Сүлеймен қарақшы
жүрек бар. Кез-келген асауыңды жалынан тұқыртып ұстап, тырп
еткiзбей қояды. Бүгiн кешке қасыма ертпекшiмiн.
Әрiпбай Сүлейменге қарап, қай ауылдан, кiмнiң баласы,
жасы қаншада екенiн сұрады. Сүлеймен “он жетiдемiн” дегенде
Әрiпбайдың ойнақшыған көк көздерi одан бетер шығып,
таңырқаған кейiппен:
— “Он жетiдемiн” деймiсiң? Мен сенi жиырма беске келiп
қалған жiгiт екен деп отырсам... Әкең Мәмен онша iрi кiсi емес
едi. Жақ сүйектерiң мен қолдарыңның iрiлiгi мына нағашың
— Көбекке тартқанымен, алпамсадай денең мен биiк бойың
кiмге тартқан? Он жетiде болсаң да күрессек, менi сiрә, атып
ұрарсың-ә? Кел, күш сынасып көрейiкшi. Отырған жерiмiзден
кiм кiмдi өзiне тартып алар екен, — дедi де Сүлейменнiң екi
бiлегiнен шап берiп, өзiне қарай тартты.
— Әй, Әрiпбай. Түкiрiп қой. Көзiң өтiп кетiп, жиенiм жолда
ауырып қалып жүрмесiн, — дедi Көбек күлiп.
— Тфу, тфу, баланың бiлегi мықты секiлдi. Ұялма, бала, бар
күшiңдi салып, тартыса бер.
Ол “ұялма” деген соң бұл да шындап кеттi. Әрiпбайдың
екi бiлегiн екi алақанымен ұстап алды да, “ауп” деп өзiне
тартып қалғанда, малдас құрып, күшенiп отырған ананың көтi
көрпешеден көтерiлiп барып, бетi тура мұның аяғын сүздi.
— Ойбай, Сүлеймен. Жетер, жетер. Шынында күшiң дүлей
екен. Мықтымын деген қанша жiгiттер менi бұлай оп-оңай
төңкере алмаушы едi. Сен нағыз балуан екенсiң.
— Менi бекерге айтып отыр дейсiң бе, Әрiпбай. Жиенiмнiң
күштiлiгiне ендi көзiң жеттi ме?
— Бұл бiз үшiн таптырмайтын жiгiт екен. Баяғыдан берi неге
қасыңа қоспай жүрсiң мұны?
— Несiн сұрайсың. Сәтi мен кезi ендi келдi де. Ал қазiр дайын
болсаңдар, жүрейiк. Аққорғанға жеткенше кеш те батып қалар.
Сүлеймендi сонда жеткенше мiнгестiрiп ал. Сол жерге барған
соң жетектегi аттың бiрiн мiнедi. Айтпақшы, жетекке қанша ат
алатын болдыңдар?
— Үш ат алып едiк. Бiреуiн Сүлеймен мiнсе, екеуi жетедi де.
16
Сүлеймен қарақшы
— Ұрлыққа барғанда да жетекке ат алып жүре ме, нағашы?
Жетектегi ат бiзге кедергi емес пе? — деп сұрады Сүлеймен
үшеуi далаға шыққан соң.
— Қазiр атқа мiнiп, ауылдан ұзайық. Бiзге жетектiң не үшiн
қажет болатынын содан соң айтамын.
III
Көбек баласы Оспан ерттеп қойған қасқа атының қасына келген
соң, “Атымды өзiм ерттемесем, ерге отырғандай болмаймын”,
— деп оның тартпасын босатты да ерiн сыпырып тастап, қайта
ерттедi. Шiркiн, қасқа ат — ат-ақ. Басы үлкен болғанымен мойны
жiңiшке. Есесiне қалың жалының астындағы желке етi дөңгелене
бұлтиып тұр. Кеудесi кең, аяқтары ұзын. Есiк пен төрдей созылған
денесiне басқа аттарға қарағанда, жайпаңдау болып бiткен арқасы
мен жамбас үстi жарасымды көрiнедi. Әдетте мұндай аттар ұзақ
жүрiске шыдамды немесе дода ортасынан көкпар алып шығуға
бейiмдi келедi. Бұл қасқа ат Көбекпен бiрге қай жерге бармады
дейсiң. Жануарға тiл бiтсе ғой, Көбектiң талай құпиясын ашып
берер едi...
— Қоржынды маған берiңдер де, екеуiң мiнгесiп алыңдар.
Құдай жолымызды берсе, аттанайық.
Сүлеймен қоржынды Көбекке берiп, Әрiпбайдың артына
мiнгестi. Ол мiнгескенде Әрiпбайдың аты Сүлейменнiң салмағын
ауырсынғандай артқы екi аяғын қиқалаң еткiзiп, бүгiлiп барды
да, бойын әзер дегенде тiктеп алды.
— Ойбай, Көбек-ау, мына жиенiңе сенiкi секiлдi мықты ат керек
қой. Байқадың ба, маған мiнгескенде атымның белi шойырылып
қала жаздады, — деп күлдi Әрiпбай. — Бүгiн Кендiр жетектеп
келетiн шұбар ат осыған жүдә лайық болады екен.
— Кендiрiңiз кiм?
— Кендiр деген арамызда бiреу бар. Жасы сенен екi жас
үлкен. Жас болса да бөрi-ау. Қазiр Аққорғанға жеткенде өзiң
көресiң.
Екi атқа мiнген бұлар ауылдан әудем жердегi жота басына
шыққасын, Бiркөлiкке апаратын қос ат қатарласа жүретiн екi
тарам еңiс жолға түстi. Еңiс жол жота бетiн көлбей түседi екен.
|