Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


Уретра жарақаты кезіндегі біріншілік көмек



бет109/125
Дата29.11.2023
өлшемі11,18 Mb.
#131284
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125
Байланысты:
Диафрагманы концепциясы. Операциялы емге к рсеткіш, операция а-1

Уретра жарақаты кезіндегі біріншілік көмек

•Әдетте уретральды катетеризация (зақымданулар кезінде) немесе мықынүстілік цистостомия орындалады.
•Кейде эндоскопиялық реконструкция немесе хирургиялық жөндеу (таңдалған жарақаттар үшін).
•Кешіктірілген радикалды хирургия.
Несепағардың зақымдалуы кезінде 5-7 күн бойы трансуретральды катетеризация арқылы емдеуге болады.
Мықынүстілік цистоскопия арқылы жекелеген жарақаттар кезінде қуыққа дренаж салады.



  1. Екіншілік пиелонефритті емдеу әдістері

  2. Зәр ұстамаушылықты консервативті емдеу әді

  3. Бүйректің жарақаты кезіндегі дәрігер тактикасы

Жарақаттанғаннан кейін бірінші тәулікте науқасқа зақымдалған бүйрек өңіріне суық тағайындау қажет.Зардап шеккен адамдарда естен тану белгілері байқалған жағдайларда (бүйректердің оқшауланған зақымдарды кезінде ол сирек кездеседі) ең алдымен естен тануға қарсы әдеттегі, жалпы қабылданған шараларды жүзеге асыру қажет.Бүйректердің зақымданулары кезінде іс жүзінде шыдатпайтын, қатты ауыру ешқашан қабаттаспайды, бірақ олар екінің бірінде ішперде қуысы органдарының жарақаттануымен ұштасады, ал соңғының клиникалық көріністері кейде бүйректің зақымдануының неғүрлым анық білінетін белгілері тасасында көрінбей қалады. Сондықтан қалай болғанда да жарақаттанғаннан кейінгі бастапкы кезде, егер бүйрек зақымдалуын емдеудің консервативтік тактикасын жүргізу белгіленетін болса, наркотиктер қолданудан тартынып, анальгетиктермен шектелу керек. Бүйректің жарақаттануымен қатар сүйектері зақымданған зардап шегушілерге қатысты талықсуға карсы комплексті терапияның маңызды бір амалы сүйек сынған орындарды жергілікті новокаиндік блокадалау, Школьников бойынша ішкі астаулық новокаиндік анестезия және басқа амалдар болады. Қан құюдың және естен тануға қарсы әр түрлі сұйықтықтар құюдың да үлкен маңызы бар.Гемостатикалық дозаларда қан, дұрысырағы жаңа алынған қан кұюдың бүйректен қан кетуін тоқтату үшін де маңыздылығы көп; консервативтік емдеу әдісін қолданған кезде көпшілік жағдайда қан кетуін қысқа мерзім ішінде тоқтатуға келе коймайды. Бүйрек зақымдануларын емдеу қабыну сипатындағы асқынулардың алдын алу мақсатында антибиотиктер мен антибактериялық препараттар қолданылады. Жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс алу орталығының және т.б. қызметін көтермелейтін басқа дәрілік препараттар пайда болатын кажеттілік көрсеткіштеріне байланысты тағайындалады. Бүйректердің зақымдануларын консервативтік емдеу кезінде дисэ-лектролитемияны, бүйрек жарақатымен қатар басқа да зақымданулары бар науқастарда жиірек кездесетін азотемияны кетірудің де көп маңызы бар. Алайда организмдегі мұндай биохимиялық кінәраттарды емдеу қажеттігі бүйректсрдің оқшауланған зақымданулары кезінде де, олигоанурия секілді қаһарлы асқыну дамитын жағдайларда пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда диурезді көтермелейтін, ал егер одан ештеңе шықпаса экстракорпоральдық гемодиализді көтермелейтін комплексті шараларды жүзеге асыру кажет.Бүйректердің жабық зақымдануларын консервативтік емдеу кезінде жекелеген авторлар бүйрек зақымдарының жазылуына жақсы жағдай жасалуын қамтамасыз ету үшін және бүйрек маңындағы гематоманы кетіру үшін эндоскопиялық немесе хирургиялық манипуляциялар қолдану қажет деп есептейді.
Операцияның қажеттілігінің көрсеткіші абдоминальдық нышандардың болуына не болмауына қарамастан, бүйрек зақымдануының клиникалық симптомдарды аясында болатын елеулі, өмірге қауіпті ішкі қан кету белгілері болып табылады (артериялық қысымның түсіп кетуі, тамыр соғуының жиілеуі мен әлсіреуі, тыныстаудың жиілеуі, айналыстағы қан көлемінің кемуі, қан кетудің есесінің толық өтелгендей болу­ына эфектінің жоқтығы); ал абдоминальдық белгілер бүйрек жарақаттануының салдары да, сондай-ақ ішперде кеңістігі органдарының қабаттаса зақымдалуының көрінісі де болуы мүмкін екені мәлім. Ілгеріде көрсетілген, өмір үшін қауіпті қан кетудің себебі мұндай жағдайларда: бүйректің немесе (және) оның тамырлы ашасы элементтерінің оқшауланған ауыр зақымдалуы, бүйректің немесе (және) оның тамырлы ашасының және ішперде қуысы органының бір мезгілде қатарынан жарақатталуы болуы мүмкін; сондай-ақ мұның себебі бүйректің қосыла жарақаттануы өзінің сипаты бойынша ішкі қан кетумен (бүйрек маңындағы кеңістікке немесе ішперде қуысына) қабаттаспайтын тек қана гематурия болатын жағдайда ішперде қуысы органының бір өзінің ғана жарақаттануы болуы мүмкін; ал гематурияның көпшілік жағдайда жедел операция жасап араласуды талап ететін жиынтық шұғыл қан кетуде елеулі рөл атқармайтыны белгілі. Бір мезгілде бүйректі зақымдайтын жарақаттану салдарынан пайда болатын қан кетудің мүмкін болатын негіздері ілгеріде аталғандармен, әрине, шектелмейді. Операция жасау қажеттігінің көрсеткіштері жарақаттанудан кейінгі алғашқы сағаттарда пайда болады; алайда бастапқы қан кетудің күшеюі немесе қайта басталуы салдарынан бұл көрсеткіштер кенеттен және алғашқы 3 тәулік ішінде пайда болуы да мүмкін, ондайда мұның себептері, мысалы бұрын төмендеген артериялық қысымның реанима­циялық шаралардың нәтижесінде көтерілуі, тамырдың зақымдалған жерінде бұрын түзілген тромбтың бұзылуы және т.б. болуы ықтимал. Бүйрек зақымдалған кезде бүйрекке жасалатын, органды сақтайтын операцияның табысты болуы көбіне-көп соның шешілуіне тәуелді болатын неғұрлым маңызды бір мәселе — тұрақты гемостазға жету болып табылады. Бүйректердің ашық болсын, жабық болсын жарақаттанулары жағдайында жасалатын орган сақтаушы операцияларға бүйрек жарасының тампонадасын, оған тігістер жасауды және бүйректің зақымдалған бөлігін резекциялауды жатқызады. Зақымданған бүйрек тарапынан болатын асқынулар қатарында пиелонефрит неғұрлым жиі кездеседі, және ол консервативтік емдеуден кейін де, операциялық емдеуден кейін де байқалады. Іріңдеп қабыну процестерінің болуы сирегірек және бұлар бастапқыда бүйрек ішіндегі гематомалардың іріңдеуі салдарынан дамиды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет