Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Науқасты қан анализіне дайындауда мейірбикенің қатысуы және рөлі. Жалпы клиникалық, биохимиялық қан анализінің мақсаты. Нәтижелерді бағалау



бет21/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

21. Науқасты қан анализіне дайындауда мейірбикенің қатысуы және рөлі. Жалпы клиникалық, биохимиялық қан анализінің мақсаты. Нәтижелерді бағалау.
Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық. Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау.
Қанды биохимиялық және иммунологиялық әдістер зертханада мынадай заманауй әдіспен жүреді
Қанды лабораториялық зерттеу әдістеріне науқастарды дайындау :
 Науқасқа жолдама жазып, оны клиникалық зертханаға жіберу.
 Науқасқа ашқарын келу керектігін түсіндіру.
Жалпы қан анализін алу альгоритмі:
1. Науқаспен сәлемдесу.
2. Науқастың аш қарын келгендігіне көз жеткізу, егер тамақ ішкен жағдайда келісі күні ашқарын келуін айтып,жіберу.
3. Науқастың төртәншә саусағынан қан алу.
4. Алынған қанды арнайы пробиркаға салып, сыртын толтырып лабораторияға жіберу


22. Жалпы талдау үшін зәр алу ережелері. Нәтижелерді бағалау.
Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу.
Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, зәр қабылдағышты немесе суднаны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды: қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, айы, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зерттеу барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз.
2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғапты киіңіз.
5. Науқасқа зәрді жинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз.
6. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).
7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
8. 100-200 мл зәрді даярлаған контейнерге динаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз.
10. Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының нөмерін, науқастың атыжөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.
11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз.
12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: - әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады; - зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышты 1,5 сағаттай сақтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет