1-2 беттен кейде 20 бетке дейін.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке ұстанымның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды рөл ойнайды. Әртүрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ шығармашылық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға кәмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.
Еңалдымен,өзіңніңхабарлайтын,жазатын,ойтолғайтын,талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса, қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл- күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет - тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру
Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
Жеке көзқарастың көрінісі;
Деректі дәйектер (аргументтер);
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
Логикалық заңдылықгың сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
Сауаттылық (пунктуациялық, орфографиялық, стильдік).
Достарыңызбен бөлісу: |