Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет94/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   265
Сүлеймен қарақшы

  Мұның  оянғанынан  бейхабар  Зүндiн  еппен  лашыққа  кiрдi 

де, сол қолындағы шоқпарды жерге қойып, сәл тұрды. Көзiн сәл 

ғана сығырайта ашып, өзiн көрiп жатқан Сүлеймендi әлi ұйқыда 

деп ойласа керек. “Өзiң жүдаям кәттә екенсән. Етин мингә үштә 

күнгә жетади”, — деп күбiрлеп, оң қолындағы пышақты көтерiп 

мұның қарын тұсына ұра бергенде Сүлеймен бар жылдамдықпен 

тiзелерiн  жиып,  қос  табанымен  оның  кеудесiнен  бiр  тептi. 

Тепкiнiң күштi болғаны соншалық, Зүндiн артқа қарай ұшып бара 

жатып, лашық үстiне жабылған қамысты өзiмен бiрге ала-мала, 

сыртқа  шалқасынан  түстi.  Шалқалай  құлағанда  үстiн  лашық 

қамыстары  жартылай  жауып  түскен  оның  тырп  етуге  шамасы 

келмедi. Бiреудiң сатқындығын ешуақытта кешпейтiн Сүлеймен 

орнынан тұра сала оны қамыс арасынан суырып алды.

— Ай, кеше мен саған “тату болайық” деп айтып едiм ғой, — 

деп ақырды да, онсыз да демi шықпай тұрған оның мойнын күтiр 

еткiзiп бұрап жiберiп, лақтыра салды.

— Жақсылықты түсiнбеген ит жөйiт.

  Содан  қарагерге  қайта  қонды.  Жалғыз  аяқ  жолмен  қамыс 

шетiне  шыға  бергенде  кешегi  екеудiң  тiлiм-тiлiмi  шығып 

жатқанын көрдi. Қансыз еттерiн бiреудiң пышақпен тiлгiлегенi 

көрiнiп  тұр.  “Зүндiн  пәленiң  қылығы  ғой.  Тоба,  кеше  нан  жеп 

тойса да, үйренiп қалған адам етiне аңсарлары ауып тұрады екен-

ау бұлардың. Кеше не деп едi өзi? “Қансыз адам етiнiң онша дәмi 

болмайды” деп пе едi бiр сөзiнде. Мыналардың етiнен қанағат 

таппаған  соң  менi  жарып  жемек  болған  екен  ғой…  Әй,  осы 

менi ажалдан Құдай қағады. Түнде ұйықтап жатқан жерiмде соя 

салса, не iстер едiм. Бәрiнен бұрын мына қарагерiме ырзамын. 

Жануар, талай жерде қауiптен сақтандырып жүр. Осы болмағанда 

баяғыда-ақ қасқырға жем, болмаса басмашылар оғының құрбаны 

болып кетер ме едiм?” 

 Небiр қатерлi сәттерде өзiне адамнан бетер көмек көрсеткен 

қарагерiнiң жалын риза көңiлмен қос қолдап сипап-сипап қойды.



194

Сүлеймен қарақшы

VIII

  Сүлеймен  елден  кеткенде  “мiлисадан  қашып  кеттiм”  деп 

ойламады. Ол ес бiлiп, етек жапқалы берi, бiреудiң басынғанын 

жек көрумен бiрге кез келген заң-зәкүнгеде басыбайлы болғысы 

келмейтiн. Мұзарт шыңдарды мекендейтiн қыран құсқа, сайын 

сахарада жосып жүретiн бөрiге ұқсағысы келетiн. Келетiн емес-

ау,  сондай-тын.  Өзiн-өзi  сергелдеңге  салып  қойған  өмiрiне, 

әмәнда  қауiп-қатермен  бетпе-бет  келiп,  өтiп  жатқан  ғұмырына 

әсте налымайтын. Жұрт бұл туралы не ойласа, оны ойласын. Ол 

өз өмiрiне ырза. Оған “үрлеп iшiп, шайқап төгер” ас-ауқаттың да, 

мамық төсек, құс жастықтың да керегi жоқ. Оның бар салтанаты 

— еркiндiк. Оған тек желкеден түртiп, маңдайдан нұқып бұйрық 

беретiн  бiреу  болмаса  болғаны.  Құдайдан  басқаның  бәрiнен 

азат.  Ел-елдiң  басын  бiрiктiрiп,  бiр  заңға  бағындырып  қойған 

бәлшебектiң  өкiметiне  де  түкiргенi  бар.  Оның  қосын  сүйретiп, 

соқасын жыртқанша, тау кезiп, тағы аңдай күн көргенi жақсы. 

  Бiрақ  өздерiн  дәл  осылайша  сезiнетiндер  бiр  Сүлеймен 

ғана емес. Шыршықтың ар жағындағы қалың қазақ әлдеқашан 

жаңа  өкiметтiң  айдауына  көнiп,  тұмсықтарына  көнбiстiк 

ноқтасын  iлдiргенiмен,  Алай  тауының  терiстiгi  мен  Ферғана 

жазығындағылар әлi құтырып тұр. Құтырып тұрған халық емес, 

әрине. Мұндағы ел де бәлшебекке бас иген. Бiрақ сол бәлшебекке 

бағынбай жүрген басмашылар мен қарақшылар әлi көп. Мiне, екi 

жылға  аяқ  басты,  Сүлеймен  солармен  тағдыр  тоқайластырып, 

Қоқан  жерiнде  жүргенiне.  Екi  жылдай  бұрын  “Жылға” 

маңындағы адам жегiштердi сiлейтiп кеткен соң Тәшкен асқан. 

Онда  көп  тұрақтамай,  елбесiп-селбесiп  отырған  Тойтөбе  мен 

Қыбырай  жұртын  бiраз  паналаған.  Ол  жерде  де  тұрақ  таппай, 

Бөкi  мен  Көкаралды  басып,  Хожентке  өтiп  кетпек  болған-ды. 

Бегабадта  баяғы  таудағы  үңгiрде  қалып,  өзi  қайта  таба  алмай 

қалған  Төрекелдi  мен  Аязбек  кездесiп,  мәре-сәре  болысқан. 

Содан  қайталап  табысқан  үш  “арлан”  бiрден  Қоқанға  тартқан.

 Қоқанда қазақтар мол. Бiрақ көбiсi өзбектенiп қалыпты. Сонда 

да әлi руларын ұмытпаған. Қыпшақтар мен қоңыраттар iшiнде 

Төрекелдiнiң  ескi  таныстары  көп  екен.  Осылардың  арқасында 



195



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет