18-дәріс
Дэвид Герман
«Сценарийлер, реттілік және тарих»
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ:
АНТОЛОГИЯ, І
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
18. Дэвид Герман «Сценарийлер, реттілік және тарих»
2
Мақсаты: Германның теориялық постулаттарын когнитивті ресурстармен және ұғымдар-
мен өзара байланыста түсіндіру, баяндаудың құрылымдық бағытын айқындау.
Кілт тіркестер: сценарий, скрипт, схема, фрейм, статикалық және динамикалық репер-
туарлар, когнитивті ресурстар.
Негізгі идеялары:
• Тіл теориясы мен когнитивтік ғылым туралы эссе.
• Деннис Маркадел анықтамалары: сценарий, скрипт және схема.
• Статикалық және динамикалық репертуар ерекшеліктері (Герман бойынша.)
• Баяндаудағы функционалдық бағыт.
• Баяндаудағы когнитивтік ресурстар: жады, сценарий және фрейм.
Герман – Универсалды грамматика мен сипаттамалы пішіндер туралы еңбектердің авторы
Солтүстік Каролина штатындағы университетте ағылшын тілінен дәріс беретін профессор
лингвистика, әдебиет теориясы және ХХ ғасыр әдебиетінен зерттеулер жүргізіп, өз тұжырым-
дарының нысаны етті. Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын эсседе ғалым танымдық
ғылым туралы баяндайды. Профессордың пікірі бойынша, біз күрделі мәселелерді кейде
тым қарапайым қабылдаймыз, сол арқылы жаңа сенсорлық деректерді санамызда бар
«сценарийлермен» салыстыра отырып, баяндау теорияларын қайта қарастырамыз.
Осыдан отыз жылдай бұрын Клод Бремонд пен Роланд Барт сияқты нарратологтар
Владимир Пропптың «Ертегі морфологиясымен» қанаттанып, бяндаудың реттілік идеясын
негіздеді. Олардың бастамасымен баяндаудың ортақ әрі әмбебап құрамдас бөліктері де
жинақтала бастады.
Дэвид Германның еңбегінде келесі мәселелер өз шешімін іздеді: «Оқиғаларды оқиғалар
деп танытатын қандай реттілік?», «Кейбір баяндаулар қайта реттеуге бағына ма?», «Оқиғалар
мен тарихтың кейбір типтері баяндаудың ең қарапайым талаптарына сәйкес келе ала ма?».
Осы негізде кейбір ғалымдар кейде әңгімелердің құндылығы мен қызығушылығын немесе
тиімділігін анықтайтын белгілерді табу оңай болмайды деп есептеді.
«Сценарийлер, реттілік және тарихтар: постклассикалық нарратология элементтері» атты
эсседе ғалым тіл теориясының дамуы мен танымдық ғылым мәселелерін қарастыруды
мақсат етті. Бұл бағыттар құрылымдық поэзия шарықтап дамығаннан кейін пайда болды
деп есептелді. Дәл осы негізде баяндау да кеңінен талдау нысанына алынды. Аталмыш
еңбекте жасанды интеллект саласы мен білім құрылымындағы зерттеулердің маңызына
мән беріліп, схема, сценарий және фрейм туралы әңгіме қозғалады. Ойын дәйектеу үшін
Герман Деннис Меркадалдың мысалдары мен анықтамаларына жүгінді. Мәселен, «сценарий
дегеніміз – оқиғалардың реттілігін сипаттау, скрипт фрейм сияқты, ол алда күтілетін оқиғалар
жиынтығы іспеттес, скрипт дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын оқиғалар
реттілігі. Схема болса, психологиялық әдебиеттерде қолданылатын термин, ол адамдар өз
эмоцияларының түсініктемесін таба алатын жады қызметіне негізделеді» деген ойлар ерекше
аталды. Германның айтуына қарағанда, бұл зерттеу ақылдың кең көлемдегі, бірақ шексіз бола
алмайтын «тәжірибелік репертуарлар» санына бағынатынын дәйектейді.
Жадыда жинақталған тәжірибе қатардағы не алдағы оқиғалардан күтілетін құрылымдық
репертуарды немесе жоспарлар тізбегін қалыптастыра алады. Нәтижесінде, автордың мысал-
дарына жүгінсек, статикалық репертуар орындықты үстелден, ал мысықты нан салатын
құрылғыдан ажыратуға мүмкіндік береді. Динамикалық репертуар болса, күнделікті жағдайда
оқиғалардың даму бағытын білуге көмектеседі. Сонымен, когнитивистер стереотипті білімді
қабылдау мен қорытындының күрделілігі мен ұзақтығын қамтамасыз ететін құрал ретінде
зерттеді. Мұндай тұжырымдар байланысын Бобув пен Норманның, Чарняк пен Макдермоттың,
Гришманның, Меркадалдың және Минскийдің еңбектерінен табуға болады. Шенк пен Абельсон-
ның көзқарастарына сәйкес, бұл зерттеулер дәстүрінде «түсіну» ұғымы «адамдардың өздері
бойларынан өткізіп сезінген, жадыда сақтаған, көрген не естіген деректеріне сәйкесетін» үдеріс
ретінде сипатталады. Бұл жерде ерекше мән «скрипт» ұғымына да беріледі. Олар жоғарыда
аталған әрекеттерді белігілі бір реттілікпен сақтауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді немесе
3
3
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
18. Дэвид Герман «Сценарийлер, реттілік және тарих»
күрделі міндеттің орындалуы арнайы сценарийді қажет ететіні сөзсіз. Айталық, бірде бір адам
жүрекке арнайы операция жасайтын кезде немесе әр түрлі жылдамдатқыш құрылғыларды
ойлап табу сәтінде өзара тығыз байланыстағы бірнеше сценарийлерсіз оны іске асыра алмайды.
Сол сияқты мәтін мен дискурсты түсіну де бірнеше сценарийлерге назар аудару арқылы ғана
жүзеге асатынын ескеру керек деп есептеледі.
Баяндау үдерісі реттіліктің ұйымдастырылу түріне қатысты болады. Мәселе оқиғалардың
мәлім болуымен емес, әңгімелердің оқырманға әсерімен құнды болатындығынан туындайды.
Соған орай, зерттеуші де өз назарын өзгеше элементтерге шоғырландырады. Өзіне дейінгі
бастамашылар еңбектеріне сүйене отырып, Герман әңгімелерді жаңа және алдыңғы білім
жүйелерін сипаттау, талқылау, дауласу құралдарын қолдана отырып татуластыратын өзгеше
амал ретінде қарастырды.
Нәтижесінде автор талдауы лингвистикалық пішінге, білім және баяндау құрылымы ара-
сындағы байланыстарға негізделді. Герман екі түрлі факторға ерекше назар аударды. Біріншіден,
оқырмандар мен тыңдаушыларды оқиғаларды айтуға жетелейтін баяндаудың маңызы аталса,
екінші фактор баяндау реттілігінің нарративті сипатымен байланыстырылды. Алғашқысы
баяндау талаптарының анықтаушы деп танылса, соңғысы, Г. Принстің айтуына қарағанда,
баяндауды баяндау деп зерделеуге мүмкіндік беретін шартты және контекстік ерекшеліктерді
анықтайтын құрылым деп қарастырылды.
Баяндауды нарративтілікпен байланыста қарастырған дұрыс. Бұл сипаттамалы реттілікті
жеңіл өңдеуге мүмкіндік беретін шарттар мен факторлар қайшылығы тұрғысынан зерттеуге
септігін тигізеді. Оқиға сюжетіндегі лингвистикалық, мәтіндік, семиотикалық ерекшеліктерді
анықтай отырып, ғалым баяндаудың өзіндік табиғатын көрсетуге тырысты, сондықтан ең
қарапайым нарративке негізделген реттілік хронологиялық тұтастыққа оңай бойлай алады
деп тұжырымдалды.
Сценарий туралы түсінік нақты әдеби шығармалардың құрылымдары мен функцияларына
мән берумен шектелмейді. Баяндау теориясын зерттеушілер сценарийдің әр түрлі модальдық
үлгілерін қарастыра келе, нарративтік әдістердің тарихи даму шарттарын қайта таразылауға,
баяндау жанрлары арасындағы ерекшеліктерді жақсырақ түсінуге тырысты. Сценарийге негіз-
делген әдебиет тарихын зерттеу тәсілдері мәтінаралық тұжырымдарды перефраз жасаудың
амалдарын ұсына алады деп есептелді, соның нәтижесінде әр түрлі әлемдік модельдердің
аралық байланысын танып-білу құралы бола алады деп түсіндірілді.
Ерте кездегі нарратологтар білім құрылымын зерттейтін өзіндік ерекшеліктерді айқындады.
Осыған орай, Герман зерттеуінің мақсатын да классикалық поэтиканы ескірген талдау құрылы-
мы ретінде жоққа шығару емес, керісінше, оның қажеттігін дәлелдеу мәселесі анықтады. Баяндау
реттілігі мәселесін қайта ой таразысынан өткізу постклассикалық наратологияның дамуына
себепкер болды. Бұл бағыт алуан түрлі теориялық үлгілермен және мақсат-міндеттермен
нақтыланды, олардың арасында феминистік, риторикалық, лиснгвистикалық а модельдер
алынды. Эссенің құндылығын танымдық сипаттағы элементтердің жинақталуы дәйектеді.
Бұл оқырман мен әдеби мәтін арасындағы байланысты жаңаша түсіндіруге мүмкіндік берген
амал деп танылды. Мысал ретінде Вольфганг Исер мен Ричард Дж. Джерринг еңбектерінің
қайшылығы талдау нысанына алынды.
Эссенің «Реттіліктер: классикалық есеп жазбалары мен постклассикалық перспективалар»
атты тарауы нарративті функцияларды зерделеуге бағытталған. Проппты зертеген Бремондқа
сілтеме жасаған Герман бұл функционалды ерекшелікті «баяндаушы атом» деп анықтады.
Нарративті функциялар реттілікпен топталатын және баяндауды түрлендіретін әрекеттер мен
оқиғалар желісі деп айқындалады. Пропп тұжырымдарында функция әрекеттер негізінде
сипатталатын кейіпкердің актісі ретінде түсіндіріледі. Демек, әрекеттер функцияның негізін
сараласа, функция өз кезегінде реттілікті, ал реттілік тарихты немесе Пропптың айтуындағы
орыс ертегілерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тұжырымдарына сәйкес, сипаттама
лексиканы саралау мақсатында ертегіні не оқиғаны актанттар жиынтығы деп қарауға болады.
Нәтижесінде актант негізіндегі нақты әрекеттер дискурстың синтагматикалық тізбегімен
жүзеге аса отырып, әртістердің абстракт өрнектерін кодтауға немесе жасыруға көмектеседі.
Дәл осы әрекеттер парадигмалық қатынастардың үлгілерін қалыптастырып, баяндаудың
нақты әрекеттерін байланыстыра алады. Мұндай актерлік рөлдердің логика-семантикалық
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
18. Дэвид Герман «Сценарийлер, реттілік және тарих»
4
ерекшеліктері, мысалы: өжет кейіпкер, залым немесе ізбасар образдары, олардың сюжеттегі
функционалдық бағытымен бекітіледі.
Аталмыш модель лингвистикалық немесе мәтіндік бірліктерді олар жүзеге асыратын
функциялармен салыстыру мақсатын көздемейді. Негізінде шартты бірліктердің өзара
байланыстырылатын корреляциялық әрекетімен сабақтаса отырып, біркелкі пайда бола-
тын нәтижелерге әкелу керек деп түсіндірілді. Дегенмен айталық Үлкен Томас деген кейіпкер
әрекеттерінің құрылымдық сипаты өзара бәсекелесетін не қайшылық тудыратын түсінікте-
мелерді тудыруда біркелкі бола алмайды. Өз кезегінде «Bigger» әрі зұлым, әрі батыл, әрі
агент, әрі емделуші пациент болып табылады. Пропп болса, шектеулерді табуға талпынып,
ертегінің жанр ретіндегі құрылымдық белгілерін саралауға тырысты. Ол кез келген ертегідегі
құрылымдық ретті жүйелеуге тырысты. Бұл шектеулер оқырманға әрекеттерді салыстыруға
мүмкіндік берер еді. Дегенмен ең үлкен қиындықтардың бірі – Пропптың баяндау талаптарын
ертегінің өз пішінінен немесе ертегі қызметінің реттілікпен кеңеюінен іздеуі.
Франко тілді структуралистер лингвистикалық немесе мәтіндік пішіндердің тарихи реттілік-
ті түсіндіруге мүмкіндік берер ерекшелігін ескере келе, толық шарты бола алмайтынын
кейін түсінді. Осылайша Цветан Тодоров баяндаудың реттілігін келесі үлгіде сипаттады:
«Реттілік екі және алуан түрлі жағдайдың болуын міндеттейді. Олардың әрқайсысы аса көп
болмайтын сөйлеммен сипаттала алады. Ең аз дегенде әр жағдай мен бір сөйлемінің арасын-
да трансформациялық қатынас болуы керек». Бұл жерде теоретик Виктор Шкловскийдің
«әрқайсысымыздың бойымыздан орын алар ойлау мүмкіндігі, оның баяндау реттілігін аяқтауға
немесе аяқтамауға жол ашар ерекшелігі» туралы ойларына сілтеме жасайды.
Герман реттіліктің баяндау үлгісі ретінде өңделе алар қабілетін оның белгілі түрімен ғана
емес, сонымен қатар сол түрдің оқырманмен сабақтасар, оқиға желісін түсіндіруге мүмкіндік
берер табиғатымен байланыстырды. Бұл түр мен мәнмәтін арасындағы екі жақты байланыс
Р. Барттың «Баяндаулардың құрылымдық талдауына кіріспе» атты еңбегінде де байқалды.
Герман эссе кейде глоссематиканың құрылымына сәйкес қарастырылатынын атап өтті. Бұл
жерде Барттың баяндау реттілігін «бір мақсатқа бағынған бірліктердің логикалық кезектесуі»
деп анықтаған тұжырымы да ескерілді.
Герман: «Адамдар оқып, өңдей алатын түрлі схема, термин үлгілеріндегі сипаттамаларды
есте сақтай отырып, тілді меңгере бастайды», – деп жазды. Бұл контексте реттілік оқырмандарға
«әр логикалық жүйені тұтастыққа бағытталған әрекетер тізбегі» деп қабылдауға мүмкіндік
беретін «ат қою» нәтижесі тұрғысынан сараланады. Автор реттілік алдағы және ағымдағы
оқырман ойларының жемісі деп есептеді. Пропп орыс халқы ертегілерінің құрамдас бөліктерін
шектеуге тырысқанда, Бартес тәжірибелі репертуарлар оқырмандарға өзге реттіліктерді танып
білуге көмектесетіндігін көрсетуге ұмтылды. Одан кейінгі зерттеулер, Барт тәжірибесінің одан
да бай әрі одан да нәзік тәсілдерді жинақтауын қамтамасыз етті. Оларда сценарийлер немесе
оқиғаның реттік бірыңғайлылығы деп аталатын білім құрылымдары көрінді. Кейінгі тәжірибеде
Фредерика Бартлеттің жадқа талдауын негізге ала отырып, когнитивист ғалымдар стереотиптік
жағдайлар мен оқиғалар оның жадында сақталғанын және әлемді тану үшін қолданылатынын
зерттеді. Сонымен, Шенк пен Абельсоннің мысалдарын келтірілейік: әркім мейрамханада
өзіне даяшы келген кезде не істеу керектігін біледі, өйткені олар бұрын мейрамханада болған
және даяшы мен клиенттің қалыпты ролі есінде сақталған. Әрі керісінше, егер адам керекті
когнитивтік ресурстар шеңберінде мейрамхананың тиісті сценарийлерін игермесе, онда
мейрамханаға әрбір барған сайын жаңа «жағдайлар» болып тұрады. Осыдан Роджер Шенк
пен Роберт Абельсон Роджердің шығарған қорытындысы: «Кейбір эпизодтар, олар жеткілікті
болған кезде, эпизодтарды сақтау кезіндегі экономикалық шаралар секілді, басқасын еске
салады және қалыпты қорытынды эпизодтар терминдерінде сақталып қалады, оларды біз
сценарий деп атаймыз».
Сценарий – бұл нақты мәтіндегі оқиғаның тиісті реттілігін сипаттайтын құрылым. Сценарий
слоттардан және осы слоттарды толтыруы мүмкін талаптардан тұрады. Құрылым өзімен
өзара байланыстағы бір бүтінді және бір слоттағы бар нәрсені, және басқа слотта болуы
мүмкін нәрселерге ықпал етуі мүмкін нәрселерді білдіреді. Скрипталар стильденген күнделікті
жағдайларды өңдейді. Олар елеулі өзгерістерге ұшырамайды және жаңа жағдайларды өңдеу
үшін құрылымдарды қамтамасыз етпейді. Сонымен сценарий дегеніміз – алдын ала стереотипті
реттелген әрекеттерді білдіреді, олар белгілі оқиғаны анықтайды.
5
5
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы: Антология, І
18. Дэвид Герман «Сценарийлер, реттілік және тарих»
Келесі «Баяндау мәселелері: ойша эксперимент» бөлімі жағдаяттық талдаулардың негізінде
дайындалды. Нарратологтар нақтылықты айқындайтын белгілерді жүйеледі. Оқиғалар мен
жағдайлардың түсініктілігі баяндау терминдерінің дұрыс өңделуімен тығыз байланысты.
Нарративтілік әр түрлі деңгейде танылуы мүмкін. Егер екі предикат та бірнеше бағытты қамтыса,
онда факторлар мен баяндаудың белгілері де жинақталатын болады. Мысалы, банкке ұрлыққа
түскен оқиғаның факторлары өзге қарапайым оқиғалар желісіне қарағанда әлде-қайда анық
болатынын сөзсіз. Егер екі оқиға да бір мәселеге бағытталса, онда олардың нарративтілігі
салыстырмалы түрде анықталады. Бұл не деген сөз Бұл сұрақтың туындауы келесі ойлар
тізбегін жалғастырары анық: Оқиғаның біреуін екіншісіне қарағанда басымдырақ ететін
қандай белгілер? Қандай шартты немесе контекстік өзгерістер бір нарративтілікпен сәйкеседі?
Осы және өзге де сауалдар автордан ойша тәжірибені талап ететіндіктен, Герман нарративтілік
табиғатынан оның үздіксіздікке – континуумға бағытталған байланыстарын талдап көрсетті.
Шын мәнінде, баяндау реттілігі мәселесін талдау кезінде эквивалентаралық білім негіз-
деріне сүйенген дұрыс деп танылады. Ортақ факторлар реттілікті сипаттама түрінде емес,
готикалық тарих үлгісінде өңдеуге бейім авторларда көбірек байқалады. Сонымен қатар, әдеби
баяндаудағы танымдық немесе когнитивтік амал-тәсілдер баяндау техникасындағы жанрлар
мен өзгерістердің, сценарийлердің қолданысы тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Баяндау
үлгілері әлемдік білім арналарымен әртүрлі деңгейде сабақтасуы ықтимал болғандықтан,
әдебиет тарихын зерттеу ілімдері де жаңа бағытта дамытылуы әрі ортақ категориялардың
жинақталуына әсер ете алатын болуы керек.
Эссенің «Скрипттер және әдеби интерпретация» деп аталатын бөлімі де өзіндік теориялық
маңызымен көзге түседі. Сценарий нұсқасын іске асыру бағытында түрлі көзқарастағы
ғалымдар әр басқа ойларын ортаға салса да, автордың пікірі бойынша, сценарий мен
әдеби мәтін арақатынасына көбірек назар аударған дұрыс. Осыған орай, Герман екі түрлі
болжамды ұсынады: диахронды және синхронды. Оның айтуына қарағанда, бұл екі бағыт
та постклассикалық нарратология бойынша стретегиялық зерттеулер жүргізу барысында
қолданылуы мүмкін.
Әдебиет тарихы әрдайым кеңейіп отыратын мәтіндер корпусын құрайды. Олар әр
түрлі нұсқалары бір уақыттағы мәтін өңделісінде қанша сценарийлер дамытылу керек
деген мәселені нақтылауға бағытталады. Айталық, Дон Кихот жартылай комикалық актіге
негізделген айыптау әрекетімен көрінеді. Бұл жерде көнерген сценарийлерге, рыцарлар туралы
романстарға деген көзқарас байқалады. Сервантестің романтикалық баяндауы оқырманнан
бай және әр жақты тәжірибелі репертуарларды талап етеді, сол арқылы оның ойдан шығарылған
әлемі құрастырылады. Сценарийлер мен әңгімелердегі мұндай өзгерістер екі жақты болып
келеді: сипаттамалы инновацияның қажеттілігі әр деңгейдегі әлемдік білім ұстанымдарынан
туындайды, олардың астарында алғашқы сипаттау әдістерімен тұтастық орын алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Германның тіл теорриясы мен танымдық ғылым туралы эссесінің мақсаты неде деп
ойлайсыз?
2. Деннис Маркаделдің сценарий, скрипт және схема туралы анықтамаларының ерекшелігі
қандай?
3. Статикалық және динамикалық репертуарлардың ерекшеліктерін қалай сипаттауға
болады?
4. Автор баяндаудың функционалды бағытына тән қандай ерекшеліктерді атап көрсетеді?
5. Баяндаудың танымдық ресурстарын сипаттап беріңіз: схема, сценарий, фрейм.
Қолданылған дереккөздер:
1. Джули Ривкин мен Майкл Райан. Әдебиет теориясы: Антология. 3-басылым. 231–245
беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |