Дін, мәдениет және қоғам. Дін: негізгі түсініктер



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі349,34 Kb.
#47264
  1   2
Байланысты:
Дін, м дениет ж не о ам. Дін негізгі т сініктер



Дін, мәдениет және қоғам. 
1.Дін: негізгі түсініктер. 
2.Мәдениет және өркениет:ұғымдардың мазмұны мен арақатынасы. 
3. Мәдени көптүрлілік.Құндылықтар, дәстүрлер. 
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда 
діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын 
көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік 
өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар 
өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол 
діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін 
емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның 
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. 
Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», 
«байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың 
бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің 
мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. 
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға 
болады.«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, 
бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да 
қамтиды. Ал «діннің» термин ретіндегі мағынасын, Алла Тағала тарапынан жіберілген 
адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек 
болатын заңдылықттарды, ақыретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген 
мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге 
болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға 
деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері. Әрине, біз бұл жерде «діннің» ұлан‑
асыр мағыналық көпқырлылығын барынша синтездеп, негізгі ұғым ретінде ғана келтіріп 
отырмыз. Асылында, бұл тақырыптың шеңбері мұнымен шектелмейтіні даусыз. 
Адамзатты бір бағытқа біріктіретін,рухани байытатын,Жаратушыға деген сенімі.Дін 
туралы түсінік адамзатта ерте кезден дамыған,және дін түрлері өте көп.Адамзат 
қабылдаған ең алғашқы діндердің бірі –буддизм.Ал біздің Республикамызда қабылданған 
заңды дін ислам болып табылады. 
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама 
ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми 
еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен 
тасада қалып қойды» Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де 
және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты 
және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер 
болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді 
білдіретін көрінеді. 
Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, 
әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар 


айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. 
Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, 
фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік 
(политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық 
құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті 
елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір 
құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады. 
Ғылыми әдебиеттерде бұл сұрақтың үш ұстанымы бар: теңдестіру, қарама-қарсы қою 
және өзара себептілі ретінде. Алғашқыда бұл ұғымдар мәндес сөздер сияқты көрінді, 
ешқандай да қарама-қарсы қойылған емес. Ағартушылық дәуірінің философтары тек қана 
дамыған мәдениеттен өркениеттілік туады деуден табжылмады. Ал осыған сәйкес, 
өркениет мәдениеттіліктің кемелдігінің және халділігінің көрсеткіші болып саналды. Дәл 
осындай ұстанымдарды біз А. Гумбольдтың және Э.Тайлордың еңбектерінен көреміз, олар 
«мәдениет» ұғымымен қатар «өркениет» ұғымын бір-бірімен жиі ауыстырып пайдаланды. 
Ал Фрейд болса мәдениет және өркениет адамдарды жануарлардан айырады деп 
табандылық танытты. Бұндай ұстанымдардың негізі бар, өйткені мәдениет және өркениет 
өзара көптеген көрсеткіштері арқылы үйлесімді. Мәдениеттің, дәл солайша өркениеттің 
әлеуметтік табиғатты бар, тек қана адами қарекеттің нәтижесінде болып, адамның табиғат 
әлеміне қарсы тұратын жасанды мекені «екінші табиғатты» жасайды. 
XVIII ғ. соңына таман неміс философтары және ағартушылары арасында мәдениет және 
өркениетті қарама-қарсы қою дәстүрі көріне бастайды. Сайып келгенде, мәдениет 
адамның ішкі дәулеті болып келеді, оның рухани дамуы, бостандығының өлшемі. Ал 
өркениет болса адамның өзіне арналмаған заттарды түрлендіру арқылы оның өзгертілген 
әлемі сияқты, сонымен қатар оларға сол қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың қол 
жетерлік дәрежесі. Мәдениет жетілген тұлғаны, жасампаз-адамды қалыптастыруға 
бағытталған. Өркениет идеалды заң бұзбайтын азаматты тәрбиелеуге бағытталған, өйткені 
ол жалпы қабылданған ақиқаттың абсолютті дұрыстығына дәл келетін стандартты 
ойлаумен байланысты. Дәл осылайша «өркениет» ұғымы урбанизациямен, тығыздықпен, 
машина тираниясымен синонимдес болып келеді.О.Шпенглердің, Н.Бердяевтің, 
Г.Маркузенің және басқаларының әйгілі мәдениеттанымдық теориялары осы рухта 
жасалған. Мысалы, Шпенглерде, мәдениет тірі организмдермен салыстырылады. Сол 
себептен де, олар өздерінің дамуында туу, гүлдеу және өлім сатыларынан өтеді. 
Мәдениеттің дамуының соңғы қорытынды даму фазасы — құлдырауды және опат болуды 
Шпенглер өркениет деп атайды. Сондықтан ол үшін өркениеттің негізгі сипаттарына 
мыналар жатады: діни сенімнің құлдырауы, өнердің азуы, материализмнің және құрғақ 
рационализмнің таралуы, шығармашылықтың нәтижесіздікке ауысуы, рухсыз техникалық. 
Бердяев өз жұмысында мәдениет пен өркениеттің, ерекше сипаттарын айшықтайды бірақ 
ол, сонымен қатар оларды синхронды дамиды деп есептейді. Оның ойынша, мәдениетте 
руханилықтың, жеке адамдылықтың, ақсүйектіліктің басталымы дамиды. Сонымен қатар 
мәдениетке сапалылық, мәнерлілік, эстетикалық, тұрақгылыққа деген ұмтылыс және 
консерватизм сияқты сипаттар тән. Ал өркениеттілік материалдылықтың, әлеуметтік-
ұжымдықтың, демократиялықтың дамуымен байланысты. Сонысымен өркениет 
тираждауға, жалпы қол жетімділікке, пайдалылыққа ұмтылады. Сондықтан, Бердяев 
өркениеттің пайда болуы тіршіліктіктен, ол адамның табиғатпен күресінде храмдардан 


және діни дәстүрлерден тысқарылықтан келді. Егер мәдениеттің жаны болса, ал 
өркениетте — тек әдістер мен құрал-саймандар — дейді. 
Мәдениет пен өркениеттің арақатынасы туралы бұдан да ашырақ айтқан философ және 
социолог 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет