Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет36/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Ортаға  бiрiншi  жұп  шығады.  Қане,  қандай  балуан  бар? 

Шығатын  балуанның  жасы  он  бестен  аспайтын  болсын,—  деп 

айқайлады. 

 Сол-ақ екен, жиылған жұрт өз балуандарының аттарын атай 

айқайлап,  гуiлдесiп  кеттi.  Әлден  соң  шығыс  жақта  тұрған  топ 

арасынан бiр бала төбе басына шықты. Артынша екiншi талапкер 

де көрiндi. Бас қазы олардың аты-жөнiн сұрап алды да, оны бар 

даусымен жұртқа жария еттi. 

  Күрес  басталды.  Бiрақ  бiрiншi  жұптың  сайысы  ұзаққа 

созылмады.  Сарысу  жақтан  келген  тәпелтек  бала  Таластан 

келген ұзын бойлы баланың жауырынын оп-оңай жерге тигiздi. 

Содан  екiншi  жұп  шықты.  Бұлардың  күресi  де  жұрт  айызын 

қандыра  алмады.  Үшiншi,  төртiншi  жұптар  да  ұзақ  күреспедi. 

Тек  сегiзiншi  және  тоғызыншы  жұпқа  шыққан  балуандар  ғана 

бiраз  уақытқа  дейiн  бiрiн-бiрi  ала  алмай,  ұзақтау  арпалысты. 

Кезек  оныншы  жұпқа  келгенде: 

— Әй, қазы! Мұндай күрестi өз ауылымызда да көрiп жүрмiз 

ғой.  Өңкей  iлмиген  бiреулердiң  алыс-жұлысын  қызықтап 

қашанғы тұрамыз. Ортаға нағыз балуандарды шақыртсайшы! — 

деп  айқай  салды  жұрт  iшiнен  бiреу.

— Шынында, мықтылар шықсын да! — деп iлiп әкеттi екiншiсi. 

 Артынша: “Иә, дұрыс. Мықты балуандарды шығарыңдар!”, 

“Кезектi  түйе  балуандарға  берiңдер!”  “Қазақтың  атан  жiгiттерi 

қайда?!” — деп жұрт шуласа түстi. Төбе басында тұрған бас қазы 

“шуламаңдар” дегендей екi қолын жоғары көтердi.

— Алдымен мына ұлық пен болыс-билерден ұлықсат сұрайық, 

—  деп  олар  отырған  жаққа  бұрылды.  —  Ардақты  ұлық  һәм 

болыс-билер,  ортаға  түйе  балуандарды  шығара  берейiк  пе?

Арнайы шатырдың қақ төрiнде отырған Әулиеата ұлығы мен 

Керiмбай болыс өзара сыбырласты да, қазыға қарап “бастай бер” 

деп бас изестi. 

— Уа, халайық. Ендi ұлық пен Керiмбай болыстың ықтияры 

бойынша,  түйе  балуандыққа  түсетiн  күрескерлердiң  сайысын 

бастаймыз. Тойбасылар арасында келiсiлген шарт бойынша, оған 

төрт  балуан  шығуы  тиiс.  Араларыңызда  салмағы  алты  пұттан, 

яки тоқсан келiден асатын жiгiттерiңiз болса, онда да күресемiн 

деген ниетi болса, ортаға шығарыңыздар! Кәнеки, төбе басына 

бiрiншi болып кiм шығады?! 



76

Сүлеймен қарақшы

Мыңдаған адам тағы да гуiлдесiп кеттi. Бiрақ қанша гуiлдесе 

де,  төбеге  шыққан  бiрде  бiр  балуан  болмады.  Сiрә,  ортаға 

шығуға  ешкiмнiң  жүрегi  дауаламай  тұр-ау.  Әлден  соң  қадiрлi 

қонақтар отырған шатыр жақтан белуардан жалаңаштанған екi 

орыс төбеге қарай жүрдi. Топырлап тұрған жұрт оларға жарыла 

жол  бердi.  Бермегенде  қайтсiн,  екеуiнiң  жалаңаш  ұсқыны 

тiптен  қорқынышты.  Екеуi  де  апайтөс  кеуделi,  жалпақ  иықты. 

Бұлтыңдап ойнаған қолдарының бұлшық еттерi олардың орасан 

қара күштiң иелерi екенiн айқындап тұрғандай. Бастарының да 

үлкендiгiн  қайтерсiң.  Жүздерi  сұсты.  Кез-келген  адам  олармен 

күреспек  түгiлi,  тура  қарауға  да  именетiндей.  Екеуi  алшаңдай 

басып  төбе  басына  шықты. 

— Мынау тұрғандар Берной ұлығының түйе балуандары. Ендi 

қазақ арасынан шығатындар бар ма?! — деп айқайлады қазы.

Жаңа ғана гуiлдескен жұрттың үндерi шықпай, сiлтiдей тынды. 

Ойпырмай,  еш  болмаса  күрк  деп  жөтелген  бiр  кiсi  болсайшы. 

Мыңдаған қаракөз анау екеуiне тесiлiп, мыңқ демей тұр.

—  Уа,  күшiмiз  кемiп,  қуатымыз  азаяйын  дегенi  ме  бұл? 

Осынша қазақ арасынан мыналарға иық тiрестiрер, күш сынасар 

бiреудiң  болмағаны  ма?!  —  деп  саңқ  еттi  қазы. 

 Жұрт дүр етiп, бiр қозғалды да, қайтадан жым-жырт болды.

— Шық, Сүлеймен! — дедi Көбек тiстене сыбырлап. — Шеш 

шапаның мен көйлегiңдi! Мына екi кәпiр қабан мен қабыланнан 

күштi емес шығар. 

—  Мен  қорқып  тұрғаным  жоқ,  нағашы.  Менiң  алдымда  бiр 

қазақ шыға ма деп тұрғаным ғой.

— Уа, болсаңдаршы! Бар ма, бiреу?. Жоқ әлде, бәйгенi мына 

қос орысқа шаппай беремiз бе? — дедi қазы тағы жандаусы шыға. 

—  Бар!  Бар,  балуанымыз!  Қазiр  жетедi  жаныңа,  —  деп 

айқайлады  Көбек. 

— Қане, жiбер ортаға!

— О, әруақ! Бар екенсiң-ау, арысым!

—  Бәсе,  осынша  қазақ  тұрып,  екi  кәпiрге  шаппай  бәйге 

бергенiмiз  ұят-ты.

— Жеңiлсең жер көтередi. Шық, бауырым!




77



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет