Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива
Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива
«Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»
Тобы:ИС 22-12
Орындаған: Дунбаев Медет
Қабылдаған:
Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез‑құлқына, іс-әрекетіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістерін де зерттейді.Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар.
Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері.
Дін — қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыс үздіксіз дамып отырады. Дін — одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды.Діннің қоғамдағы атқарып отырған әлеуметтік қызметтерін әлеуметтанушы ғалымдар әлеуметтік тұрғыда зерттеп, өз пікірлерін ұсынған. Әлеуметтанушы ғалымдардың айтуынша дін – адам өмірін саналы қылатын нәрсе, адам не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде, ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан жағдайға түседі. Сол сияқты, егер адам кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты болуы үшін еңбегі сіңгенін сезбесе өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан болып, ешнәрсе сенімді болмайды. Дін — адамдарға өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі және осы сұрақ төңірегінде адамдарды біріктіруші қызметін атқарады.
Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Социологтар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалғаны көзге көрінсе, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Социология беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі социологиялық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар кешенімен шектеліп қалмайды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің жағдайы айтарлықтай өзгере бастады. Индустриалияландыру және урбанизациялануға байланысты күшейе түскен әлеуметтік жіктелісі процестері қоғамды біріктіруші факторлар жайындағы мәселені күрделі түрде қойды. Мұндай фактор ретінде діннің жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды, өрлеу, тұрақтылық пен тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады. Француз ойшылы Э.Дюркгеймнің (1858 - 1917) көзқарасы тұрғысынан дін қоғамның ынтымақтастығы мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік қажеттілікке жауап береді.
Діннің шығу көзі - қоғамның өзі. Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан бөлінген тиым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас жүйесі ретінді анықтайды. Олар артынан ерушілердің барлығын шіркеу деп аталатын моральдық қауымдастыққа біріктіреді. Ол әлеуметтік сезімді оятады, ұжымдық көзқарастарды қалыптастырады. Дінде адамдарға тән жай заттарды құдай деп тану қасиеті жүзеге асады, оларға қасиетті мән беріледі, соның арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын болады. Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің, ізгілік көрсетудің ерекше объектісіне айналады. Олар сол әлеуметтік топтың символы ретінде қасиетті, оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының жақсаруы іске асырылады.
Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып, дінге кеңейтілген түсіндірме береді. Алайда қазіргі қоғамда дүниені ғылыми түсіндірумен байланысты жаңа мифтер мен символдар пайда болды. Сондықтан оларға нақтылы тарихи тұрғыдан оның рөлі мен әсерін бағалау талаптары қойылуда.
Дюркгейммен қатар, дін социологиясының негізін салушы деп неміс ғалымы М.Вебер (1864 - 1920) саналады. Ол социологияны әлеуметтікке айналатын әлеуметтік жүріс-тұрыс жөніндегі ғылым деп қарастырды. Егер ол мәнге ие болса онда олардың белгілі бір жүріс-тұрысын күтуге бағыт ұстанған басқа адамдардың жүріс-тұрысымен субъективті саналы түрде ара қатынаста болады, осыған сәйкес қандай да бір өзінің әрекеттерінің табысты болу мүмкіндігін субъективті бағалаумен өз жалғасын табады дейді.Осындай социология пәнінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық "мәнін” орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы
дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып отыр.
Дін – қазіргі кезеңде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралы болып табылады. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, жаңғыртуда. Бұл орайда, қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі зор.
Әлеуметтік теңсіздік - жеке индивидтер, әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар тік әлеуметгік мобильділік иерархиясының әр-түрлі сатыларында тұратын, өмірлік тең емес және қажеттіліктерді қамтамасыз етудің мүмкіндіктерге ие әлеуметтік дифференциацияның ерекше түрі. Дінде әлеуметтік теңсіздік- барлық адамдардың Құдай алдында теңдігімен ерекшелінеді
Мәдеңиет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықтары
тән және оның өзіндік ішкі зандылықтары, өзіндік ұғымдар жүйесі бар. Оларды түсіну үшін қоғамдық құбылыс ретіндегі мәдениетгің мәнін түсіну қажет.
Мәдениет әлеуметтануы мәдениеттің қоғамдағы маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортадағы оның қызметіне баса көңіл бөледі. Сондықтан мәдениет әлеуметтануының негізгі зерттейтін мәселесі мәдениеттің ерекше құбылыстары, оның қоғамда атқаратын қызметі, қоғамның жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарының қалыптасу заңдылықтары болып саналады. Мәдениет әлеуметтануы қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы қандай, бұл театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың және т.б. жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп жүр, адамдардың, олардың алуан топтарының талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма және т.б. осы тәрізді мәселелерді қамтиды. Мысалы, қазіргі уақытта көптеген адам театрларға бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Сонымен қатар көпшілікте театрға бару мәдениеті, оның мазмұнын түсіну мәдениеті де бірдей емес. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дүрыс жолға қоя алмайды.
Мәдениет әлеуметтануының бүгінгі басты бағыттары:
1) Материалдық сала: еңбек және тұрмыстық-материалдық мәдениет, оларды тану, білу, зерттеу;
2) Саяси сала: қоғамның барлық салаларында адамдардың алуан түрлі топтарының саяси белсенділігін арттыру және т. б.;
3) Экономикалық сала: нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімін көтеру, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі, тиімді еңбек нәтижесі;
4) Рухани сала: әлеуметтік топтардың мәдени қызметі мен дәрежесінің көтерілуін; рухани мәдениеттің түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың мамандарының қызметін; мәдени дамудың әлеуметтік және болжам жоспарларын жасау, зерттеу және т. б. жатады.