Детективті хикаят Алматы, 2021


…Бiрақ Сүлейменнiң осы бiржақты ойы оған болашақта



Pdf көрінісі
бет74/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   265
…Бiрақ Сүлейменнiң осы бiржақты ойы оған болашақта 

бақтан гөрi сор көп әкелдi. Өмiрiнде айқасқан адамдардың 

ешқайсысынан  жеңiлiс  көрмеген  ол,  өзiн  қоршаған 

адамдардың iшiндегi ең алыбымын деп санап, үлкен-үлкен 

қателiктер жiберiп алды. Кейде оның пендешiлiгi де басым 

болды…


153

Сүлеймен қарақшы

Қарақшылар  өздерi  “қазақтар  ұясы”  деп  атап  алған  шатқал 

iшiнде  бес  айдай  бейтарап  бейбiт  уақыт  өткiзген  соң  бiр  күнi 

кеңес  құрды.

—  Алтауымыздың  iшiнде  жастары  үлкенiмiз  —  Аязбек 

екеумiз ғой. Биыл Құдай қаласа, жиырма тоғызға келiп отырмыз. 

Бiрақ “бәрiмiзден күштi, бәрiмiзден дәу” деп, Сүлеймендi басшы 

сайлағанбыз.  Қалғанымыз  оған  тiреу,  әрi  ақылшымыз.  Үрме 

жасап,  тауда  үй  тұрғызып,  аңдар  ортасында  екi  аяқтылардың 

кiшкене бiр ауылын тұрғызып та қойдық. Ендi аң сияқты тағы 

болайық  демесек,  айналадағы  өзiмiз  сияқты  басмашылармен 

байланысқа  шығып  көрейiк,  —  дедi  Төрекелдi. 

—  Олармен  бейбiт  байланыс  ретсiз-ау  деймiн.  Осы,  анау, 

Тоқымжанның  бiзден  қашып  кеткен  серiктерi  басмашылардың 

бәрiне барып, бiздi ендiгi жау қылып көрсетiп қойған да шығар.

—  Аязбек,  түнде  өздерiне  шабуылдаған  бiздер  екенiн  олар 

қайдан бiлсiн. Сен не дейсiң, Тоқымжан? Олар бiздi танып қоюы 

мүмкiн бе? — деп сұрады Сүлеймен.

— Егер ылғи қазақ — сендердi көрсе, әлбетте, танып қоюы 

мүмкiн.


— Мәмлеге шақырсақ көнедi деп ойлайсың ба?

— Мен бiлетiн Сайфул бек болса, ол өз адамдарын өлтiргендердi 

ешуақытта кешпейдi. 

—  Кешпесе,  кешпей-ақ  қойсын.  Олармен  мәмлеге  келер 

болсақ, бiздi өздерiне бағынышты етiп алары хақ. Ал бiз ешкiмге 

бағынуға  тиiс  емеспiз.  Қайта,  олардың  өздерiн  бағындырып 

алайық.  Тоқымжан,  Боштайдың  ба,  Әрiпханның  ба,  қайсының 

бандасы  бiзге  жақын  орналасқан?.

—  Боштайдiкi  жақындау,  Сүлеймен.  Бiрақ  оның  адамдары 

көп.  Мен  көргенде  отызшақты-тұғын.

— Әрiпханда ше? 

— Ой, ең үлкен топ соныкi ғой. Оның елу-алпыс адамы бар.

— Онда кеттiк, сол Боштайыңа. 

  Қарагер  атты  осында  қалдырып,  мұздай  қаруланған  бес 

қарақшы  жолға  шықты.  Жол  көрсетушi  Тоқымжанға  қару 

бермедi. Себебi алда-жалда атыс бола қалса, өздерiне қаратып, 

оның  оқ  атуы  да  мүмкiн. 



154

Сүлеймен қарақшы

“Қазақтар ұясынан” түс әлетiнде шыққан алтау ылди-өрлi тау 

арасымен  кешке  дейiн  жүрiп,  бiр  жыраға  келгенде  Тоқымжан 

айтты: 


—  Анау  көрiнген  төбенiң  арғы  жағы  екi  жақтамалы  құз. 

Құздың  түбiнде  Боштай  сарбаздарының  қосыны  бар.  Төбенi 

айналып, алды жақтарынан шықсақ, сарбазы көп ол топты ала 

алар  ма  екенсiңдер.

—  Алдыңғы  жағынан  баруға  болмайды.  Өйткенi  Боштай 

жауды  ылғи  сол  жақтан  күтiп  отырады.  Әрi  қарауылдары  да 

сонда тұруы ықтимал. Не де болса оларды желкесiнен басайық. 

— Адамдарың азғантай-ақ, Сүлеймен. Оларды шабуылдауға 

қорықпайсыздар  ма?  —  дедi  Тоқымжан  Сүлейменге  сығырая 

қарап.


—  Неге  қорқамыз?  Анадағыдай  түнде  шабуылдаймыз. 

Айтпақшы,  осы  басмашылар  ит  ұстай  ма?

— Үрiп, алыстағы жауға белгi берiп қояды деп, ит ұстамайды 

олар.


— Онда жақсы болды. Қосынға жақындап барып, түн ауғанша 

бiр панаға тығылып жатайық. Арғы жағын көрермiз.

Топ  алға  бiраз  жүрiп,  ылдиға  түстi.  Төбесi  жайпақ  тау 

жотасының  батыс  жақ  сiлемi  шынында  құзды  екен.  Етекке 

қосын  тiккен  басмашылар  бұл  жақтан  “жау  келiп  қалар”  деп 

әсте  ойламас-ты.  Олардың  сескенетiн  жауы  —  қызылдар.  Ал 

қызылдар  келетiн  болса  батыс  жақтан,  яғни  Тәшкен  немесе 

Бегебад жақтан келуi тиiс. Сүлейменнiң әлгiндегi бағамы дұрыс 

шықты. Құзды жотаның баспалдақты тасты жерлерiмен жүрiп, 

орта тұсқа келгенде, сонадай жерден бiраз адамдардың сұлбасы 

көрiндi.  Қарақшылар  тас  панасына  тығылды.

— Мiне, Боштайдың мекенi осы, — дедi Тоқымжан.

— Тым ашық жерде отыр ғой бұл басмашыларың. Әрi күрке-

лашықтары да көрiнбейдi, — деп таңырқады Аязбек.

— Бiз төбеде тұрған соң олар ашық жерде орналасқан сияқты 

болып көрiнiп тұр да. Егер алдыңғы жақпен баратын болсақ, өрге 

шығатын едiк. Бұл жердiң де арғы жағы сай. Ал бұлар бiзге ұқсап, 

күрке-лашық тiкпеген. Әне, қараңдаршы, бiреулерi құз етегiндегi 

тесiкке  кiрiп-шығып  жүр  ғой.  Сол  тесiктер  ескi  заманнан  бар 

кiшкене-кiшкене  үңгiр  қуыстар.  Бұлар  соларды  жатын  орын 

қылып алған. Болмаса, құзға жапсарлас етiп, тас үйшiк салған.



155



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет