Саясаттану - [грек, роііііке - мемлекетті басқару өнері, Іодоз - сөз, түсінік, ілім] саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX ғ. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.
Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
халықаралық қатынастар;
саяси теория;
саяси институттар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда
107
болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді. Саясаттану пән» ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша
нақты білім жүйесін береді, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілд