Сегіз типті жұмыртқа клеткалары сегіз типті сперматозоидтармен кездейсоқ кездесіп, өздігінен тозаңданудың нәтижесінде Ғ2-де зиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі. Ғ2-дегі особьтар фенотип бойынша 8 түрлі топқа бөлінеді. Олардың арақатынасы 27(А-В-С-):9(А-В-сс):9(А-ввС-;):9(ааВ-С-):3(А-ввсс):3(ааВ-сс):3(ааввС-): І(ааввсс). Сонда фенотип бойынша 27:9:9:9:3:3:3:1 арақатынасындай болып келуі тригибридті будандастыру кезінде гендердің тәуелсіз ажырауы себепті болады.

Альтернативті белгілердің әр жұбының фенотип бойынша ажырауы 3:1 қатынасына тең. Бастапқы осы қатынасты мейоз кезінде гомологиялық хромосомалардың цитологиялық дәл механизмі қамтамасыз етеді
Моногибридті шағылыстыру кезінде Ғ1 буданында аналық және аталық гаметалардың екі сорты түзілетіндіктен, мұнда 4 комбинация болуы мүмкін, ол комбинациялардың арақатынасы мынадай болады: 1АА:2Аа:1аа, яғни 41. Дигибридті шағылыстыру кезінде мұндай үйлесудің саны 42=16, тригибридті шағылыстыруда үйлесу саны 43=64 болады, яғни гаметалардың комбинациялану мүмкіндігін 4n формуласымен көрсетеді. Мұндағы 4 саны моногибридті шағылыстыру кезінде аталық және аналық гаметалардың комбинациялану мүмкіндігінің, n - аллельдер жұбының санын керсетеді.Моногибрид ұрпағындағы генотиптік кластар саны 3, дигибридті шағылыстыруда Ғ2 кезіндегі генотиптік кластар саны 9, яғни 32, тригибридті шағылыстыруда - 33
Сонымен, генотиптік кластар санын 3
Бақылау сұрақтары:
Гендердің әрекеттесуінің неше түрі бар?
2. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?
3. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы қалай жүреді?
4. Полигибридті будандастыру дегеніміз не?
5. Мендельдің үшінші заңы қалай аталады?
6. Дигибридті будандастыру кезіндегі құбылыстың мәні қандай?
7. Генотиптік кластар санын қандай формула бойынша анықтауға болады?