Әдебиет тізімін оесімдеу
Әдебиет тізімі кез келген ғылыми жұмыстың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл тізімге жұмыста сілтеме жасалған, тақырыпқа қатысы бар әдебиеттер, мұрағат материалдары, көрген туындылар кіреді. Тізімдегі әдебиеттердің берілу нұсқалары:
құжаттардың типтері бойынша;
• жүйелік;
пайдалану реті бойынша (тараулар мен бөлімдер бойынша);
• хронологиялық және т.б.
Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты
ұстану керек. Әдебиегтер дереккөзі МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастырып, нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған дереккөздерге жасалған сілтеме төртбұрышты (квадрат) жақшаның ішінде көрсетіледі.
Енді ғаламтор желісіндегі басылымдарға келейік. Қазіргі жазба жұмыстарда \л/еЬ-сайттарға сілтеме саны өсіп келеді, әлі де өсе бермек. Электронды дереккөздерге сілтемені ресімдеу қиын емес, желідегі кез келген оқырман дереккөзді тауып алатындай толық мекенжай көрсетілсе болды. Мысалы, Демин А.Н. Возможности использования человеком индивидуальных и социальных ресурсов в ситуации отсутствия работы
Экономическая социология. 2000. Том 1. № 1. С.37-47 // уууууу.өсзос. тзвев.ги. немесе Сабиров В.Ш. Предмет маркетингового исследования // Менеджмент в Сибири. 2014. №6. [Электронный ресурс] - Режим доступа. - ЦКІ.:һйр://уууууу.тапаа.ги/агіісІ.рһр?по=317.
Бұл - ресімдеудің техникалық жағы. Ал енді электронды мәтіндердің өзіне көзқарас қалай? Қазір кез келген адам өз парақшасында ойына келгенін жаза алатыны жасырын емес. Осы электронды мәтіндердің бәрін жарияланым деп тануға бола ма? Егер электронды мәтіннің қағазда басылған нұсқасы болса, әңгімебасқаша. Ал мәтінтекэлектронды нұсқада ғана болса ше? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін жалпы жарияланым деп нені танимыз, соған тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |