер  оның  мынау  айтқандай,  дүкеншi  екенi  рас 

болса, оны сонда ұстау қиын. Басқалар байқап қойса, мiлисаға 

айтып жүрер. Ең оңайы — кешке үйiне қайтып бара жатқанда 

ұстау.  Сен  Жардақтың  үйiн  бiлесiң  бе?  —  деп  Пұсырманқұл 

Жақарға  қарады,

—  Бiлемiн.  Үйi  шаһар  шетiндегi  тәжiк  қышлақта.  — 

Пұсырманқұл  ендi  Сүлейменге  бұрылды:  —  Мынаны  ертiп, 

Жардақтiкiне  түнде  барсақ  қайтедi?

— Сонда түнге дейiн осында отыра беремiз бе?

—  Басқа  амал  жоқ.  Жақар  мен  Қорасан  да  үйден  шықпай, 

бiзбен  бiрге  отырады.  Осылай  етсек,  секемсiз  отырамыз.

— Мейлi, айтқаның болсын. Ей, Жақар үйiңде ет-пет, нан-шай 

бар ма?


—  Бар,  бәрi  бар.  Пұсырманқұл  жәкем  “кешке  дейiн  осында 

боламыз” дедi ме? Жарайды, болыңыздар. Түн түсе, Жардақтiкiне 

ертiп барайын. Ал ендi бiздi босатыңыздаршы. Қорасан екеумiз 

сiздерге дастархан жасап, ауқат iстейiк.

— Әй, сенiң қатын, бала-шағаң жоқ па? Қайда олар?

— Менiң әйелiм алдыңғы жылы бала туа алмай, қайтыс болған. 

Содан берi лайықты әйел iздеп таба алмай жүрмiн.

Парманқұл  мен  Айдабол  екеуiн  байлаудан  босатты.  Жақар 

төргi  тамға  кiрiп,  дастархан  жасаудың  қамына  кiрiстi. 



502

Сүлеймен қарақшы

Қорасан дәу самауырынға су құйып, шәй қойды.

— Мен сиырымды әлi сауған жоқ едiм. Шәй қайнағанша, соны 

сауып келейiн, — деп Жақар шелегiн алып, тысқа беттедi.

—  Ей,  тоқтай  тұр,  —  дедi  Сүлеймен  даусын  көтере.  — 

Парманқұл,  Айдабол!  Анау  Қорсанды,  ә,  кiм  едi,  Қорасан  ба, 

иә, соны далада шәй қойып жатыр деп беймарал отырмыз ғой. 

Қараңдаршы, қашып кеткен жоқ па, ит? Содан соң сиыр сауып 

болғанша, Жақардан да көз жазбаңдар. Бiз үйде отырғанда кiм 

бiледi,  бұлардың  сыртта  не  iстеп,  не  қоятындарын.

—  Әсiлi,  Сүлеймен  дұрыс  айтады.  “Шәй  қоям”  деген 

қашғарлық  үйге  әлi  кiрмедi.  Жақар, анауың  қашып  кеткен  жоқ 

па?  Осыдан  қашып  кетсiн,  көресiнi  көрсетемiз  саған,  —  дедi 

Айдабол.


—  Жоға,  Қорасан  ешқайда  кетпейдi.  Мен  де  қашпаймын. 

Сенбесеңiздер,  тұрыңыздар  қасымызда.  Сиырымды  сауып 

келейiншi  ендi.

— Жүр. Бiз де бiрге барамыз.

Үшеуi  далаға  шықты.  Қорасан  есiк  алдында  самауырынның 

отын үрлеп отыр екен. Жақар қорасына кiрiп, бұзауын байлаудан 

ағытты да, сиырға бiраз емiздi. Сосын оны сауды. Ұзақтау сауды. 

Сиыры сүттi екен. Сүтi дәу шелекке толды. Осы кезде Сүлеймен 

үйден шықты.

— Көке, сiздерге сүт пiсiрiп берейiн бе? — дедi Жақар.

— Сүттiң керегi жоқ. Одан да тезiрек шәйiңдi қайнатшы.

—  Ә,  жарайды.  Сүттi  кейiнiрек  пiсiрейiн.  Қорасан,  шайың 

қайнайын  дедi  ме?  Оттыққа  үстiн-үстiн  от  салсайшы.  Тезiрек 

қайнасын. Мен жертөледен ет алып шығайын да қазанға салайын. 

Айтпақшы, қазанға су құйып, от жаға бершi.

Жақар сүт толған шелектi есiк алдындағы ұстынның iлгiшiне 

iлiп, жертөлеге кiрдi. Айдабол одан бiр елi қалмайды. Парманқұл 

болса, Қорасанды аңдып тұр. Жертөледен бiраз ет алып шыққан 

Жақар оны жуып, қазанға салды. Бұл кезде шәй де қайнап, бәрi 

дастархан  басына  жайғасты.  Төрт  қазақ  анау  екеуiнен  әрдеңе 

сұрай отырып, шайға әбден қанды.

 Ет пiскенше, бiрталай уақыт өттi. Ауыз тамдағы қазан басына 

барып, келiп жүрген Жақарға Сүлеймен бүй дедi:



503



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет