Шкала: 0 - жоқ 1 – тіл алғыш
1 - төмен 2 – жаман мен жақсыны ажырата білу
2 - талаптану 3 - қатынасты
3 - жоғары 4 – сыпайы
5 - ашық
6 - қайырымды
7 - қарапайым
8 - достасу
9 – ұқыптылық
10 – қызғаншақ
11 – сотқар
2 «Ә» мектепалды даярлық тобының 2021-2022 оқу жылының ІІ жарты жылдықтың тәрбие деңгейін анықтау диаграммасы.
Қанағаттандырарлық: 87% Қанағаттандырарлықсыз: 13% Қорытынды: Жағымды жақтары: Диаграмма бойынша балалардың жақсы жақтары көп екені көруге болады. Балалар белсенді, тез тіл табысқыш, ақылды, мейірімді. Кейбір балалар салмақты, сыпайы, жинақы, байсалды. Бұл жастағы балалар жамандық пен жақсылықты ажырата алады.Гигиеналық шараларды жақсы менгерген өйткені топтын балалары сәбилер тобынан бастап балабақшада жүр
Мінез-құлық нормаларын қалыптастыру. Балаларда мінез-құлық, өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары. Ненің «жақсы» ненің «жаман» екенің, нені істеуге болатынын біледі.
Ересектер және құрдастарымен өзара қатынасы. Бөтен үлкендермен және бір-бірімен қарым қатынасқа түсе білуге, қолданған заттарын, киімін алған орнына қоюға, жақын адамдардың эмоционалдық көңіл күйін сезіне білу, қуану, көңілдену, жылау, қайғыру сияқты әрекеттерді түсініп меңгере білді. Топтағы кейбір балалар үлкендердің көмегін талап етеді.
Адамгершілік нормасы. Балаларға қарапайым ұқыптылық, мұрнын сүрту, кір қолын сезіне білу, киген киімдерін қалыпқа келтіру, тамақтану мәдениетін игере білу, үлкендермен және құрбы-құрдастармен қатынасқа түсе білуде,сыпайлық қажет екенін сезіндіру тәрізді міндеттер жүктеліп отыр. Осы жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау барысында әр баламен жеке түрде сондайақ жалпы топпен жұмыстар атқару керек. Сонымен қатар кейіннен келген балалардың тілдік қарым-қатынасқа түсе білу мүмкіндігі төмен. Сондықтан олар өз ойларын жеткізе білмейді.
Алайда балалар өз жас ерекшеліктеріне сай біліктілік деңгейлері қалыптасып келе жатыр7
Ұсыныстар:Топта балалармен еңбек туралы, сұлулық туралы, өзін жақсы көру туралы ойындар, әңгімелер жүргізу керек.Тамақтану гигиенасын қалыптастыру керек. Топта жақсылықпен жамандық туралы саханалық койылымдар көрсету. Қызғаншақтық, төбелескіш балалар туралы тақпақтар, әңгімелер оқып бере отырып балаларға бұл әдеттің жаман екенің жете түсіндіру.Үлкен кісілермен амандасу,құрметтеуге баулу.