Дихан Қамзабекұлы 1966 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы,Түлкібас ауданында дүниеге келген.Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті) тәмамдаған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Сұлтанбек Қожанұлы атындағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері. Қазір Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры. 1990-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1996-2000 жылдары – Лев Гумилев атындағы Еуразия университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 2000-2001 жылдары - Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінің аға ғылыми қызметкері. 2001-2004 жылдары – Қазақ ұлттық Музыка академиясы Тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі. 2004-2005 жылдары – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап Лев Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, Лев Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры. «Смағұл Сәдуақасұлы», «Руханият», «Алаш және әдебиет», «Пайым» атты монографиялардың, «Ағартушылық және әдебиет» оқу құралының, Жүсіпбек Аймауытовтың 5 томдығын, Смағұл Сәдуақасұлының 2 томдығын, Қошке Кемеңгерұлы таңдамалы шығармаларының, Қошке Кемеңгерұлының 3 томдығының авторы. «Қазақтың Қошкесі»,«Астанатуралы бата», «Көздің қарашығындай» деректі фильмдері сценарийінің авторы. 450-ге жуық журнал мен газет мақалаларының, 150-ден астам телерадио материалдарының авторы.Үш деректі фильмге сценариий жазған («Қазақтың Қошкесі», «Бата», «Көздің қарашығындай»). Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекет жастар сыйлығы лауреаты (2000ж). «Дихан Қамзабекұлы – Айтматовакадемиясының академигі» ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2012ж), "Құрмет" орденінің иегері (2009ж). «Алаш қозғалысы» барлығымызға белгілі, сексенінші жылдардың соңында КСРО-дағы «қайта құру» мен «жариялылық» саясатының арқасында көптеген ғалымдар Алаш тақырыбына бой ұрды. Сексенінші жылдардың соңында студентпіз, алғашқы ізденісіміз мұрағаттардағы Алаш тақырыбындағы материалдарды оқып, талдау бағытында жүрді. Алғаш «Владимир мен Зара» дейтін Клер Клермонт деген француз тілді ғалымның еңбегімен танысуым ХХ ғасырдағы көркем аудармаларға байланысты ізденістерім, біздің әдебиет тарихындағы ақтаңдардың мол екендігін көрсетті. Нәтижесінде ХХ ғасырдың басындағы әдебиетіміздегі ақтаңдақтарды ашып зерттеуді мақсат тұттым. Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ғылым академиясының жас ғалымдары үшін Алаш тақырыбы күн тәртібінде тұрды. Естеріңізде болса, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов туралы алғашқы мақалалардың жиі жарық көре бастағаны сол кездер еді. Бірақ ол кезде М. Дулатов, Ә. Бөкейханов жартылай жабық тақырып ретінде көрінді. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов пен Шәкәрім ашық түрде айтыла бастады. Біз 1990 жылы Ғылым академиясына қызметке келген кезде зиялылардың барлық мұраларын жинақтауға қызу кірісіп кеттік те, кейінгі ғылыми зерттеу жұмысымыздың барлығы түгелге дерлік Алашқа қатысты болды. 1988 жылғы зерттеуім балаң түрдегі: «Шоқан, Ыбырай, Абайдан кейінгі Сәкен, Бейімбеттен басқа қазақ зиялылары қайда, әдебиетімізде басқа кімдер болды?» деген сұраққа өзімізше жауап іздегеніміз секілді еді. Екіншіден 1986-1987 жылдары Мәскеудің өзінде жазықсыз жазаланған тұлғаларды ақтау үрдісі жүріп жатты. Оның дүмпуі бізге 1988-1989 жылдары келіп жетті. Кеңес Одағы болғандықтан бәрі өзара тығыз байланыста болды. Қазіргідейақпараттың кең дамымаған, интернеттің болмаған кезі болса да, газет пен журналдардан-ақ бәрін біліп отырдық. Ол кездері әскери тарих пен түрлі музейлер, жазаланған тұлғалар тарихына байланысты жекелеген деректер жарық көріп жататын. Соны оқып отырып, біздің зиялыларымыздың осындай еңбектері қайда, олардың тағдыры не болды деген сұрақтар жанымды мазалай берді де, ақыры сол сұрақтар мені Алаш тарихын зерттеуіме алып келді. анықтамалықтың негізгі мақсаты – белгіленген тақырыпқа сәйкес елеулі оқиғалар мен тұлғалар, айшықты сәттер мен кезеңдер, айрықша еңбектер мен сөздер жөнінде мағлұмат беру. Сондықтан мұның әр басылымында ірі оқиғадан бастап нақты бірауыз сөзге дейінгі ақпарат, мәлімет толығыа береді деген сенімдеміз. Жалпы анықтамалық даярлап, энциклопедия жинақтау – түйенің жүгінен де ауыр батпандаған жұмыс. Алаштың дара тұлғасы Әлихан Бөкейханнан қалған мынандай бір сөз бар: «Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?». Мұның бүгінгі кері – Алаш туралы шектеушілікке барып,«ұлт тарихын жақсы білемін, сондықтан баға бере аламын» деп, жоғары-төмен жұртты алдаусырату. Біздіңше, халықтың танымына қолжетімді форматтар (анықтамалық, сөздік, шағын оқу құралдары, мультимедиалық, анимациялық дүниелер т.б.) арқылы Алашты одан әрі таныта беру – Отан зиялыларының басым бағыты болуы тиіс. Алаш зиялыларын біз қаншалықты бағаласақ, байыптасақ, ұлт тарихын да соншалықты бағалап, байыптай алатынымыз.Ал, егер оған атүсті қарап,бұл кезеңді «көп кезеңнің бірі» деп шешсек, онда өзіміздің жер болатынымыз. Бұл энциклопедиялық анықтамалыққа Алаш қайраткерлері мен қатысушылардың өмірбаяны, Алаш қозғалысына, партиясына қатысты ұғымдар мен атаулар, сол кезеңнің тарихи-қоғамдық, мәдени, әдеби дамуын байқататын мағлұматтар енгізілді. Алаш қозғалысына қатысқан тұлғалардың деректі тізімі жасалып ұсынылды. Сондай-ақ, Алаш қозғалысын, оның қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар жөнінде де мәліметтер берілді. Анықтамалық оқытушыларға, ізденушілерге, мектеп оқушыларына, студенттерге, магистранттарға, ұлтының тарихын танимын деген жалпы көпшілікке арналған.
“Түркі алқасы”Кітап ұлт руханияты тарихына ынтызар қауымға арналған. Түркі мұраты, жәдитшілдік және Алаш – отандық таримыздың жарқын беті. Мағынасына ұлт және бірлік рухын сыйдырған осы ұғымдардың руханияттағы әлпетіне де күрескерлік, риясыз ізденіс тән. Түркі алқасының басты сипаты – ағартушылық, имандылық және азаттық. Бұл еңбекте түрік яки түркі халықтары ағартушылығының туу, қалыптасу, даму жолдары зерттелінген. Осы өреде әдебиеттегі елшілдік сарынға әсер берген жәдитшілдік, милләтшілдік пен түркі жаһаттастығы мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ Түркістан мен Алаштың қилы тағдыры бүгінгі оқырманға беймәлім тұлғалардың, ұйымдардың, басылымдардың, қозғалыстардың бедерінде сараланған. Қосымшада түркі дүниесінің дара тұлғасы И. Гаспринский таңдаулы еңбектерінің қазақша аудармасы мен Алаш мұратын жүйелеген тарихи бағдармалық құжаттар ұсынылған. «Омбының Алаш дәптері» бізге қандай тағылым айтады? Біріншіден, кеңестік «самиздат» деңгейіндегі бұл мұра шеттегі және ішінара іштегі қазақтың 1930–1980 жылдары Алаш рухымен кіндіктесіп жатқанын, елдік сөздің арқауын үзбегенін байқатады. Екіншіден, "Алаш дәптерінің" сабағы бізге ұлтқа, елге қалтқысыз қызмет еткен тұлғаларды халық ешқашан ұмытпайтынын, аңғартады. Үшіншіден, «Алаш дәптері» мейлі ауылдағы, мейлі қаладағы қарапайым адам ұлтының мұрасын сыйлау, бағалау арқылы тарихқа өлшеусіз үлес қоса алатынын көрсетеді.
Естеріңізде болса, Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорындағы көп мұра дәл осы жолмен жиналған. Әсіресе, 1950–1970 жылдары өнімді жүргізілген түрлі экспедициялардың арқасында қазір біз әлемге ұялмай көрсететін 100 томдық "Бабалар сөзінің" мұрагері болып отырмыз.
Біздіңше, бүгінде Елбасымыз көтерген мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы мен ғылыми-зерттеу бағытындағы «Халық тарих толқынында» бастамасының түпкі мақсаты — ұлтты өзіне және әлемге таныту. Осы ретте «Омбының Алаш дәптері» де бірсыпыра миссияны орындайды деп сенеміз.
Әрине, бәрі де — ғылым үшін, бәрі де — ғылымның игілігін көруге мүдделі халық үшін. Бұл орайда оқырманға түсінікті болатын бірер материалды көрсете кетейік.
Мысалға «ұлт ұстазы» саналатын Ахмет Байтұрсынұлының «Бірінші дәптерге» енген «Иа, Құдайым, аққа жақ" өлеңін алайық (қазіргі жинақтарында «Тілек батам» деп берілген). «Алаш дәптерінде» ол:
Мен сендерге бүгілдім,
Төресі әділ қазы деп,
Он екі имам Әулие,
Жүз жиырма сегіз Әнбие,
Қолдай гөр, өңшең әруақ,!"-
деп аяқталады. Бүгінгі жинақтар «Төресі әділ қазы деп» деген жермен бітеді. Енді осы ғалымдарды ды ойлантуы керек пе? Әрине, ойлантуы керек! Осы жинақта біз әдетте «Мағжанның эпиграммалары» деп жүргенімізді «Адам сындары» деп береді. Жарайды, аты бөлек-ақ дейік, бірақ сөз – ұғым – бейнелеріндегі бөлектікті қайтіп жасырамыз? Мағжан – кеше де, бүгін де әдебиеттің алтын қазығы. Оның академиялық мәтіні бәріміз үшін маңызды. «Екінші дәптерге» енген "Өміріме өкпемнің" пәлсапалық-дүниетанымдық мән-мағынасы да, көркемдік сипаты да айрықша. Ең бастысы, мұнда елшіл, ойшыл, қағидатшыл Алаш, ақынының болмысы айқын көрінеді. Мағжан, ақындығы туралы жазған Жүсіпбек Аймауытұлының: «Ақын ерікті-еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамасқа, тілегін орындамасқа әдді жоқ" дегені де жоғарыдағы өлең жолдарының қыр-сырын ашады.
Қорытындылай келе айтарымыз: кітап жоқта немесе Алаш зиялылары мұрасын оқуға тыйым салған кезде қолдан-қолға көшіп, халықтың рухани сұранымын канағаттандырған «Дәптерлер» феномені мәнін, тарихи орнын әлі де болса зерделеп, әлемге өз мағынасында көрсету – тәуелсіздік талабы, заман сұранымы. «Омбының Алаш дәптері» – осының айқын бір мысалы.