Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет48/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   265
Сүлеймен қарақшы

ғой. Қап, Құдай-ай. Қайдан ғана бiздi қуып келе қалды екен, бұл 

бейбақтар.

—  Әй,  қайдағы  бiр  қырғыздарға  бола  бауыр  етiң  езiле 

бермесiншi.  Саған  әлдерi  келмегендерiмен,  мынау  нағашыңды 

тастады  ғой,  өлiмшi  қылып,  —  деп  кейiдi  Әмiр. 

 Сүлеймен өзiнiң ауыр ойларымен алысып кеттi. “Бұрындары 

ғой, қаншама барымтаға барса да дәл мынадай қуғыншыларды, 

дәл жаңағыдай ұрысты көрмеушi едi. Жылқы айдағандағы жол 

қиындығы болмаса, кiммен сойыл сiлтесiп көрiптi. Көбек мұндай 

ұрыстарды  бастан  көп  өткергендерiн  жыр  қылып  айтушы  едi. 

Ендi ат үстiнде жатысы мынау. Әй, нағашы-ай, сен де талайды 

өмiрден  ажалынан  бұрын  кетiрiп,  талайды  мүгедек  етiп  едiң-

ау.  Бүгiн  зауал  өзiңе  келгенi  ме?  Зәуiмде  аман  қалсаң  болар 

едi,  әйтеуiр.  Тұқымы  құрғыр,  қырғыздар-ай.  Әлдерi  келмейтiн 

болған соң, арттарын қысып, айқасқа түспей-ақ қойса қайтер едi. 

Мынау нағашым қалай таяқ жеп қалды өзi? Мұны қойшы, әзiрше 

тiрi ғой. Бәрiнен бұрын жаңағы басы мыжғыланған әне бiреудi 

айтсайшы”.

Өлген  адамның  қандай  болатынын  бiрiншi  рет  көрген  ол 

осылайша, iштей беймаза ой кешiп, қатты торықты. Бұлар шатқал 

маңына келгенде Тастандар жылқыларды қуысқа түгел кiргiзiп 

болмаған  екен.  Шатқал  аузына  кiретiн  жалғыз  аяқ  жолға  аттар 

бiр-бiрлеп қана сиятын болғандықтан жүз жылқыны оған айдап 

кiру машақат тiрлiк. Олар айдауға көнiп, құз қақпасына тез-тез 

кiре қойса жақсы. Араларында асауы бар, тарпаңы бар дегендей, 

кiлең  құрық  көрмей  тағы  болып  кеткен  жануарлар  ұрылардың 

дегенiне  көнбей,  керi  қашып,  жабайы  қылық  көрсететiнi  көп 

уақытты  зая  кетiредi.  Қазiр  де  сондай  қиындыққа  тап  болған 

Тастанның  тобы  қиқудан  шаршап,  аттарын  да  болдырып, 

әлектенiп-ақ жатыр екен. Әмiр мен Сүлейменнiң өздерiне таяп 

қалғанын  бiрiншi  байқаған  ол: 

—  Жылқылардың  жартысын  шатқалға  ендi  ғана  кiргiзiп 

болдық. Өздерiң қалай? Қуғыншылардың бетiн қайтара алдыңдар 

ма? — дедi ентiгiп. — Үйбай-ау, мына Көбекеңе не болған? Аман 

ба, әйтеуiр?




100

Сүлеймен қарақшы

—  Қазiрше  аман  сияқты.  Бiрақ  жағдайы  қиын.  Тезiрек  елге 

жеткiзбесек болмас. Мына қалған жылқыларды шатқалға айдап 

кiргiзгенiмiзше  талай  уақыт  өтедi.  Сондықтан  да  бұларды 

қалдырып кетейiк. Елу жылқы да бiзге аз олжа емес, — дедi Әмiр. 

— “Жолда досың өлмесiн” деген. Қиын болыпты-ау, ә? Қай 

жерiнен жарақат алыпты,— деп сөзге араласты Әрiпбай. Содан 

соң аттынан түсiп, Көбекке жақындады. — Көбеке. Ау, Көбеке. 

 Көбек тiлге келмей, тағы ыңыранды.

— Қой, шынында, тезiрек кетпесек болмас. Бұл кiсiнi қалай 

алып жүремiз ендi? Бас сүйегiне қатты зақым келiптi. 

— Онда мұны қозғауға болмайды, Әрiпбай. Қазiрше ат үстiнде 

осылай жата берсiн. Атын жетектеп жүремiз. 

Әмiрдiң  сөзiн  басқалары  құп  көрмегендей,  орындарынан 

жылжи  қоймады.

— Уай, болсаңдаршы! Әлгi бiзден сытылып кеткен қырғыздар 

қосымша күш жинап, тағы кеп қалуы бек мүмкiн. “Не қыламыз?” 

деп уайымдап тұруға уақыт қане?

  Әмiрдiң  сөзiне  ешқайсысы  қарсы  уәж  айтпай,  үнсiз  атқа 

қонды.  Төртеуi  шатқал  аузында  иiрулi  тұрған  жылқыларды 

аралай  өтiп,  қуыс  жолға  кiрдi. 

—  Шатқал  iшiндегi  алаңқайға  жеткенге  дейiн  әлi  жарты 

күн бар. Бiреуiмiз артта қалайық. Қырғыздар қуатындай болса, 

төбеден  тас  домалатып  жолды  бөгейтiн  болсын.  Ал,  қане 

қайсысымыз  қаламыз?  —  дедi  Әрiпбай.

— Мен қалайын, — дедi Тастан.— Сендер жылқыны айдап 

кете  берiңдер.

  Көбектiң  атын  Сүлеймен  жетектеп  алған.  Жалғыз  ғана  ат 

сиятын құз жолының бiресе төмен, бiресе жоғары өрлеп кететiн 

қияс өткелдерi көп-ақ. Бiрақ та, жылқы жануар басқа малдарға 

ұқсап, мұндай жолдарда бiр орында тiзбектелiп, тұрып қалмайды. 

Алдыңғысы жүрсе болды, арттағылары соның соңынан өздерi-ақ 

шұбырып кете бередi. Кей-кейде барымташының ниетiне жылқы 

жарықтықтың  осындай  көнбiс  мiнезi  көп  көмектесетiнi  бар. 

Сүлеймен  мен  серiктерi  үшiн  ендi  жылқыдан  келер  қауiп  жоқ. 

Тек мынау Көбектiң жайы ғой, бәрiн қинап келе жатқан. 

 Ұзақ жүрiстен соң жылқылар да, олардың соңындағы адамдар 

да тау iшiндегi алаңқайға жеттi. Ол жерде бұларды Кендiр күтiп 

тұр екен. Құз түбiнен шылжырап аққан бұлақ басында бәрi аттан 

түстi.  Аз-маз  уақыт  демалып  алған  соң,  өзара  тағы  да  Көбек 

жайлы сөз етiсiп, оны аттан түсiрiп алмақ болды. 



101



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет