Дін және философиялық білім. Дін – дүниеге көзқарас және дүние түйсінімі, сондай-ақ осыларға сәйкес мінез-құлық пен ерекеше іс-әрекеттер (табыну). Ол Құдайдың немесе құдайлардың өмір сүруіне, оның табиғаттан тыс екендігіне сенуге негізделеген. Философиядағы сияқты дінді де әңгіме адамдар өз өмірінде негізге алуы тиіс дүние туралы ең жалпы түсінімдер туралы болады. Өйткені дін адамның дүниені түсіндіру мен өзін-өзі түсіну әркеті мен қажеттігі ретінде пайда болған.
Әдетте, діни түсінімдер құдай туралы, дүниені құдайдың жаратқаны, жанның өлмейтіндігі, адамның орындауы тиіс құдай өсиеттері және т.б. туралы ілімде білдіріледі. Бұл іргетастық діни идеялар өз сипаты бойынша философиялық идеяларға ұқсас. Алайда олар дін шеңберінде негізделмейді, сенім негізінде қабылданады және ешқандай сынға ұшырауға жатпайды. Философия болса, өз тұжырымдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ол логикалық пайымдаулардың көмегімен идеялардың теориялық жүйелерін дамытады және бұл ретте өз қорытындыларын үнемі сынға ұшыратады. Философиялық
ой қасаң қағидалардан азат болуы тиіс, ал кез келген дінде оларға қандай да бір күмән келтіру күнә ретінде айыпталатын қағидалар бар.
Философия автономды, онда зерде ешқандай қысымға бағынбайды және барлық шешімдерді өзі қабылдайды. Дін өктемшіл, ол адам зердесіне белгілі бір «зердеден тыс» қағидаларды тықпалайды. Философияда рационалдық үрдістердің дамуы оның теологиямен (құдайылық іліммен) – құдайдың мәні және іс-әрекеттері туралы ілімді негіздеудің діни- философиялық жүйесімен шұғыл жік ажыратуына әкелді. Мұны бірқатар ойшылдар (Декарт, Спиноза, Кант, Гегель, Рассел және басқалар) жүзеге асырды.
Алайда құдай болмысын дәлелдеу, діни догматтарды рационалды негіздеу міндеті қойылған кезде дін философиямен етене жақындаса түседі. Мұндай міндет қою діни философияның құрылуына әкеледі. Алайда бұдан діни ілім философиялық ілімге айналмайды: оның өзі емес, оны негіздеу философиялық болып шығады. Философия мен діннің арақатынасын мынадай сызбада ұсынуға болады:
Әртүрлі діни-философиялық доктриналар бар, оларда діни мазмұн дәлелдемелермен бекітіледі. Бірақ дінмен үйлеспейтін толып жатқан философиялық ілімдердің өмір сүретіні де өз-өзінен түсінікті. Философтар дінге сенушілер де, атеистер де болуы мүмкін.
Дін философиясының пәндік саласы діннің дүниеге көзқарастық проблемаларын зерделеу, діннің негізінде жатқан жалпы идеялар мен принциптерді зерттеу болып табылатынын түсіну маңызды.
Дін философиясы бұл «діни дәстүрлерге қатысты орталық тақырыптар мен түсініктердің философиялық сараптамасы». Мұндай тақырыптардағы философиялық пікірталастар ежелгі дәуірден бастау алады және белгілі болып келеді мәтіндер философияға қатысты. Бұл сала философияның көптеген басқа салаларымен байланысты, соның ішінде метафизика, гносеология, және этика.
Дін философиясы ерекшеленеді діни философия өйткені ол белгілі бір мәселе туындаған мәселелерді зерттемей, жалпы діннің табиғатына қатысты сұрақтарды талқылауға тырысады сенім жүйесі. Кім екенін анықтайтындар оны ерсі түрде жүзеге асыра алады сенушілер немесе сенбейтіндер.
Философ Уильям Л. Роу дін философиясын сипаттады: «негізгі діни нанымдар мен түсініктерді сыни тұрғыдан тексеру». Дін философиясы Құдай (немесе құдайлар) туралы баламалы нанымдарды, олардың түрлерін қамтиды діни тәжірибе, ғылым мен діннің өзара байланысы, жақсылық пен зұлымдықтың сипаты мен ауқымы және туу, тарих және өлімнің діни емделуі. Бұл салада діни міндеттемелердің этикалық салдары, сенім, ақыл-ой, тәжірибе мен дәстүрдің байланысы, ғажайыптар, қасиетті аян, мистицизм, күш пен құтқару туралы түсініктер бар.
Термин дін философиясы ХІХ ғасырға дейін батыста жалпы қолданысқа енбеді, және қазіргі заманға дейінгі және ерте заманғы философиялық еңбектердің көпшілігінде діни тақырыптар мен діни емес философиялық сұрақтар аралас болды. Азияда мысалдарға индуизм сияқты мәтіндер кіреді
Упанишадтар, шығармалары Даосизм және Конфуцийшілдік және Будда мәтіндері. Грек философиялары ұнайды Пифагоризм және Стоицизм діни элементтер мен құдайлар туралы теорияларды, және Ортағасырлық философия үлкен үш монотеистік ықпал етті Ибраһимдік діндер. Батыс әлемінде ерте заманғы философтар сияқты Томас Гоббс, Джон Локк, және Джордж Беркли діни тақырыптарды зайырлы философиялық мәселелермен қатар талқылады.
Дін философиясының кейбір аспектілері классикалық түрде оның бөлігі ретінде қарастырылды метафизика. Жылы АристотельКеліңіздер Метафизика, мәңгілік қозғалыстың міндетті түрде алдын-ала себебі болды қозғалмайтын қозғалғыш, ол, қалау немесе ойлау объектісі сияқты, қозғалмай қозғалыс тудырады. Алайда, бүгінгі күні философтар тақырып үшін «дін философиясы» терминін қабылдады және әдетте оны жеке мамандандыру саласы ретінде қарастырады, дегенмен оны әлі күнге дейін кейбіреулер қарастырады, әсіресе Католик философтар, метафизиканың бөлігі ретінде.
2. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У.Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С.Токарев). буддизм және оның негізгі бағыттары. Егер тарихқа дейінгі кезең жайындағы білетініміз өте шектеулі болса, ал сол кездегі адам туралы түсінігіміз одан да аз. Питекантроп қазіргі заманғы адамнан өзінің көптеген анатомиялық өзгешеліктерімен ерекшеленсе де, адам болған. Алайда, қазіргі заманғы адаммен тым болмағанда жанұялық жағынан ұқсастығы болған сол кездегі адамқарнын тойғызудан өзге ұрпағын жалғастыруды ойлағаны мойындалған факт екенінде дау жоқ. Ал бұл жайында қай уақытта ойлана бастады және бұдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген, миының көлемі кіші және анатомиясы басқа сол кездегі адамдардың ойлау жүйесі қандай болғандығы басқа мәселе болып табылады. Швейцарлық полеоантрополог Карл Нарр: «Дегенмен, діни түсініктердің дамуы үшін адамның миының көлемі мен оның құрамының қандай болуы керектегін ешкім дөп басып айта алмайды» деп дәл айтқан.
Адамның өзін қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзгертуінің нәтижесі айтарлықтай үлкен болды. Тіпті қарапайым шапқыны істеудің өзі, немесе бұтақтан баспана тұрғызып алу, үңгірде отты өшірмей жағу дегеніңіз мүмкін емес бейсаналық іс болып табылады. Табиғатты өзіне бағындару үшін кем дегенде логикалық сана қажет екендігі даусыз. Сол себепті ежелгі адам тек тік жүретін және епті (Homo erectus, Homo habilis) ғана болған жоқ, ол сондай-ақ қазіргі адамдар сияқты саналы да болды, оның ақыл-ойы қару- жарақ жасауға алып келді. Бұны қазіргі палеоантропологтар шамамен 2.5 миллион жыл бұрын жүзеге асты деп санайды. Адамның тік жүре бастауының өзінің төрт миллион жылдық тарихы бар екенін айта кету кетуіміз керек. Адамның алғашқы қару-жарағының тұрпайылығы мен қарапайым болып келуі оның санасының да сондай деңгейде болғандығын білдірмейді. Адамзат пайда болғанан бері қарай адамның қоршаған ортаны ортаны өзіне бағындыру құралдарының да үнемі жетіліп отырғанын көреміз. Алайда, бұл бірізді дамып отыру адамның рухани дамуымен қатар жүрген
жоқ. Альтамир немесе Ляскодағы ерте палеолиттік суреттер қазіргі заманғы анимализмнің ең жақсы туындыларынан, ал халафтағы неолит кезеңіне жататын керамикалар – кез-келген кейінгі дәуірдің сауыт жазуынан әсте кем түспейді. Пракситель мен Фидияның кесілген мүсіні, Платон мен Аристотельдің философиясы, упанишадтың діни ойлары, Дәуіттің Забуріндегі поэтика, адамның сыртқы ортамен қатынасы саласында өркениетке жеткеніне қарамастан адам рухының қазірге дейін ешкім басып оза алмаған кемелдікке жетуі болып табылады. сол себепті де мәдени, яғни адам рухының өзін-өзі танытуы дамып отырған жоқ. Тек бірде онда, бірде мұнда сұлулық пен үйлесімділікте өзін-өзі көрсетіп келеді. Себебі адам рухының өзі тұрақты бір нәрсе, ол өзін қоршаған әлеммен бірге эволюцияға ұшырамайды.Сол себепті де адамның рухани байлығын оның теледидар құрастырып, берік үй тұрғызу қабілетінен іздегеннен гөрі, мәдениеттің саналылығын қоғамның өркениетті дамуынан іздеген жөн.
Палеонтроптың саналылығы тек азығын тауып, ұрпағын жалғастыру үшін қоршаған ортаға бейімделуімен шектеліп қалған жоқ. Оның санасы өзіне не үшін ұрпақ жалғастырып, өмірін ұзарту керек деген сұрақты міндетті түрде көлденең қойды. Жануарлар өзіне мұндай сұрақ қоймайды. Бірақ жануарда жоқ сана адамда бар. Адам рефлекспен және инстинкпен өмір сүрмейді, есесіне ол саналы және сол себептен де «не үшін тірі болу керек» деген сұрақ қоя алады. Бұл сұрақ өлім, жеке болмыстың ақыры мәселесімен байланысты. Табиғатты саналы түрде өзіне бағындырған адам өзінің мәңгі емесртігін түсінбеуі және өз болмысының ақыры бар екендігінен зардап шекпеуі мүмкін емес.
Дін – бұл шектіліктің шексіздікпен, адамның Құдаймен, адамилықтың Құдайылықпен байланысы болып табылады. Сенім – сана-сезімнің жол көрсетушісі. Егер аңшылық қару-жарақтар азық-түлік мәселесін шешсе, отпен жылытылған үңгір – жаңа туылған балаларды табиғаттың дүлей күшінен сақтады. Ал сенім өлім мәселесін шешті. Сенім өлімге бейімделмеді. Э.О.Джеймстің «қандай да бір формасы болмасын, дін қазіргі заман адамына тән, бірақ бұл ұстанымды іс жүзінде дәйектеу оңай емес» деген пікірімен келісуге теориялық тұрғыдан негіз бар. Адамның тіршілік ете бастаған кезеңінен бері оның діншілдігін дәлелдейтін пәлендей бір дәлелдемелер жоқ. Бірақ дәлел жоқ болғандықтан қарама-қарсы тұжырым жасап шығу – яғни дін болған жоқ деген түйін жасаудың да негізі жоқ.
Егер табиғатты қажетінше игеру материалдық ізін қалдырса (себебі адам оны материалдық түрде игереді), ал сенім негізінен ақылға тән және материалды форма мен рәміздерде тек сырттай түрде ғана көрінеді. Төменгі палеолит кезеңінің адамымен байланысты барынша тұтастай кешен Африканың Олдувай шатқалы мен Пекин түбінде табылды. Бұл синатроп мекендерінен табылған заттар (Pithecanthropus pekinensis) төменгі палеолит адамының рухани дүниесіне жаңа жарық түсірді. Ежелгі адамдардың бұл мекендерінен ошақтар, отты желден қорғау үшін жасалған жақтаулар және зығыр мен кендірдің талшықтары табылды. Отты тұрмыстық мақсатта сонша көп пайдаланбаса да, оттың жалыны синантроп адамында жарық, жылылық
пен қуырылған еттің дәмінен анағұрлым артық жермен байланыстырылды. Егер тас индустриясынан гөрі от өнері ежелгі гоминидтің абстрактілі ойлау қабілетінің болғанын көрсетсе, ал абстрактілі ойлау өз кезегінде отты көірп отырып игі істерді тудырмауы мүмкін емес. Ол дүниенің барлық әдет-ғұрпын бұза отырып, жерден көкке көтеріледі. Ал аспаннан ол күн күркірегенде найзағай түрінде де түседі. От күн сияқты жарық пен жылулық береді. Бұл біздің әлеміміздегі өзінің бастауына қайтуға ұмтылатын өмірлік шамшырақтың бір бөлшегі іспеттес. Егер синантроптар өлім және мәңгі өлмеу мәселесімен бас ауыртса, олар үшін өмірдің символы өмірдің молшылығын беретін күн бола алады. Бірақ олардың жұпыны үңгірінен үлкен шамшыраққа жету мүмкін емес. Тек ағаш бұтақтарын жалмаған ошақтың жалыны ғана жерден көкке көтеріліп,өзінің қайнар көзі – күнге жете алады. Бәлкім, отқа жанған кез-келген тіршілік иесі де Құдайға жете алатын шығар? Оның бір бөлшегіне айналып ,мәңгілікке жететін шығар? Синантроп адамы өз ошағында көкке шапшыған жалынның үстінде дірілдеп тұрған қызған ауаға қарап отырып, тек жайлы баспана туралы ғана емес, сондай-ақ өмірмен қош айтысу сәті келген кезде өздерінің де Аспандағы Иесінің мекеніне баратындарын ойлаған шығар
Карл Ясперс өзінің «Тарихтың бастаулары және оның мақсаты» атты танымал кітабында: «Біз бұдан жиырма мың жыл бұрын өмір сүрген адамның жаны жайында ешнәрсе білмейміз» деп атап өткен. Палеоантропология ғылымы абайлап және сенімсіз түрде болса да, бұдан он мыңдаған емес, жүз мың, тіпті миллион жыл бұрын өмір сүрген адамның жанының құрылымын ашып береді. Бәрінен бұрын оның сенімі болды, жақсылық пен жамандықты білді, яғни, бір сөзбен айтқанда жануар тектес емес, кәдімгі адам болды. Бұған орта палеолит кезеңіне жататын Мустьер жерлеуіндегі діни түсініктер дәлел бола алады. Бұл кезеңнің адамдарында қайтыс болған өзінің тайпалас адамын жерге көму дәстүрі болған. Өлген адамғды ұйықтап жатқан сияқты жатқызған. Басына шақпақ тас, ал денесі мен қолының астына бірнеше шақпақ тастан жасалған құралдар және қақталған еттің бір кесегін қоятын болған (ондай еттің күйген сүйектері сақталып қалған). Мустьердегі жерленуге қарап, оның өлген адамды тек көме салмай, арнайы жерлегенін байқаймыз. Мұндағы өлген адамға кәдімгідей күрделі ғұрыптар жасалғанына қарап, оның діни сипаты бар екендігін байқауға болады. Ұйқының позасы – бұл жай ғана демалудың ұйықтаудың жатысы емес. Ежелгі грек мақалында: «Өлім мен ұйқы – бір туған» дейді. Ұйқы, оның ішінде әсіресе терең ұйқы – өлімді өте-мөте еске түсіреді. Бірақ ұйқыдан соң тыңайып, қайта оянасың, белсенді өмір бастайсың. Ондықтан өлген адамды ұйықтап жатқан қалыпта жатқызу арқылы неандертальдықтар рәміздік тілмен – жерленген адам өлген жоқ, ол тек ұйықтап кетті, бірақ қайтадан оянады деп айтқысы келді деп сеніммен айтуға болады. Өлім ұйқысы қаншалықты ұзақ болмасын, жерленген адам қайтадан жаңа өмірде қайтадан оянады. Шақпақ тастан жасалған құралдар мен қақталған ет мұны дәлелдей түседі. Өлген адамға еңбек құралдары мен ет қою арқылы жерленген адам тірі және ол қайтадан өмір сүреді деп айтқысы келді. Дегенмен, неандертальдық түсінік бойынша,
өлген адам қайда өмір сүреді? Мұнда біз ежелгі адамдардың адамның өлгеннен кейінгі тағдыры туралы наным-сенімдерінің көптеген заңдылықтарын алғаш кездестіре аламыз. Бір жағынан, өлген адам жердегі тіршілік иелері мекендейтін әлемге емес, рухтар мекендейтін басқа әлемге өтуі керек. Адамның денесі жерде шіріп кетеді де, ал жаны басқа болмысқа кетеді. Ол жерден тірі адамдардың түсіне кіреді. Ол әлемде жанға осы өмірінде қолданған заттары қажет болады. Сол себептен неандерталь адамы еңбек құралдары және азығымен бірге жерленген. Он мыңдаған жылдар өткеннен кейін адамдар сазбалшықтан ыдыс-аяқ жасауды, егін егуді үйрене бастаған кезде олар қорымға арнайы сындырылған ыдыс-аяқ пен қуырылған – яғни «өлген» бидайды бірге жерлейтін болды. Бұл жерде олар осы өмірде сындырылған ыдыс-аяқ пен «өлтірілген» бидай өлген адамның жаңа өмірінде оның рухымен бірге болады деп сенді.
Палеолит кезеңіндегі өңделмеген шақпақ тастың сынықтары құрал- сайман жасау үшін ғана қолданылған жоқ. Оны отты тұтандыру үшін де сөзсіз пайдаланды. Шақпақ таста от жасырынып тұрғандай көрінді. Сол сияқты тұрпайы материалдармен бірге жерленген адамның материясында да шамасы, көкке ұмтылған рухани энергия болады. Адам өлгеннен кейін бұл энергия осайды да, өзінің бастапқы мекеніне ұмтылады. Бұл өлген адамның жанының Аспанға ұмтылуының символы емес пе? Бірақ екінші жағынан, адамдар ол кезде өлімді жанның денеден жай ғана босауы ретінде қабылдаған жоқ. Егер олай болса, жанның аспанға кетуіне назар аударған неандертальдықтар олай істемес еді. Бірақ Мустьер жерлеуі адамдардың дененің де өлгеннен соң қайта тірілетінінен үміті болғанын білдіреді. Бұны кесілген тауешкі мүйізінің қазып отырғызылғаны дәлелдейді. Мүйіз жерленген жердің айналасын қоршап тұрды. Мүйіз діни мақсатпен отырғызылды. Мұнда,сірә,ең көп тараған құдайылық құдіреттің символдарымен алғаш рет кездесеміз. Бұқаның, қошқардың немесе ешкінің мүйіздері Месопотамияда құдайлардың бас киімдерінде бейнеленген, Египеттегі ежелгі патшалардың қорымдарын мүйіздермен бедерлеген. Біздің заманымызға дейінгі бесінші, алтыншы мыңжылдықтардағы неолиттік қалаларда мүйіз ғибадатханаларда міндетті түрде тұратын болған. Тіпті «Көне Өсиеттің» «Шығу» деп аталатын кітабында келтірілген Синай теофанында Құдай: «Құрбан шалынатын жердің төрт бұрышынан шығып тұратындай етіп мүйіз қой, және оны жезбен қапта» деп әмір етеді. Бұдан жүз мың жылдай бұрын тьяншаньда өмір сүрген неандертальдықтар да өздеріне оңай заттармен өлгендерді құдайдың жарылқайтынын білдіру үшін осы символды пайдаланған. Ал үңгірдің батыс жақ қабырғасының түбінен қазып алынған сәбидің құдайылық күш пен мәңгі өмірге ие болып, өлгендерге қарсы тұру керектігі білдірілген. Кейбір жағдайда бұны басқаша білдірген. Мысалы, Ла Шапелль о Сендегі жерленген адамның басы сүйек тілімшелермен қорғалған, ал денесі яшма және кремний кесектерімен қоршалып, үстіне жоса себілген. Бұл жерде мәселе шіритін заттарда емес, қайта тірілетін денеге яшма мен кремний беру керек, ал қызыл түсті жоса арқылы өлген адамды тірі, онда өлімнен тірілтіп алатын қан айналып тұр
дегенді білдіреді. Өлген адамның басына ерекше мән беру ерте палеолит кезеңіндегі өлген адамға жасалатын ғұрыптарды еске түсіреді. Неандертальдықтар үнемі болмаса да, кейде өлген адамның басын күн шығыс жақтан батысқа қаратып жерлейтін. Яғни, күннің шығуы мен бату символы оларға белгілі болған. Өлген адам өмірден күн сияқты батқан күнмен бірге кетіп, мерзімді уақытында шығыстан қайта тіріледі. Загрос тауындағы Шанидар үңгірінде (Иран) таудың өте құрғақ климаты неандертальдықтардың жерлеу ғұрпына өз қолтаңбасын қалдырған. Мұнда өлген ер адамның денесіне біреудің қолымен ерте көктемде шығатын гүл қойылған. Жақын адамының бұл өмірдегі «осңғы сапарына» гүлмен шығарып салу салты бізде де сақталып қалған, бірақ оның мағынасы мүлдем ұмытылған. Мысалы, біз қызға гүл берген кезде қыздың әдемілігін раушан гүлі немесе сарыгүлмен білдіреміз. Ал қабірге гүл қойғанда нені меңзейміз? Біле білсек, гүл дегеніміз – бұл өмірдің өлімді жеңуінің тамаша символы. Ал өлген адамның қабіріне қойылатын гүл – оның қысқы өлімнен қайта тірілуін тілейтінімізді білдіреді. Сірә, осы нәрсе мустьер кезеңіндегі Загрос тұрғындарын өлген адамның денесіне гүл қоюға итермелеген шығар. Айтпақшы, гүлдер көбінесе дәрілік өсімдіктерге жатады және әлі күнге дейін халықтық медицинада қолданылады. «Өлген адамға жасалған қамқорлыққа жерлеу салтының орта палеолит кезеңінде болғанына күмәніміз болмайды. Хомо сапиенс пайда болғанға дейін өлімнің құпиялылығы ежелгі адамдардың назарын аударып, оны жеңу үшін ғұрыптарды қолданып көруге итермеледі» дейді Э.О.Джеймс. Дегенмен, бізге орта палеолит адамының жерлеу салтынан бөлек, діни өмірі жайлы да өте маңызды нәрселер келіп жетті. Бұны орта палеолит кезеңіндегі аю культі дәлелдейді. 1917-1923 жылдары Швейцария Альпісінің шығысындағы таудың жоғары жағында, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан үңгірде (мұны жергілікті тұрғындар Айдаһарлы деп атайды) неандертальдық мәдениеттің қызықты іздері мұрты бұзылмай сақталып қалған. Барлық кеңістік үңгір аюының алып сүйектерімен көмкерілген үңгірлерге толы (Uisus spelaeus). Зальцзофенде көптеген зығыр талшықтары және шығыс-батыс жаққа айқын қаратылған, ер адамның жыныс мүшесі секілді етіп өңделген (грек. «фаллос») аюдың үш бас сүйегі табылды. Бұл дүниежүзі діндерінде кең тараған фаллос символиканың алғашқы мысалы болып табылады. Фаллос өмірге дән себетін орган болып табылады әрі сол себепті ол рухтандыратын, өмір жасаушы күштің образына айналды. Өлім сөзсіз жеке өмірді жеңетін болады. Бірақ әкесінің өмірін балалары жалғастырады. Сол себептен де фаллос көптеген діни мәдениеттерде өлімнің алдын алу, өмірдің өлімді жеңу символы ретінде қалыптасты.
Ең алғашқы фаллостық табыну культі неандертальдықтармен тығыз байланысты, әсіресе олардың аюға табынуы айрықша. Бірақ мұның мәнісі неде? Сол себептен алып аю (ұзындығы үш метрге жуық және биіктігі екі метрге жуық), айбатты, қорқынышты тістерімен және тырнақтарымен плейстоцен адамына қауіпті айуан болып көрінді. Аюдың апанына терең барған оларға тайынбайтын ерлік немесе басқа да өмірлік маңызды
мақсаттарға итермелеген. Жалпы алып қарағанда олар өліп қалған аюларға, үңгірдің иелері неандертальдықтар үшін қандайда болмасын діни мақсатқа айналды. Яғни табыну аюды аулаудың салдары емес, аюды аулау табынудың салдары болған. Бұл дегеніміз үңгір аюын арғы текпен байланыстырды ма? Уақыт өте келе аюға табыну – арғы тектің бас сүйегіне табыну ұмытылған әдет-ғұрыпқа айналды. Сол уақытта өлгендер құдай мен жердегі әлемді байланыстырушы сонымен қатар тірі ұрпақтарының қамқоршысы болып саналған болуы керек. Неандертальдықтар үшін жерленген адамға – оның өліміне және денесінің шіруіне көмектесу керек. Аспан әлеміне жету үшін түрлі әдістер қолданған, бірінші кезекте, тіршілік иесімен байланыс мәңгілік Құдайдың және құдіретті күштің символы болған. Адам немесе жануардың үрейі барлық жаратылыстың символына айналды. Бізге түсініксіз жайт табынудың себебі адаммен арғы текті байланыстырушы орта полеолит кезеңіндегі үңгірдегі аюға табынудан бастау алады. Дәл осы құдіретті, қорқынышты жануар құдайға айналды. Олардың еті жаратушы субстанциясы нәзік сезімге бөлеп, қалған сүйектері құрметке ие болған.
Фаллостық табыну, аюмен және Зальцофенамен байланысты, аюға табыну тек аулаудың бір түрі немесе аң аулау торына жаңа аңның түсуі емес, бұл дегеніміз Құдаймен байланысты, неандертальдықтардың алып көршісі альпілік үңгірлер бойынша символына айналды.
Буддизмдегі адамгершілік проблемасы. Буддизм – (санскриттік «будда» сөзінен алынған, сөзбе-сөз алғанда – нұрланған деген мағына береді) – әлемдік үш ірі діндердің бірі, Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядан Қиыр Шығысқа дейінгі елдерде таралған.
Буддистердің түсінігі бойынша, жоғары қасиетке қолы жеткен әрбір тірі жан будда бола алады, яғни нұрлануға жете алады. Бұл өмірде Шакьямуни деген аты болған («шакьилер руынан шыққан тақуа») буддалардың бірі адамдарға «құтқарылу» жайындағы ілімінің сырын ашқан. Оны ізбасарлары әдеттегідей санскриттік сөзбен «дхарма» деп атады (ілім, заң). Сол себепті «будда» терминімен әдетте осы Шакьямуниді білдіреді. Буддизм діни сеніміндегі маңызды тұсы болмыс пен азап шегу арасындағы тепе-теңдік идеясы болып табылады. Буддизм брахманизм дамытқан жанның көшуі жайындағы ілімді, яғни өлгеннен кейін кез-келген тіршілік иесі жаңа тірі жан ретінде (адам, жануар, құдай, рух, және т.б.) қайта тіріліп шығады деген сенімді жоққа шығарған жоқ. Алайда, буддизм брахманизм іліміне елеулі өзгерістер енгізді. Егер брахмандар әрбір таптың («варна») өзіне арналған ғұрыптар, құрбандық шалу және дұғалары арқылы «жақсы қайта туылуға» қол жеткізуге, яғни раджа, брахман, бай көпес, патша және т.б. бола алатын болса, ал буддизм әркім қайтадан басқа түрге ене алады, болмыстың барлық түрі бақытсыздық пен зұлымдықтан қашып құтыла алмайды. Сондықтан буддистің ең жоғары мақсаты қайта туылуларды тұтастай тоқтатып, нирванаға, яғни болмыс емеске жету болып табылады. Көптеген адамдар үшін ол қайта туылулар арқылы нирванаға жету мүмкін емес. Будда көрсеткен құтқарылу жолдарымен жүре отырып, тіршілік иесі әдетте әлсін-әлсін қайта туылып отыруы тиіс. Бірақ «жоғары даналыққа»
жету жолы болады. Оған жеткен тіршілік иесі «шеңберлі болмыстан» шыға алады, өзінің қайта туылулар шеңберін аяқтай алады. Будда іліміндегі ең маңыздысы ретінде оның ізбасарлары оның болмыстың мәні мен себебі – қайғыны танығанын, оны адамдарға ашқанын, сондай-ақ қайғыны жеңуге, құтқарылу мен болмыс емеске алып келетін жолды да ашқанын айтады. Буддистер Будда жеткен «төрт қайырымды ақиқатты» мойындайды. Ол төрт ақиқаттың біріншісі - барлық өмір сүруің – бұл азап шегу делінеді. Екіншісі – ол азап шегудің себебі адамның өзінде жатыр, ол оның өмірді аңсауы, рахат өмірді, билікті байлықты аңсауы, ол кез-келген түрдегі өмірді аңсауда жатыр. Үшінші ақиқаты – азап шегуді тоқтатуға болады. Ол үшін өмірді аңсаудан босану керек, және барлық күшті ынтық сезімдер болмайтын, барлық ынтызарлығы сөнген күйге жету керек. Соңғы «төртінші ақиқаты» - «қайырымды сегіз орта жолды» көрсетуі болып табылады.
Ол «сегіз жол» әдетте медитация (санскрит. «дхьмна», қытай тілінде – «чань», жапон тілінде – «дзэн») деп аталатын: «дұрыс ойлау, дұрыс ұмтылу, дұрыс сөйлеу, дұрыс мінез-құлық, дұрыс өмір, дұрыс ілім, дұрыс пайымдау, дұрыс қайғырудан» тұрады. Буддизмнің негізі осы «төрт қайырымды ақиқат» іліміне негізделген. Барлық діндер нақты дүниелік өмірді материалдық емес, қайтыс болғаннан кейін басталатын өмірге қарсы қояды. Мұнда алғашқысы қашанда жұтаң кейіпте бейнеліп, құдаймен бірігіп кетуге кедергі келтіретін күнәлі деп есептелсе, екіншісі адам ұмтылуға тиіс, жердегі бейнеттің зейнетін көретін мекен ретінде сипатталады. Буддизм бұл жағынан өзге діндерден негізінен ерекшелене қоймайды, бірақ ол біз өмір сүріп отырған әлемге сыни баға беруді логикалық түрде аяқтайды. Болмыс пен азап шегудің арасына теңдік қоя отырып,буддизм әсіресе дүниеге солғын кейіп береді. Онда барлығы бірдей азап шегіп қана қоймайды, сонымен қатар тіпті кез- келген қуаныш тірі жанның осы өмірге деген құштарлығын күшейте отырып зұлымдыққа толы жаңа шексіз қайта туылулар қаупін туғызады.
Буддизм адам өз тағдырын, өзінің жаңа қайта туылу формасын өзі жасайды деп үйретеді. Жаңа қайта туылудың нақты белгілерін білдіретін күш карма деп аталады. Буддизмдегі карма – адамның өзіне дейінгі барлық қайта туылуларындағы істеген амалдары мен ойларының жиынтығы болып табылады. Карма туралы ілім брахманизмде де бар. Брахмандар да карманы тиісті жаза – жанның көшуін қамтамасыз ететін күш деп үйретті. Өзінің варнасына тиісті құрбандықты жасау немесе жасамау, брахмандарды құрметтеу немесе құрметтемеу, көптеген тыйым салуларға мойынұсыну немесе бұзу арқылы адам өзінің жаны көшетін ең жексұрын жануардан бастап патшалар мен құдайларға дейінгі форманы өзі жасап алады. Буддизм «жазасын өтеу заңын» (карма) қабылдап алды, бірақ оған жаңа мағына берді. Адамның осы өміріндегі барлық іс-әрекеті кармасы арқылы анықталып қойылғанымен, ол өзінің мінез-құлқында, ойлауында, сөзі мен іс-әрекетінде белгілі бір деңгейде бостандыққа ие. Буддизм адам осы аз ғана бостандыққа ие болуы арқылы құтқарыла алады деп үйретеді. Онда да ол құтқарылу мәселесі құрбандық шалу, ғұрыптар мен тыйым салулар арқылы емес, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы шешіледі. Адамның осы дүниеде
қылған дәл осы амал-әрекеті, істеген нәрселері мен ойлары оның ары қарайғы кармасы - жаңадан «қайтадан жаңа түрге енуін», яғни жаңа азап шегуін анықьтайды. Бірақ бұл аз. Буддизмде, әсіресе оның түрлі мектептері мен бағыттарының ілімдерінде сезімдік әлемнің өзі жоқ, болмайды деп айтады. Ол тек біздің қиялымыз, біздің адасқан, ауруға шалдыққан санамыздың ойлау нәтижесі. Буддизм бойынша, дәл осы сана бір ғана бұлжымас карма заңына бағына отырып бізге сезімдік әлемнің азап шегуге толы қайғылы көрінісін жасап береді.Бұны пайымдау көптеген ұсақ бөліктер – дхармадан, яғни сананың элементтерінен тұрады. Карманың әсер етуімен белгілі бір кешенге жинала отырып, дхарма аталған қайта туылудың дербес санасын және бізді қоршап жатқан сезімдік әлемді жасап шығарады. Дхарма тыныштық таппайынша, ол адамның өлгеннен кейін де ол дербес жеке сана қайта туыла береді, болмыс шеңбері өзінің айналымын жалғастыра береді. Буддизмнің ілімінен адамның осы өмірдегі орны мен міндетіне қатысты көзқарасы да келіп шығады.
Буддизм іліміндегі болмыс азап тарту ретінде антагонистік қоғамдағы еңбектенетін топтың айқын жағдайын көрсетеді, сонымен қоса өзіндік әлеуметтік құрылымның сөзсіз үздіксіз қиындық көруі мен азап тартуына ұшырайды. Буддизм таптық қоғамда шарасыздықтың орнауынан басым көпшілік халықтың азаптануына, жерден, қоғамнан безінуге (кері тебіну) алып келіп, қате шешім шығаратын дін болып табылады. Бұл азаптануды абсолютті шекке дейін жеткізеді және оны әртүрлі болмыстардың негізгі заңы етіп, азаптанудан туатын құрылымды заңдастырады да шарасыздың бейболмысқа, нирванаға өтуін марапаттауды уәде етеді.
Буддалық ілімдегі өмірлік-азаптану бұл барлық тіршілік иесінің өзінің өміріне жеткілікті азаптану сынағынан өткізіліп, өзінің кінәсінан арылуы. Өйткені карма заңы барлығына бірдей міндетті. Әлі адамның санасында өмір кешкен ежелгі буддизмге назар аударып, оған адамдар да, жануарлар да, ведалық пантеондағы ескі құдайлар да бағынады. Азаптанудағы адамдардың теңдік идеясы буддизмнің әлеуметтік рөлін анықтайтын өзара бірін-бірі құтқару ақиқаты ғана емес сонымен қоса жануарлармен, құдайлармен қоса маңызды идеялық фактор болды.
Құлға не болмаса феодалды шаруаға жаңаша буддизм келесі өмірде қожа, радж не болмаса өмір сүруді толық тоқтататын – нирвананы уәде етеді. Буддистердің пікірі бойынша, керісінше барлық дүние мен мүлікті пайдаланғандар өзін-өзі түпсіз терең иірімге қамап ең жаман жағымсыз қайта туылуға алып келеді. Азаптанудағы барлық тіршілік иесінің теңдігі туралы сенімі мен қанаушыларға қарсы күресте еңбеккерлердің қарусызданудан құтқару мүмкіндігі бұл «әлемде барлығы иллюзия» деген сияқты мүліктік және әлеуметтік теңсіздік тұрақты емес ол өзгеретін жағдай деген түсінік. Азаптан құтылудағы көбірек ықпалды фактор адам дүниеге келмей тұрғанда әлемдік өмірдің шегінен шығу сонымен қоса сангхаға қадам басу – монахтық орден.
Ертедегі буддизмдегі сангха ерікті түрде барлық жер шарын уайымдайтын құштар адамдардың бірлестігі. Сангхаға кірген адам ең бірінші
өзін, жанұясын ұмытуы, өзі қатысқан басқа Варнаның бұйрығынан (ежелгі Үндістандағы касталар) бас тартып, рухани тазалық арқылы діни ант қабылдап, монахқа арналған бекітілген сары тога кию рәсімінен өтеді. +Монахтық өмір толық уақытты қамтиды. Монахтар үшін 253 тыйымдар қойылып, оның өтелу ережесі немесе бұйрықтың шегі оның барлық өмірімен анықталады. Қатардағы сенушілер үшін монахтар ерекше, табиғаттан тыс, ғажайып адамдар болды. Оларды қорғап құрмет тұтып, бас иген, әсіресе кейінгі уақытта басқа да мемлекеттерде буддалық дінбасыларын тікелеу құдай деп тану орын алды.
Магиялық ұғымның маңызы мен ерекшелігі. Көрнекті дала зерттеушісі және теорияшыл Б.Малиновский бірден бір функционалистикалық бағыттың негізін қалаушы ретінде тарихқа енді, ол қоғам мен мәдениетті бір-бірімен байланысты және өзара шартты біртұтас дүние, оның әрбір бөлігі қоғамдық түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді, өзінің нақты өмірлік қажетті қызметін атқарады деп қарастырды. Барлық айтқандары магияға қатысты. Көне қоғамда бұл феномен Малиновский бойынша «қоғам өмірінің қажетті, табиғи бір бөлігі. Магияны барлық қоғам өмірінің контексінде оқу, оның пада болуын және оның орынын толықтай түсіндіреді»
Малиновский алғашқы адамдардың түйсігін рациональды және магиялық әлем тұрғысында екі «нүктеге» бөлді. Ол оларды былай атады: дағдарыс магиясы немесе ілесіп жүру магиясы. Дағдарыс магиясының негізі адамның өз өміріндегі қиын сәттерінде дағдарыс магиясына ұмтылуы, яғни бұл әлемде өз өмірін реттей алмаған кездерде, мәселен теңіз дауылына тап болған жағдайда, орманда адасып қалғанда, қатты ауыруға ұшырағанда және тағы басқа. Адамда ешқандай шығар жол табылмай қалған сәтте, рухпен қатынасқа түседі. Ілесіп жүру магиясына ол тұрақты түрде қарым-қатынасқа түседі. Оған мысал әрбір шеуші қадамда, қандайда болмасын басталған шаруада – егін егуде, өнім жинауда, үй тұрғыза бастағанда, теңіз саяхатында және тағы басқа – магиялық ғұрыппен ілесіп жүреді.
Магия дегеніміз не? Магияның әртүрлі анықтамалары бар. Бірақ бұлардың барлығы өзгеріссіз бір екешелікті атап көрсетеді: олардың негізі әрқашан табиғаттан тыс күштің және адамның қабілетінің көмегімен қоршаған ортаны қадағалайтын шындықта жатыр. «Магия (сиқырлық, ғажайыптылық) – бұл ғұрыптар адамның табығаттан тыс күштер арқылы адамның қабілетімен, жануарларға, табиғат құбылыстарына, сондай-ақ қиялдағы рухтар мен құдайларға әсер етуі»
Магиялық жолмен әрекет, ереже бойынша, келесі негізгі элементтерден тұрады: материалдық бұйым (зат), яғни құрал-сайман; ауызша жалбарыну – табиғаттан тыс күштермен қатынасқа түсу арқылы тілеу және сұрау; нақты қозғалыс пен әрекет арқылы үнсіз – ғұрып.
Магияның мәнін зерттеудің антрпологиялық жолы, Г. Спенсер, Э. Тэйлор, Дж. Фрэзер, С. Лангер және С.А. Токаревтің көзқарастары бойынша адам өмірі мен қызметінің формасының феномені ретінде қарастырылады. Магияның негізі тұрғысында, Г. Спенсердің көзқарасы бойынша магиялық тәжірибе әлемдік табиғаттан тыс күштерден үстемдікті иеленуге
бағытталған. «Магияның әрекеті барысында өзінің алғашқы мақсаты біріншіден тірі адамдардан билікті иелену, екіншіден табиғаттан тыс әрекетпен өлген адамдардан үстемдікті рухпен иелену болып табылады». Ағылшын антропологиясының негізін қалаушы Э. Тэйлор магияның мазмұнын анықтау барысында әлсіз адамның өміріндегі ситуацияларды бөліп көрсетеді, мысалы ол өзінің білімінің тапшылығын сезгенде «ойша аналогиямен» және солардың әрекеті арқылы орынын толтырады, магиялық әрекеттің пайда болуы «жабайылардың заттарды, бір-біріне ұқсас нәрселерді, байланыссыз логикалық талқылауы» Э. Тэйлордың айтуы бойынша «... магия аз мөлшердегі шарасыз нәтиже және ой дамуының алғышарты». Зерттеушілердің көзқарасы бойынша, барлық магия символикалық болып көрінеді.
Оқымысты Э. Тэйлор, Дж. Фрэзердің өзінің «Алтын тарау: дін мен магияны зерттеу» туралы іргелі еңбегінде, магияны танымның және әлемге ықпал етудің ежелгі формасы деп қарастырады. Магияның пайда болу негізінде, зерттеушілердің ойы бойынша, магиялық ойлаудың екі принципі жатады, «Олардың біріншісі үйлес нәрсе үйлестіктен туындайды, немесе әр нәрсенің салдары өзінің себебіне байланысты. Екінші принципке сәйкес, бір мәрте бір- бірімен жанасқан заттар, тікелей байланыс үзілсе де ара қашықтықтан өзара әрекетке түсе береді. Бірінші принцип үйлестік заңы деп аталады, ал екіншісі – жанасу немесе жұқтыру». Үйлестік заңының негізінде «гомеопаттық» (болмашы; гомеопатическая) магия қалыптасады, ал жұқтыру заңында – кантагиоздық (кантагиозная). Ақыр соңында , «магияның әр түрлілігі – гомеопаттық және котагиоздық – бір ғана терминмен көрсетуге болады – симпатикалық магия, барлық жағдайларда құпия симпатияның нәтижесінде заттар бір-біріне ара қашықтықтан әсер етеді және импульс біріншіден екіншісіне үйлестіктің көмегімен көрінбейтін эфир арқылы бір-біріне беріледі». Сонымен қатар Дж. Фрезер магияның позитивті және негативті бөлімінің кеңесіне басты назар аударады. Оның ойы бойынша позитивтіліктің жиынтығын сиқырлық құрайды, ал негативті ұйғарымның жиынтығы – табу. Ақ магияны өз кезегінде ол позитивті магия, ал қара магия – негативті немесе табу деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол магияның екі типін байланыс және үйлесім заңы негізінде қалыптасты деп атап көрсетті. Одан кейінгі зерттеушілер алғашқы қоғамда барлық қауымның игілігі үшін жұмыс жасайтын кауымдық магия өмір сүрді деген қорытындыға келді. Дәл осы нұсқада антропологиялық зерттеуші Дж. Фрейзер магиялық тәжірибені қолданудың әлеуметтік түбірін ашып көрсетті: «Осы жағдайларда магияшы қоғамдық лауазымды тұлға бола білді. Осындай ұғымның пайда болуы қоғамның дамуы үшін үлкен мәні болды». Ғалымның ойынша, магия тайпа мүшелерін жоғарылату қабілетіне иеленді және әлдеқайда жақсырақ әлеуметтік сатыға өтуге итермеледі.
Зерттеуші С. Лангердің ғылыми еңбекті талдауында оның мақсаты магиялық тәжірибені қарастырған жоқ, керісінше имагиялық концепцияны символдау негізгі мотивация болып табылды. Бұдан шығатын қорытынды, ол «магиялық тәжірибені бақылау мен құруда ең бастысы салт жора, оның мәні мен қызметі
болып табылады» Бір ерекшелігі, мазасыздық жағдайға алып келетін салт жора, мысалы, конфликт, оған тапсырма дамудың шартты бағытын түсіндірумен құрастылылады деп айтуға болады».
Осы орайда, С. Лангердің ойы бойынша магияның мазмұны қауым өмірінің қалыпты және ұйымдық, дәстүрлілікті қолдаудың көрінісі ретінде магиялық салт жорамен қорытындылады.
XX ғасырда магияны оқып білуде орыс зерттеушісі С.А. Токарев үлкен табысқа жетті. Ол магия дамуының эволюциялық моделін ұсынды, бұл феноменнің сатысынан заңды ауысуының жалғастығын түсіндіреді. Нақты дәйектілік келесідей кезекте көрінеді: біріншіден, тікелей, адамға әсер етудің стихиялы-сәйкестілігі – материалды тәжірибе; екіншіден, тағы да әсер ету, бірақ магиялық күштің табиғаттан тыс ойдың көмегімен әсер ету ұғымы; сырттай қарағанда әрекет міндетті түрде жабарынумен байланысады деп жиі айтылады; үшіншіден, магиялық күш ұғымының пайда болуы өз кезегінде адамның әрекетіне әсер етеді, саналы іс-әрекет магиялық салт жораға айналады, тәжірибеден тікелей шықпайтын жаңасы пайда болады; төртіншіден, жалбарыну, алғашқыда жай ғана салт жорамен ілесіп жүреді де, уақыт өте келе оның негізгі бөлігіне айналады және әрекеттің өзін ығыстырып шығаруы да мүмкін.
С.А. Токарев магия туралы айтқанда мына салт жораларды яғни адамға табиғаттан тыс тікелей әсер ету осы және басқа материалды нысан тұрғысындағы анимистикалық ұғымдарды қосып айтуды ұсынды.
Осы орайда, антропологиялық зерттеу магияның ұғымын тәжірибелік әрекеттің жиынтығы ретінде анықтайды, осылардың негізін нақты мақсатқа жету ішін қызмет ететін салт жоралар құрайды. Магия, жоғарыда айтылған зерттеу көзқарасы тұрғысында, тек қалыптасқан ақыл-ой жүйесі емес, мінез- құлықтың ерекше түрі, дұрыс ойдың тепе-тең орналасқан прагматикалық нұсқауы, сезім және ықтияр. Бұл және әрекет образы, наным жүйесі және әлеуметтік феномендер, жеке күйзеліс.
3. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.. Христиандықта адам Құдайға «талпынбайды», керісінше Құдай мейрімділік пен шапағаттылықпен адамға «жақындайды». Христиандықтың өзіне ғана тән, басқа діни жүйелерде кездеспейтін қарама-қарсылығы адамзат пен құдай арасындағы түсіністік пен елестету. Иисус Христостың өзі Құдай: «Ең бірінші Сөз (кітап) болған, сосын Сөз Құдайда болды, кейін Сөздің өзі Құдай болды», осының негізінде Иисус Христос ақиқат ілімді ғана бейнелемейді сонымен қоса жоғарғы өмірге жол сілтейді, бірақ Өзі ақиқат өмір, өйткені Ол – Құдай. Христиандық ілім Жаңа Заветке сүйене отырып, «дала әлемі» мен «тау әлемі» құндылықтарын құдайлық пен адамзаттықты белгілі бір шекте қарама-қарсы қояды. «Әрқандай талпыныстар игілік жасау мен жетілу жолындағы қозғалыс пен талпыныстар болып табылады; әрқандай игілікке талпыныс Құдайға талпыныс болып табылады; игілік ол Құдай,оны былайша айтуға да болады, Құдай ол игілік». Сондықтан, адам әлемі: әлем, табиғат, қоғам, адамзат тарихы, адамның өзі – «Құндылық пен құндылық»
қатынасының алаңы, сол сияқты Құдайдың адаммен және адамның «Жер мен көкті жаратушы, адамзат баласын ұстап тұрушы мен құтқарушы» Құдаймен қатынасы.
Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да өзгеретін және шектеулі болмыстардың себебі мен түпнегізі болып табылады, ал барлық өзгеретін жаралыстар Құдай үшін түк те емес және барлық жаралыстар өзгереді. Христиандық дүниетанымның орталығында құдыреттілік мәнге ие, шексіз, өзгермейтін, бәрін өзі білетін, трансцендентті жаратушы мәнге ие – Құдай тұрады. Құдай әрдайым өзінің жаратылыстарын жасаумен болады, ол өзіндік пікірі жоқ абстракция емес, бірақ дараланған «Тірі Құдай».
Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да болмыстардың барлық заттардың, процестер мен жүйелердің (көрінетін және көрінбейтін, көктегі және жердегі) себебі мен бастамасы болып табылады. Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да өзгеретін және шектеулі болмыстардың себебі мен түпнегізі болып табылады, ал барлық өзгеретін жаралыстар Құдай үшін түк те емес және барлық жаралыстар өзгереді. Христиандық дүниетанымның орталығында құдыреттілік мәнге ие, шексіз, өзгермейтін, бәрін өзі білетін, трансцендентті жаратушы мәнге ие – Құдай тұрады. Құдай әрдайым өзінің жаратылыстарын жасаумен болады, ол өзіндік пікірі жоқ абстракция емес, бірақ дараланған «Тірі Құдай». Жаратылыс – жаратушымен ерікті сырласатын бостандықтағы актісі. Әлем Жаратушы арқылы өмір сүріп отыр, егер кенеттен Жаратушының әлемді орнықтырудағы іс-әрекеті «жаратылу» тоқтайтын болса, онда «Жаратушының ықпалынсыз барлық нәрсенің тағдыры оның ішінде адамның да өмір сүруі мүмкін емес, өйткені «әлем Жаратушының үздіксіз жаратуымен өмір сүріп отыр».
Інжіл кітабында адамның пайда болуының екі түрлі үлгісі кездеседі. Біріншісі, «Қасиетті кодекске», көтеріліп бара жатқан «Алтыкүндік»; екіншіден, адамның пайда болуында «технологиялық процесс» деп сипатталатын ескірек үлгі, «Ягвистқа» көтерілуші.
Христиандық догмат бойынша адамды Құдай образында және оған ұқсас жаратуы христиандық аппологеттердің адамның жоғары мүмкіндігін мойындауға және оған құдайлық образдың белгілерін іздеуге алып келеді. Христиандықтағы діни-догматтық және философиялық түсініктегі құдайлық жарату ерекше бір түсіндірудің нюансы болып табылады. Христиандық дүниетаным бойынша адам мәселесін түсіндіргенде не талдағанда арнайы, дербес мән береді. Өйткені адам – Құдай жаратылысы, оның табиғаты, өмір сүру формасы және өзіндік тұлғалық қасиеті өзінен өзі туындаған жоқ ол дара жаратушыдан бастауын алады. Сондықтан адамға Құдайдың образы мен үйлесімділігісіз әлемде өмір сүрудің мәні болмайды. Христиандықта адамның өміріндегі өзіндік құндылықтарын «жою, өшіру», адам болмысының көндігуі мен дезинтеграция мүмкіндіктеріне алып келеді. Субъектіні идеалдандыру қажеттілігі христиандықта әлемнің және адам болмысының дематериализациясына соқтырады. Шындығында болмыстың
нақтылану нәтижесі – адамның (жалпылама) қажеттіліктері, мүддесі, жүріс- тұрысы, өмір сүру стилі ретінде болмысқа сүйеніп қабылдайды. Бұл индивидтің материалды психофизикалық ықпалдасуы, ол немен бетпе-бет келсе соған қарсы тұрады. Сондықтан адамның (субъект) «объективті шындыққа» қатынасы – бұл идеалды қатынас емес, бірақ практикалық тұрғыда – нақтының нақтыға қатынасы рухани ықпал болады. Адам «объективті шындықты» болмыс алдына емес мәнге орналастырады, ал ол оның ішінен табылады. Субъект – мәндінің ішінде (мән бұл сезімдік жүйеге, бостандыққа, құндылықтарға, жүріс-тұрысқа, өмір сүру стиліне ие) орналасқан адам. Барлық ерекше адамзаттық белгілер абсолюттің сипаты ретінде түсіндіріледі, ал адамдарға олар «Құдайлық образбен, үйлестікпен» еркін түрде «сыйға тартылады». Осындай жағдайда адамзаттық қасиеттер, мүмкіндіктер, белгілер және сипаттамалар адамнан «бөлініп», «иесізденіп», гипортрофтық түрде Абсолютқа, «Тірі және ақиқат Құдайға» беріліп, ұлы жаратушы өзінің қасиетін адамға сыйға тартады. Бұл мағынада христиандық дүниетаным әрдайым теоантроморфты.
Христиандық анропология үздіксіз христологиямен байланысты. Оның ішінде христиандықтағы «Құдай адам Иисус Христос» «Жаңа Адам», жетілген адамның идеалды бейнесі, құдай іспеттес құдайлық болып табылады, Құдайдың «балалық сенім»: менің рахым, мархабатымдағы «ғашығымның баласы»; Осылай Құдай әлемді сүйді өйткені халқына, оған сенушілерге өлмейтін, мәңгілік өмір сүруші өз баласын берді. Онда Құдай әлемнен сынақ алу үшін өзінің баласын жібермейтін еді, бірақ әлем сол қайта құтқарылады. Оған сенушілер сұраққа алынбайды, ал сенбейтіндер олар сұралады, сыналады, өйткені бүкілхалықтық Құдай баласына иман келтірмеді.
Мұндай жағдайда христиандық сенімге сәйкес христиандықтағы біртұтас орталықтандырылған және генерализацияланған құндылықтар көрініс беріп, Иисус Христос туралы адамдарға ақиқат толығымен және терең ашылады». Христиандықтағы адам табиғаты үш сипатта түсіндіріледі.
Адам ата мен Хауа ананың күнә жасағанына дейінгі.
Түсірілген адам (оның алдыңғы жағдайы).
Иисус Христоспен қайта жаңартылған адам.
Адам христиандық сенімге сәйкес «Жаратушы» қолынан пәк, таза болып шықты және өзінің «Жаратушысымен» бірге татулықта өмір суруі бекітілді, бірақ шайтанның азғыруымен, қысымымен Құдайдың жеме деген жақсылық пен зұлымдық танымы ағашының жемісін жеп, күнә жасап, өзінің келесі ұрпақтарына дейін құдайлық игіліктен айрылады. Болмыс бастамасынан үзілген адам ауруға, қамқорлыққа жат, құмарлық істерге, өлімге, ылдилауға әуестенеді. Құдайға ұқсастылық, жасалған күнәмен жуылып-шайылып жоқ болып, байырға құдайлық адам адамзат жетілуінің идеалы ғана болып қалды. Адамзат трагедиялық, «жыртылған», екіге бөлінген, қарама-қарсы пікірдегі трагедиялық болмыс игілік іс пен күнә, рух пен нәпсі, Құдайдың игілік істері мен лас гипноздық істер ретіндегі тірі жан болып қана қалды. Бүлінген адамзат табиғатын қайта қалпына келтіру тек қана «»Жеке дара туған Құдай
баласы, құдай құрбаны – Иисус Христосқа» берілу мен бас ию арқылы ғана болмақ.
«Құдай баласының» «әлемнің күнәсін» өзіне алып, «өліммен өлімді түзеп» ертедегі күнә жасаушы Адам атаның күнәсін өзінің азапты өлімімен нақтылы түрде көрсеткен болатын. Иисус Христостың құтқару әрекетінен кейін адамдар «жаңалықтар жасап», не «сеніп» христиандықтар дара ақиқат бейнелі, құдайсипат қасиетті Иисус Христосқа барып тұрды.
Адам Құдай бейнесімен және Соған ұқсас жасалғандықтан оның ерекше қасиеттері: қызметі, ақылдылығы, еріктілігі, ар-ұжданы тағы да басқалары оның тек құдайлық бейнесін ғана көрсетпейді, олар әр адамның ерекшеліктерін алып жүретін және негізі (болмысы) – мәңгілік жанмен тығыз байланысты.
Христиандық антропология ілім бойынша, адам тән мен жаннның бірлігі. Жан тәнді тірілтеді, оны рухтандырады, жансыз тән – мәйіт, сондықтан да Қасиетті кітаптарда жан «өмір тынысы», «өмір рухы» немесе «рух» деген анықтама алған. Жан өзіне Құдайды қайнар көз қылып, мәйітті тірі жанға айналдырып жіберетін ерекше күш. Адам жанын Жоғарғы Абсолют материалдық әлемнен бөлек, жеке, ерікті қылып жасалды. Жарату әдәсі- «Құдайдың дем беруі». Адам жаны Құдайдан кемелділікті алды, ол оны «Жаратушы мен Жасаушыға» жақын қылады. Жанның ерекше қасиеттері оның бірегейлігі (ерекшелігі), руханилығы және мәңгілігі. Адам жанының сапалық өзгерістері оған берілген «Құдайлық сыйлардан»: сөйлеу сыйы, ойлау сыйы, еркіндік сыйынан тұрады.
Осылайша, христологияда адамның жасалуы, құдайға ұқсауы, екі жақтылық табиғаты және күнәхарлығы туралы тұжырымдар болды. Адамның күнә жасағаннан кейінгі жеке әлемі тек Құдайға ғана белгілі, басқалар үшін ол мүлде белгісіз, сондықтан әр тұлғаның ішкі өмірі оның «адам тәнін Жасаушымен» қарым-қатынасы оның соңғы тағдырын анықтайтын, шешетін фактор болып табылады. Адам өзінің ойымен, ісімен және өмір сүру стилімен тек Құдайға ғана бағынышты. Исламдағы антропологиялық мәселелер. «Ислам» сөзі көбінесе «бойсұнушы» деп түсіндіріледі, этимологиялық тұрғыда өзін беру, өзін сеніп тапсыру дегенді білдіреді. Соған сай мұсылман бұл өзін Құдайға сеніп тапсырған адам. Мұсылман үшін Құранның рөлі қандай екенін білу де міндет. Құран исламдық ілім бойынша Құдайдың Ашылуы. Бұл ашылуда Құдай сөзімен қоса адам сөзі естілмейді, яғни Құдаймен рухтанған адамның мүмкіншілігі заманмен, қоғаммен шектеулі, ол тек осы рухтың жетелеуін түсіндіруші ғана. Құран Құдайдың Ашылуы, Мұхаммед Пайғамбар тек оны жеткізуші. Құранда тек Құдай ғана сөйлейді. Сондықтан мұсылмандар үшін Құран өзіне арналған Құдайдың сөзі.
Ислам бойынша Құдай адамдар үшін Өзін Құранда, Құдайдың ашылу заңында ашады. Адам «араб тілінде, түсінікті» түсірілген Құран заңы бойынша өмір сүреді. Ислам – бұл теистік дін. Абсолют әлемге трансцендентті, әлемді ерікті түрде жасаушы және оны ерікті қолданушы шексіз тұлғалық бастама ретінде түсіндіріледі. Яғни бұл жаратушы және
тіршілік беруші бір Құдайға сенуді уаыздайтын дін. Сонымен қоса, исламда Құдайды адамның көруі мүмкін емес, адамның Құдайтүрінде келуі де, құпияшылдық арқылы ізгі хабар алу мүмкіндігі де жоққа шығарылады. Исламда құпияшылдық деген ұғым да жоқ, тек құпия, жасырын ұғымдар бар. Құран мұсылмандарды Құдайдың құпиясына сенуге міндеттейді.
Құранда Мұхаммед Пайғамбар жаңа хабар айтуға емес, ол бастапқы таза бір Құдайға деген сенімді қайта орнатуға шақырылды деп айтылады. Бұл сенім әр адамда бар, оның табиғатына тән, себебі Құдай Адам Атаның балаларына яғни адамзат тегіне берген өсиетінде: «сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?», - ( дегенде), олар: «Ірине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер. Немесе: «Бұрынғы ата- бабамыз шерік қатқан еді, біз де солардың ұрпағымыз...». Құрандық антропология туралы айтсақ бұнда жүйелі түрдегі адам туралы ілім туралы сөз болмауы түсінікті, себебі Құран философиялық немесе діни еңбек емес, дәстүрге айналған діни заңнама.
Құрандық антропология үш мәселе төңірегінде жоспарланады: адам өзінің Құдаймен қатынасын қалай қоюы керек, ол жақсылық пен жамандықты қалай ажыратуы керек және қалай ол тозақ азабынан құтқарылы алады. Құран бойынша адам – Құдайдың жаратқаны, Оның таңдаулысы, Құдайдың жердегі әміршісі (халифы). Бірақ, ол Құдайдан жаратылған болғандықтан өзінің табиғатының екі: онтологиялық (адамға өлім тән) және адамгершілік (адам күнә жасайды) әлсідігінен Құдайға тәуелді. Бұл мәселені қарастыруда үш монотеистік діндер ортақ ұйғарымда десе болады. Ал Құдай алдындағы адамның статусын бағалауда біраз өзгешеліктер бар.
Құранда адамның Құдай бейнесімен және Соған ұқсас жасалғандығы туралы идея жоқ. Нақтырақ айтсақ Құдай адамды сол өзінің бейнесі бойынша жасаған: «Ол сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің сол жақ» (Құран 64:3). Немесе тағы бір жерде: «Ол сондай Аллаһ, сені жаратты Толықтап теңестірді. Ол сені қалаған бейнеде құрастырды» (Құран 82:6-8). Құран Аллаһның жаратқандарының ішінде адамды ерекше қаситеттерімен бөлектеп, ерекше орынға қояды. Жаратушы адамды Өз қолымен жасап, Өз рухынан дем бергені туралы айтады. Адам Құдайдың құпиясымен ерекше ізгілікті Аллаһтың жаратқаны болу мәртебесіне ие болды. Жаратушы адамға табиғи бейімділік беру арқылы оны Өзінің жердегі орынбасары етті: «Расында да адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрылым артық жараттық » ( «Ісра» сүресі, (70) )
Аллаһ Тағала жерді де, көкті де әлемдегі барды толық адамға бағынышты етіп, оларды өзінің қажетіне қолдануға икемдеп жасады: «Және де Ол өз тарапынан сендер үшін көктердегі әрі жердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларды түсінген ел үшін белгілер бар.» ( «Жасия» сүресі, (13) ) Аллаһ Тағала адамды өзімен-өзін қалдырған жоқ және де бостан бос немесе ермек үшін жатақан жоқ, керісінше олардың арасынан адамдарды
дұрыс жолға салатын, осы өмірде бақытты қылытын, о дүниеде Фирдаусуға (Жұмақ) оралтып, рахатқа батыратын Киелі сөзді алып келетін «Пайғамбарларды Аллаһ Тағала адамдарды дұрыс құлшылыққа лайықты Тәңірімен таныстырып, ешқандай серігі жоқ жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін жібереді. Оларды адамзатты жаннаттан сүйіншілеп, тозақтан сақтандыру үшін жібереді. Оларды адамдарға дұрыс құлшылық пен жақсы мінез-құлықты өнеге болу үшін жібереді.» (Пайғамбарлар қиссасы 8- бет. Алматы, 2007)
Аллаһ Тағала Адамға төрт артықшылық берді. Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте пайғамбарымыз «Қиямет күні мүміндер жиналып «Раббымыздың алдында шапағатшы болатын біреуді іздесек» деп Адамға келіп: «Сен адамзаттың атасысың, Аллаһ сені Өз қолымен жаратты, періштелерді саған сәжде жасатты және өзіңе барлық нәрсенің атауын үйретті, бізге Раббымыздың алдында шапағат ет», -дейді, - деген (әл-Бухари, Муслим). Адам – дене мен рухтан (жаннан) құралған тіршілік иесі. Сондықтан оның өз жеке басы алдында міндеттері екіге бөлінеді:
1) Тән алдындағы міндеттер: тәнді аурулардан қорғау және бұл үшін қажетті шараларды орындау, тазалықты сақтау;
2) Рух алдындағы міндеттер: рухты негізсіз және жалған сенімдерден тазарту, дұрыс және берік сенімдерді орнықтыру, дұрыс және пайдалы білімдермен қаруландыру, жаман ойлар мен жағымсыз мінез-құлықтардан тазарту, жақсы ойлар мен тамаша мінез-құлықтармен безендіру. (Негізгі діни мағұлматтар. Алматы, 2008. 277б.)
Алғашқы күнә – тәкәппарлық. Сондықтан ғұламалар: «Барлық күнәлардың негізі - тәкәппарлық», - деген. Сол үшін: «Жүрегінде тарының салмағындай менмендік бол,ан адам жаннатқа кірмейді», - деген (Әбу Дәуд) және осы мағанада көптеген хадистер келтірілген. Киімімен, үй-жайымен немесе руымен, ата-тегімен мақтану күнәлардың негізі болып табылады. Сол себепті пайғамбар сахабаларының бірінің: «Ей ансарлар!», ал басқа бірінің: «Ей муһажирлер» - деп өз жақтастарын шақырып жатқанын естіген кезде: «Қойыңдар оны, расында ол – жиіркенішті нәрсе», деген (әл- Бухари). Ұлтшылдық, рушылдық және адамдар арасындағы бақталас, мақтанушылық – тәкәпарлыққа жатады.Қарапайым қызметкерге, жалгер жұмысшыға менменси қарау аса ауыр күнә. Өткені, Аллаһ Тағала күпірліктің басы тәкәппарлық деген.
Кінәні мойындау – Адам мен Ібілістің арасындағы үлкен айырмашылық. Ібіліс қарсылық танытып, менменсіді және осы әрекеті үшін мәңгілік тозаққа лайық болды. Ал адам Аллаһтың әміріне қарсы келіп күнә істегенмен Одан өз күнәларын кешіруін сұрады. Сондықтан ғалымдар: «Кіші күнә мойындаумен, ал үлкен күнә кешірім сұрау арқылы жуылады», - деп айтқан. Адам дүние салар алдында пайғамбарлықты Шиске тапсырды. Шис Адамның ұлы, Аллаһ Тағала оны Абылдың өлімінен кейін берген еді. Өйткені, Адам ұлы Абыл өлтірілген кезде қатты қай,ырған болатын. «Шис» сөзінің мағынасы – Аллаһтың сыйы, нығметі дегенді білдіреді.
Әбу Зәрр: «Пайғамбар: «Аллаһ жүз төрт жазба түсірді. Содан елу жазбаны Шиске түсірген», - деді», - деген (Ибн Хиббан).
Ол жазбалар адамзаттың өмірін ретке келтіретін қағидалар мен шариғи заңдарды қамтыды. Өйткені, адамзаттың бастапқы кезеңдегі өмірі реттеуді қажет етті.
Адам Шиске өз білімінің басым бөлігін үйретті. Бірақ, ол Адамның білімін толығымен игере алмады. Өйткені, Адам Аллаһ Тағала тарапынан тәлім алған еді. Шис Адамнан білім алған, көп нәрсені үйренген ғұлама кісі. Ол адамдарға өркениет пен өнеркәсіпті, күн мен түнді өлшеуді үйретті. Исламның мақсаты – адамдарды игі ахлақ (әдеп) иесі етіп тәрбиелеп, кемелдендіру. Пайғамбар былай дейді: «Мен көкем мінездерді толықтырып, кемелдендіру үшін жіберілдім» («Кәшф әл-Хафа», 1 том 211б.). Бір мұсылманға берілетін баға оның парасаттылығымен өлшенеді. Исламда ғибадаттар діннің әмірі болса, ахлақи міндеттерді орындау да діннің әмірі. Исламдағы ғибадаттардың негізгі мақсаты – адамдарды жаманшылықтан алшақтатып, игі ахлақты болуға тәрбиелеу.
Шынайы сенім иесі болған адам, барлық іс-әрекеттерін Аллаһ Тағаланың көріп тұрғанына және оларды періштелердің жазып отыратынына сенеді. Дүниеде істеген әрбір іс-әрекетінің қиямет күнінде өзінен сұралатынын біледі. Жақсылық жасағандардың сый көретініне, ал жаманшылық жасағандардың жазасын тартатынына сенеді.
Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Кімде-кім титтей жақсылық жасаса, оның сыйын алады, ал кімде-кім титтей де жамандық жасаса, оның жазасын тартады» (Зілзәлә сүресі 7-8 аяттар). Бұл сенім адамды жаманшылықтан алыстатады, жақсылық жасауға себепші болады. Жүрегі мұндай сенім мен жауапкершілік сезімдерінен жұрдай адам адамдардан жақсылық күтуге болмайды.
Ал жүрегі сенімге толы мұсылман барлық іс-әрекеттеріне көңіл аударып, бақылап отырады. Ешкімге жаманшылық істемейді. Қолынан келген жақсылықты жасауға тырысады. Ғибадаттар адам жүрегіне иманды арттырады, әрі парасатты болуға шақырады. Бес уақыт намаз адамға үнемі Аллаһты еске салып отырады, әр түрлі жаман әрекеттерден бас тартқызады. Ораза болса шапағат, мейірім сезімдерін дамытып, адам қолын харам нәрселерден, тілін жалған, өтіріктен сақтайды. Зекет – сараңдықтан құтқарады, басқаларға жақсылық жасап, қол ұшын беруге, адам бойындағы көмек көрсету сезімдерін оятып, халыққа пайдалы болуға себепші болады.
Ең тамаша ахлақ үлгісі – Хазреті Мұхаммед – Аллаһтың тәрбиесінде болған. Ол мінез-құлқын Құраннан алып, жақсылықтардың бәрін бойына жинаған. Пайғамбар ахлақтың міндеттерінен тағлым бере жүріп, өзі үлгі көрсетіп отырған. Ол еш уақытта туралықтан, шындықтан жақсылықтан бір сәт ажырымаған, тамаша мінезімен, іс-әрекетімен басқаларға үлгі болған. Алааһ Құран Кәрімде: «Аллаһтың расулінің бойында, сіз үлгі алатындай тамаша өнеге бар» (Ахзаб сүресі 21 аят) дей отырып, Пайғамбардан үлгі алуға шақырған. Адамдардың міндеті – Пайғамбардың парасаттылық пен адамгершілікке толы өмірін біліп, үйреніп, оның іс-әрекетін үлгі тұту.
Исламдағы адамға берілген тағы бір әмір – еңбек ету. Кез-келген мұсылман күн көру үшін және ешкімге мұқтаж болмай өмір сүру үшін еңбектенуі қажет. Еңбектеніп, ақша табуда аса мән беретін нәрсе – ақшаны адал еңбекпен табу және оған харам нәрсе араластырмау. Пайғамбар: «Бір мұсылманды алдаған, оған зиян тигізген немесе айла жасаған адам – бізден емес» (250 хадис, 159 б.). Мұсылмандардың маңызды қағидасы шыншылдық, туралық, адалдық, адамгершілік қасиеттер.
Адам парасатты, адамгершілікті болуы үшін жақсы тәрбие, мінез- құлық керек. Мінез-құлқы жаман адамдармен жолдас болған адамдар да уақыт өте келе өздерінің жақсы мінездерінен айрылып, жаман мінезге түсіп кетеді. Сол себепті игі ахлақ иесі өз құлқын сақтау үшін, жақсы ахлақты тәлім – тәрбиесі бар адамдармен араласуы керек, ал әдепсіз адамдардан аулақ болуы тиіс. Пайғамбар:
«Жақсы адамдармен жолдас болуды хош иісті сулар сатылатын дүкенде отырғанға ұқсатады. Дүкеннің қожайыны оған ештеңе қсынбаса да ол жердің хош иісінен әсерленеді.»
«Жаман адамдармен жолдас болуды темірші ұстаханасына ұқсатады. Ол жерде отыр,анкісіге оттың бір ұшқыны шашырайды,я болмаса иісі мазасын алады». (Жами әс-Сағир)
Адам жора-жолдас таңдағанда абай болуы керек. Жақсы және білімді адамдармен дос болу, олардың сөз және іс-әрекеттерінен жақсы өнеге алу, жаман адамдардан қашық болу міндет. Бірақ оларды сол жаман іс- әрекеттерінен құтқару мақсатында олармен жақсы араласып, адамгершілікке тарту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |