Есте сақтаңыз!
у жекелеген етістіктер тірек сездер қатарын қурай
4.6 Тезис
Баяндаманың, мақаланың немесе басқа да көлемді материалдың тезисі дегеніміз - логикалық жағынан бір-бірімен
байланысты жекелеген ережелердің жиынтығы. •
Кез келген тезисті жазудың негізгі мақсаты - қолдағы бар
материалды жинақтап қорыту, оның негізгі ойын қысқаша беру, көлемі жағынан үлкен баяндаманың немесе мақаланың мазмұнын ашу; мәселеге терең бойлап, оған талдау жасау және басқалардың ойына өз ойын қЗрсы қоя білу не өзгенің ойын толықтыра білу.
Басқа ғылыми мәтіндерден тезистің айырмашылығы оның көлемінің аздығында (1 -2 бет), соған қарамастан, тезисте баяндаманың (мақаланың) барлық негізгі идеясы берілуі керек. Оқырман сапалы жазылған тезистен тұтас жұмыс туралы мәлімет алады және толық көлемдегі материалмен танысудың қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Сәтсіз жазылған тезистер оқырманды қызықты жазылған ғылыми жұмысты оқудан бас тартқызуы мүмкін. Керісінше, сәтті құрылған тезис мәтіні ғылыми материалға да, баяндамашыға да назар аудартады. Қазіргі уақытта халықаралық конференцияның ұйымдастырушы комитеті баяндаматезисін қарастыру нәтижесіндетиісті баяндаманы конференция бағдарламасына қосу туралы ғана шешім қабылдамайды, сонымен бірге баяндаманың маңызы жоғары болуына орай автордың конференцияға қатысу ақысын (толық немесе жартылай) төлеп те беретін жағдайлар кездеседі.
Тезистің түрлері
Басқа автордың жарияланымы бойынша құрылған тезис.
Автордың өз материалының негізінде жазылған тезис.
Бірінші жағдайда тезис авторы материалмен алдын ала таныс болмайды, сондықтан оны мұқият оқуы керек. Оқи отырып, мәтінді бірнеше бөлікке бөледі. Әрі қарай мәтіннің бөлінген бөліктерінен негізгі ойды тауып, оны көшіреді немесе сол мәтінде белгілеп қояды. Содан кейін бөлінген бөліктер бойынша жекелеген тұжырымдар жасайды. Міне, осылар тезис болады.
Екінші түріне баяндама, мақала, таныстырылым сияқты ғылыми жұмыстардың тезистері жатады. Бұл жағдайда автор мәтінде қозғалып отырған мәселені жақсы біледі, сол себепті осы мәселені жазбаша түрде қысқа әрі нұсқа беру автордың міндеті болып табылады. Соңғы типтегі
тезисті жазу әрдайым оңай бола бермейді. Тезис жазып отырып, жаңа идеялардың келуі де мүмкін. Авторға өз жұмысының мәнін басқаша түсіндіру керек болады. Осы міндеттерді жеңілдету үшін төмендегі нұсқаулықты беріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |