ДІН ДЕГЕН НЕ? Дін- дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін
Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер
Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады.
Ғылыми зерттеулер бойынша, дін 40 – 50 мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдени жадыгерліктері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрі де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.
АГНОСТИКТЕР Агностицизм[1] - (көне грекше: ἄγνωστος — беймәлім, танылмаған) - объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім.[2]
Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.
Сарапшы агностиктер мен атеистерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:
Гностик атеистер – ешқандай құдайға сенбейді және оның жоқ екендігін біледі.
Агностик теистер – құдайдың бар екендігіне сенеді, бірақ анығын білмейді.
Гностик теистер – құдайға сенеді және оның бар екендігіне анық көзі жеткен.
Менің түсінігімдегі агноцистизм – еркіндік. Догматтар мен зорлап міндеттелген құндылықтардан еркін болу.
Исламда дінге мәжбүрлеу жоқ. кез келген адам өз жолын таңдайды және өлген соң өмірі үшін өзі жауап береді. […] Қазіргі заман қоғамын ескерсек, біз қазір өмір мен дінге әртүрлі көзқарастармен өмір сүріп жатырмыз. Бұл табиғи құбылыс
Ғылымда агностицизм дегеніміз - кез-келген білім туралы білімді біздің санамыз әдейі бұрмалайды, сәйкесінше адам қандай да бір құбылыс немесе заттың шығу табиғатын біле алмайды.
Атеист пен агностикті шатастырмаңыз. Атеист Құдайдың және табиғаттан тыс табиғаттың бар екенін толығымен жоққа шығарады, ал агностик бұл болмысты мойындайды, бірақ оны жоққа шығаруға немесе дәлелдеуге болмайтындығына сенімді.