Ойын шарты: Сандарды қойып, балалар көздерін жұмған сәтте 1 цифрды алып тастаймыз. Карточкамен жұмыс. Оң және сол қолды кезегімен көтеру керек. Сол қолыңды сол жақтағы, оң қолыңды оң жақтағы жемісті алып, оңға қарай қой. Жоғарыда қанша таяқша болса, сонша құлпынай қой. Төменге саны дәл сондай алмұрт қой. Қай жеміс көп? Қайсысы аз?
Бірдей болу үшін қалай теңестіреміз? Қайсысына қай цифр қоямыз?
«Ойыншықтарды тап!»
Ойын шарты: Бөлмеде әр түрлі орында ойыншықтар жасырылады (екі бірдей биіктікте және тағы екі түрлі…). Белгі берілгенде балалар іздей бастайды. Ойыншықты тапқан соң, тәрбиешінің сол жағына тұрады. Олар көлемі бойынша қандай ойыншықтар тапқанын және бір-бірінен қалай ажыратылатындығын айтады. Мәселен, «екі бірдей шырша» және «қуыршақтың ұзын шаштысы қысқа шашты қуыршақтың қасында тұр».