Девиантты мінез-құлық ( лат.deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1] Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Даналық адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті, тұлғаның тиімді анализбен, адамдар өміріндегі күнделікті және ғылыми оқиғаны алдын-ала жобалауы мен және бағалауымен байланысты интеллектуалдық дамуының ең жоғары деңгейі, табиғи интелектінің (құраушы) бір жағы. Ол болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты өңдеу мен бейімделуге тікелей байланысты. Сонымен бірге даналық интеллектуалдық жетілудің ерекше жағдайы ретінде танылады.[ Даналық – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің шығармаларында ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады.
Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол.
Даналықтың, көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалыптасады. Білім атаулы қашаннан нақты болады әрі жекені қамтумен шектеледі, ал даналық жалпыны, тұтас құбылыстарды – дүниені, өмірді, дәуірді, тарихты қамтиды. Білім – өткінші, уақытша, салыстырмалы, даналық, яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, ал дана адамдар, данышпандар бұрын да, қазір де аз. Гераклит «Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді