Дидактикалық материал Адам құқығы білім саласы ретінде



Дата15.12.2023
өлшемі49,62 Kb.
#139464
Байланысты:
az t 9 2-tarau 12-saba didaktikaly-material 2-nsa


Дидактикалық материал
Адам құқығы білім саласы ретінде
Адам құқығы саласындағы алғашқы маңызды ұғымдардың бірі — XX ғасырдан белгілі демократия ұғымы. Қазіргі кезде кез келген саяси қозғалыстар бағдарламаларына өз елдерінде демократияны орнатуды басты мақсат ретінде енгізеді. Әлем бойынша демократияның алуан түрлі анықтамасы кездеседі, қазіргі тілде «демократия» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Грек тілінен аударғанда бұл сөз «халық билігі» деген мағынаны береді, ал ежелгі гректер бұл ұғымды «халықтық билік» деп қабылдаған. Американдық мемлекет қайраткері А. Линкольн демократияны «халықпен сайланған және халық үшін халықтың басқаруы» деп санайды.
«Демократиялық мемлекет» дегеніміз -жалпы танылған адам және азаматтың құқығы, бостандығының құрылымы мен әрекеті, халықтың еркін білдіретін мемлекет. Халық биліктің қайнар көзі болып табылады.
Қазіргі кездегі мемлекеттерде, соның ішінде өкілеттік демократия өмір сүреді, яғни халық өз өкілдерін мемлекетті басқару үшін (мысалы, Президент, Парламент, жергілікті өкілетті орган депутаттары), халықтың әділетті өкілеттілігін қамтамасыз ету үшін ерікті, ашық және әділ сайлауды қажет деп есептейді. Барлық азаматтардың сайлауға қатысу құқығы демократияның маңызды принципі болып табылады. Сонымен бірге көпшілік тұрғындардың нақты еркін білдіретін депутаттар сайланады.
«Демократия» ұғымы, көбінесе «көпшіліктің билігі» деп те түсіндіріледі. Көпшіліктің билігі азшылық және жеке адамдарға қатысты алғанда қатал болуы мүмкін. Демократия көпшілікке ғана қатысты емес, сонымен бірге азшылықтың ұлттық, діни, т.б. құқықтарын сақтайды.
«Адам құқығы», «тұлға құқығы», «жеке тұлға құқығы» ұғымдары бірсарынды болғанымен, мағыналары әр түрлі. Адам, бір жағынан алғанда, табиғаттың бөлігі, екінші жағынан алып қарасақ, әлеуметтік тұлға. С.И. Ожегов анықтамасы бойынша, «жеке тұлға» - жеке, тірі ағза». «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік маңызын білдіреді. Адам табиғи «биологиялық» және қоғамдық «әлеуметтік» бірлік, яғни «адам құқығы» ұғымы «жеке тұлға құқығы» (табиғат бөлігі ретінде) және «тұлға құқығы» (қоғамның бөлігі ретінде) ұғымдарын қамтиды. «Тұлға» ұғымының «азамат» ұғымына қарағанда мәні кең, себебі кез келген тұлға азамат болып табылмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы осы екі ұғымды қабылдай отыра, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын белгілейді.
Азамат құқығы мен адам құқығының айырмашылығы адамның тек қана мемлекетпен өзара қарым-қатынасын бір жақты қарастырудағы «азаматтық қоғам» және «мемлекет» ұғымдарының айырмашылығынан туындайды.
Адам құқығы мен бостандығы туралы қазіргі кездегі көзқарастар мемлекет пен бостандықтың өзара байланысы ғана емес, сонымен бірге бостандық пен демократияның өзара байланысының маңыздылығын айтады. «Бостандық нақты демократияның басты алғышарттарының бірі болып, халық бостандықтың мәнін ұғынып, оны қажет етуі, оны бағалай алуы керек және оны орынды іске асыра отырып, ол үшін күресе алуы қажет», - дейді орыс философы И. Ильин. Осының барлығы бостандық өнері ретінде бейнеленуі қажет: егер аталғандардың ешқайсысы да болмаса- демократияның да болмағаны.
Б. Чичерин: «Егер халық бостандықтың ұзақ дәстүріне ие болмаған болса, онда бостандықты біртіндеп енгізу қажет, себебі оны дұрыс қолданбау маңызды қоғамдық қайшылықтарға әкеліп соғады», - деген пікірді айтады. Кеңестік кезеңдегі тарих (мысалы, 1917-1922 жж. оқиғалар) бостандықты дұрыс іске асырмаудың көрінісін анық бейнелеп берді.
Адамның қадір-қасиетін тану дегеніміз - адамды саяси субъект ретінде оның белсенділігін, қайта құру әрекеттеріне деген құқықтарын тану болып табылады.
Ғылыми және оқу әдебиеттерінде «адамның негізгі, түпкі, сан қырлы құқықтары мен бостандықтары» деген ұғым жиі кездеседі, кейде олар конституциялық құқықтар мен бостандықтар деп те аталады, себебі олар конституция және адам құқығы туралы маңызды халықаралық актілерде бекітілген. Конституциядан басқа әр түрлі заңдар мен заңдылық актілерде адам және азаматтың басқа да көптеген құқықтары көрсетілген. Мысалы, білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдау құқығы - әрбір талапкердің құқығы, бұл құқық адам құқығының түпкілікті құқықтарына жатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет