Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет94/131
Дата03.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#133533
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

оң жағы - Юмм,


жоғарғы жағы - 20мм,


сол жақ - ЗОмм


төменгі жағы - 20мм.

Магистрлік диссертация беттерінің көлемі қосымшаны есепке алмағандагуманитарлықмамандықтарүшін70-80беттен,жаратылыстану және техникалық мамандықтар үшін 60-70 беттен кем болмауы тиіс.


Магистрант диссертация жазу барысында пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер беруге міндетті. Дереккәз туралы мәліметті мәтін бойынша дереккөздерге сілтемелерді пайдалану тәртібінде орналастыру қажет және араб цифрларымен нөмірлеп, жаңа жолдан шегініс жасаусыз орналастыруы керек.



127

Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме квадратжақшаларда жасалады [5,7]. Бір дереккөзге бірнеше рет сілтеме жасалған кезде квадрат жақшаларда дереккөздің реттік нөмірінен өзге тиісті бет қойылады. БАҚ ақпараттарын пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дереккөздің нөмірі ғана көрсетіледі.


Қосымшаны магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде оның қосымша парақтарында ресімдейді.

Диссертация мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша диссертация мәтінінде оған берілген сілтемелер тәртібімен орналасады. Әрбір қосымшаны беттің оң жақ жоғарғы бұрышына «Қосымша» сөзін көрсету жолымен жаңа беттен бастау керек.


Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс және ол бас әріптермен бөлек жолда жазылады. Қосымша құжаттың қалған бөлігі ретінде толықтай нөмірленуі тиіс.




Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібі

Бітіруші ғылым магистрі академиялық дәрежесін алу үшін біліктілік комиссия алдында магистрлікдиссертациясын қорғауға шығады. Қорғауға ұсынылған негізгі нәтижелері ғылыми журналдарда жарық көруі тиіс.


Диссертацияны қорғауға бір ай мерзім қалғанда диссертациялық кеңеске мына материалдар ұсынылады:





  • түптелген диссертация 1 дана;




  • сараптамалық комиссия қорытындысы;




  • диссертанттың ғылыми жетекшісінің пікірі;




  • ресми қарсы сөйлеуші пікірі;




  • диссертацияның аңдатпасы;




  • транскрипт;




  • диссертация тақырыбын бекіту туралы құжат;




  • бекітілген тәртіпте куәландырылған ғылыми жарияланымдардың тізімі мен олардың көшірмелері;

  • презентациялық материалдар.

Сараптамалық комиссия 10 күн ішінде диссертацияға сараптама өткізеді және бекітілген түрде негізделген жазбаша қорытынды береді. Қорытынды төмендегі мәселелерді қамтуы керек:





  • диссертацияда баяндалған нәтижелерді алуда магистранттың нақты жеке қатысуы;




  • жүргізілген зерттеулердің нәтижелердің негізделу дәрежесі, олардың жаңалығы және практикалық маңыздылығы;

- диссертация мазмұнының мамандыққа сәйкестігі;


магистранттың жариялаған жұмыстарында диссертация


материалдарының баяндалуы.


Магистрант қорғауда диссертациясында қарастырылған мәселелер туралы 15-20 минуттан аспайтын баяндамасында зерттеу мақсаты мен



128


міндеттерін қысқа және анық сипаттауы, аса маңызды қағидаларды баяндауы, қорытындылар мен ұсыныстарды негізделген түрде дәлелдеуі қажет.

Магистрлік диссертацияны бағалау кезінде мына жағдайлар ескеріледі:





  • тақырыптың өзектілігі;




  • алынған нәтижелердің жаңалығы;




  • жұмыста жаңа технологияларды қолдану;




  • әдеби шолудың толықтығы мен пайдаланылған дереккөздерінің қазіргі заманға сай болуы;




  • диссертацияның ресімдеу талаптарына сәйкестігі;




  • диссертация қорғаудағы баяндаманың сапасы (дәлдік, сауаттылық, кәсіби терминдерді пайдалана білу, көрсетілген материалдың сапасы және т.б.);

  • қорғау уақытында берілген сұрақтарға және рецензенттің ескертпесіне жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы.

Магистрлік диссертация қорғаған магистрантқа сәйкес мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскриппен) беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет