Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


 Өнім сапасын қамтамасыз етуге арналған халықаралық



Pdf көрінісі
бет55/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
7.6. Өнім сапасын қамтамасыз етуге арналған халықаралық 
стандарттар 
 
1947 жылы халықаралық өкіметтік емес ұйым ИСО (Internaion/standart 
Organzation ISO) құрылды оның алдына қойған мақсаты біріңғай әлеуметтік 
сапаны әзірлеу оған көп уақыт еңбектену қажет болды. 1970-1980 жылдары 
алдынғы қатарлы мемлекеттердегі өндірістік фирмалар сапаны қамтамасыз 
ететін жүйе жасады. Бұл жүйе аясында мысалы тауарлар мен өнімдердің 
ақауларының профилактикасы туралы мәселе шешілді. Сөйтіп 1986 ИСО МС 
ИСО 8402-86 “сапа сөздік» халықаралық стандартын жасайды. Ал 1987 жылы 
«жалпы сапаны басқару және сапалық қамтамасыз ететін стандарттар 9000 
сериялы ИСО стандартының кешені жасалды» Бұл кезеңде оны басқару 
сапасымен айқындайтын сапаға жаңа тұрғыдан қарауға байланыстыруға 
болады. Сапаны басқару дегеніміз сапаны орындауға қойылатын талаптарды 
жүзеге асыратын іс әрекет түрлері мен тәсілдері болып табылады. 
Халықаралық стандарттың басты мақсаты - біріңғай әлем мойындаған 
сапаны қамтамасыз ететін бағалау жүйесінің келісім шартын қабылдау және 
тұтынушы мен өндірушінің арасындағы қарым қатынасты регламентациялау. 
1994 жыл бұл стандарттың ИСО 9 004 — 1, -1, -2, -3, -4 жаңа түрлері шықты. 
Онда бағдарламалық өнімдердің өңделетін материяалдың қызмет корсететін 
сапасын қамтамасыздандыратын мәселеге ерекше көңіл бөлінген. 
Бұл жердегі бір ерекшелік қызмет көрсетуші мен қызметті тұтынушы 
арасындағы көзқарастың бір арнаға тоғысуы өз дәрежесінде белгілі бір 
нәтижесін береді. Мұның бәрі сервистік қызмет көрсету кезінде екі жақтың осы 
жұмысқа үлкен мән беруінің маңызы зор екенін көрсетті. 
Сапаны басқарудың дүниежүзілік тәжірибесі 1987 жылы наурызда 
Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) қабылданған ИСО 9000 халықаралық 
стандарттар жиынтығында шоғырланған.
Бүгінгі таңда бұл топтамадағы халықаралық стандарттардың стандарттау 
нысандары едәуір кеңейген және тек сапа жүйесінің элементтерін ғана емес, 
сонымен қатар қолданыстағы сапа жүйесін тексеру әдістерін, сарапшы-
аудиторлардың біліктілік сипаттамалары өлшемдерін де қамтиды. Қызмет 
сапасын басқару, өңделетін материал, бағдарламалық қамсыздандырулар 
жайлы халықаралық стандарттар қабылданған. Әдістемелік аспектілерде 
айтарлықтай жұмыстар атқарылды: сапамен қамтудың жеке құрамдас 
бөліктерінің мазмұнын түсіндіретін бірқатар басшылық нұсқаулар қабылданды. 
Бұл ретте сапаны қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттарды 
ИСО 9000 стандарттар топтамасының «жанұясы» деп атайды. Бұл стандарттар 
топтамасы 5 атаудан тұрады: 
- ИСО 9000 «Сапаны қамтамассыз ету бойынша стандарттар және сапаны 
жалпы басқару. Таңдау және пайдалану бойынша басты нұсқаулар»; 
- ИСО 9001 «Сапа жүйесі. Жобалау және (немесе) зерттеме, өндіру, 
жөндеу және қызмет көрсету кезінде сапамен қамтамасыз ету үлгісі»; 


102 
- ИСО 9002 «Сапа жүйесі. Өндіру және жөндеу кезінде сапамен 
қамтамасыз ету үлгісі»; 
- ИСО 9003 «Сапа жүйесі. Соңғы бақылау мен сынау кезінде сапамен 
қамтамасыз ету үлгісі»; 
- ИСО 9004 «сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері. 
Басты нұсқаулар». 
ИСО 9000 сапа саласындағы негізгі түсініктер арасындағы байланыстар 
мен айырмашылықтарды айқындау үшін пайдаланылады. Өндіріс ішінде 
сапаны басқару мәселелерін шешу үшін (ИСО 9004) және сапа жөнінде сыртқы 
қатынастарда қолдану үшін (ИСО 9001, 9002, 9003) пайдаланылады. 
ИСО 9001 жобалау және (немесе) зерттеме, өндіру, жөндеу және қызмет 
көрсету сияқты бірнеше этапта белгілі бір талаптарға сәйкестік өнімді 
жеткізушілермен қамтамасыз етілген жағдайда қолданылады. 
ИСО 9002 жөндеу және өндіріс үрдісі кезінде белгілі бір талаптарға 
сәйкестік өнімді жеткізушілермен қамтамасыз етілуі тиіс болған жағдайда 
қолданылады. 
ИСО 9003 белгілі бір талаптарға сәйкестік тек қажетті моделді таңдау 
кезінде өнімді жеткізушілермен қамтамасыз етілуі тиіс болған жағдайда 
қолданылады және алты фактор ескерілуі қажет: 
- жобалау үрдісінің қиындығы; 
- жобаның негізділігі; 
- өндіріс үрдісінің күрделілігі; 
- өнім немесе қызмет түрінің сипаттамасы; 
- өнім немесе қызмет түрінің қауіпсіздігі; 
- экономикалық фактор. 
Сапа жүйесінің элементтері құжатталған және олардың шынайылығы 
таңдалынып алынған модель талаптарына сай болуы керек. 
ИСО 9004 өнім немесе қызмет сапасына сұранысты айқындаудан бастап 
тұтынушыны қанағаттандыруға дейінгі сапа ілмегінің барлық этаптарында 
сапаға әсер ететін техникалық, әкімшілік және адами факторларды ескеретін 
басты құжат болып табылады. 
Тұтастай алғанда, ИСО 9000-9004 стандарттар топтамасы бұл салада 
жинақталған тәжірибелерді бейнелейтін құжаттар жинағы болып табылады. 
Әрбір ұйымның негізгі мақсаты шығаратын өнімнің және көрсетілетін 
қызметтің сапалығы болып табылады, олар: 
- пайдаланылатын немесе тағайындалған саласы бойынша нақты 
айқындалған қажеттіліктерге жауап береді; 
- тұтынушы талаптарын қанағаттандырады; 
- қолданылатын стандарттарға сәйкес; 
- қолданыстағы заңнамаларға сай;
- тұтынушыға қолжетімді бағамен ұсынылады; 
- пайда табуға себепші болады. 
Сапаны басқару жүйесі бір-бірімен байданысты екі аспектіні ескеруі 
қажет: 


103 
- ұйымның, өндірістің қажеттіліктері; 
- тұтынушының қажеттіліктері мен талаптары. 
Нарықты зерттеуден бастап, тұтынушы қажеттілігіне дейін қамтитын 
өнімнің тіршілік айналымының барлық этаптарына өнімнің сапа жүйесінің 
әсері таралады және келесілерден тұрады: 
- нарық маркетингі, ізденістер мен зерттеулер; 
- техникалық талаптарды жобалау және жасау; 
- материалды-техникалық жабдықтау; 
- өндірістік үрдістерді ойлап табу және дайындау; 
- сынақтар мен тексерулер жүргізу, бақылау; 
- қаптау және сақтау; 
- өнімді орналастыру және өткізу; 
- жөндеу және пайдалану; 
- техникалық көмек және қызмет көрсету; 
- пайдаланудан кейінгі кәдеге жаратпау. 
Маркетинг қызметі өнім сапасына қойылатын талаптарды айқындауда 
маңызды орын алуы керек. Ол: 
1. 
өнімге немесе қызметке деген қажеттілікті айқындауға; 
2. 
нарық сұранысына дәл анықтама беруге; 
3. 
тұтынушы талаптарына айқын анықтама беруге; 
4. 
тұтынушы талаптары жайлы өндіріс шеңберінде айқын ақпарат 
беруге міндетті. 
ИСО стандарттарының 9000 топтамасын енгізу ӨСБКЖ күшін жояды 
деген мағына бермейді. Бұл жүйенің барлық үш негізгі бөліктерінің - сапаны 
басқару, сапамен қамтамасыз ету, сапаны бақылаудың айтарлықтай 
тереңдетілуі арқылы, оның әрі қарай дамуы мен жетілуін білдіреді. 
ӨСБКЖ жалпы өндіріске қатысты, ал ИСО стандарттары нақты өнімге 
ғана қатысты қарастырылатынын есте сақтау керек. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Өнім сапасын жобалау дегеніміз не? 
2. 
Тұтынушы мен жеткізушінің өнім сапасы бойынша кәсіпорын 
арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру неге бағытталған? 
3. 
Маркетинг деңгейінде не анықталады? 
4. 
Маркетинг қызметі өнім сапасына қойылатын талаптарды айқындауда 
қандай маңызды критерийлері қарастырылады? 
5. 
Сапаны басқару жүйесі бір-бірімен байданысты неше аспектіні ескеруі 
қажет? 


104 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет