9.2.5.15 – дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау; 9.2.5.16 – дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру; 9.2.5.17 – резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру; 9.2.5.18 – жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау; 9.2.5.19 – табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбыстықолдануға мысалдар келтіру
Сабақтың мақсаты:
• 1. Дыбыс толқындарының пайда болу себептерінтүсіндіреді, таралу шарттарын анықтау • 2. Дыбыс толқындарының түрлерінің(резонанс, жаңғырық) физикалық мағынасын ашу • 3.Инфрадыбыстардың ультрадыбыстардан айырмашылығын ажырату • 4.Ультрадыбыстың пайдасы мен зиянын түсіндіру
Тілдік мақсаттар:
Тілдік терминдер мен лексика: Дыбыс, шу, жаңғырық, ультрадыбыс, камертон .....Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. Тембр – адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік .... беретін дыбыстың сапасы. Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған ....толқындары
Күтілетін нәтиже:
Дыбыстың сипаттамалары,солар жайлы түсінік қалыптасады. Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағды бақыланады. Оқушылар арасында ынтымақтастық орта қалыптасады, топпен бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Бағалау критерийлері:
• Дыбыс, акустикалық резонанс, дыбыстың шағылуы, жаңғырық,ультрадыбыс ұғымдарын ажыратады. • Дыбыстың сипаттамаларын, акустикалық резонансты және ультрадыбыстар мен инфрадыбыстарды сипаттайды. • Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталатынын біледі. • Дыбыстың таралу жылдамдығының формуласын есептер шығаруда қолдана алады.
Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Музыка пәнінен муз.аспаптарды және олардың дыбысталуын біледі. Дүниетану пәнінен дыбыс-ұғымыментаныс. Биология пәнінен есту мүшесі – құлақ және оның құрылысымен таныс.