Динаева б. Б., Сапина с. М


салыстыру - ұқсас бірліктерді (мысалы, тіл білімінде) салыстыра  зерттеу; салғастыру



Pdf көрінісі
бет11/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   119
салыстыру - ұқсас бірліктерді (мысалы, тіл білімінде) салыстыра 
зерттеу;
салғастыру - әртүрлі тілдік бірліктерді, мысалы, түркі семьясының 
қыпшақ тобындағы қазақ тіліндегі фразеологизмдерді үнді-еуропа 
семьясының герман тобындағы ағылшын тіліндегі фразеологизмдермен 
салғастыра зерттеу;
сипаттамалы әдіс (синхронды) - ғылыми құбылысты қазіргі заман 
тұрғысынан зерттеу;
тарихи әдіс (диахронды )-ғы лы м и құбылыстардыңтарихи тұрғыдан 
дамуын, өзгеруін зерттеу.
Практикалық тапсырмалар.
1. Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Ғылым дамуының ел болашағына тигізетін әсері қандай?
2. Ғылымның адамның практикалық қызметіне пайдасы қандай?
3. Ғылыми стильдің қалыптасуы 
қандай 
ф а кто р л а р м е н
байланысты?
4. Ғылыми мағлұматтар жинауда ғылыми-зерттеу әдістері қандай 
рөл атқарады?
5. Ғылымның дамуында болжам (гипотеза) әдісінің маңызы 
қандай?
2. Берілген мақалада қолданылған әдістерді 
анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
14


«ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР
АРҚЫЛЫ БЕРІЛУІ
Адам баласы сәби кезінен бастап, ана тілін үйренумен бірге өз 
халқыныңмәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпындаоқып үйреніп, бойына 
сіңірумен болады. Ап халық, ұлт мәдениетінің айқын белгі-нышандары мен 
нәзік қыр-сыры оның тілінде бейнеленеді, сондықтан әрбір тіл өзіне тән 
белгілері, қасиеттері бар ғажайып құбылыс десек, соған сәйкес олардың 
әрқайсысында әлем мен адам бейнесі әртүрлі көрінеді.
Дүниенің тілдік бейнесі этностың рухани және материалдық 
мәдениетінің маңызды ұғымдары мен түсініктері жинақталып, бойына 
сіңірілген концептілердің вербалдануы негізінде көрінеді. Концептінің 
маңызы мен оның дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырудағы орны, 
белгілі бір концепт туралы орныққан түсініктер сол тілді тұтынушылардың 
ұғынуы арқылы анықталады, демек тілдік дүние суретін қалыптастыруда 
концептініңаларорныерекше.Концепт-ұлттықдүниетанымерекшеліктерін 
бойына жинаған, тілде көрініс тапқан негізі тереңде жатқан көп қабатты 
құрылым және ол белгілі бір этномәдени ортаның әрбір мүшесіне ортақ 
болып келеді [1, 444]. Атап айтқанда, дүниенің тілдік бейнесінде әр 
халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі т.б. 
ұлттық-мәдени құндылықтары, адамның күллі әлем, тұтас дүние туралы 
көзқарасы мен түсініктері, сондай-ақ адамның сол тұтас әлемнен өз орнын 
табуға деген ұмтылыс-талпынысы, түрлі қызметі, алуан әрекеті, адамдар 
арасындағы қым- қиғаш қарым-қатынастакөріністабады. Алдүниеніңтілдік 
бейнесін жасауда тілдік амалдармен қоса бейвербалды компоненттер де 
қолданылады. Зерттеуші Ж.Нұрсұлтанқызы өзіне дейінгі ғалымдардың 
пікірлерін саралай келе, бейвербалды амалдарды вербалды амалдарды 
толықтырып, оларға қосымша мағына үстейтін, коммуникативтік актіні 
жалғастыруға қызмет ететін, адамдардың езара түсінісуін қамтамасыз 
етуге көмектесетін қарым-қатынастың түрі деп бағалайды [2, 8].
Әр этностың қоғамдық өмірінде өзіне ғана тән қарым-қатынас түрлері 
мен мен жүйесі бар екені белгілі. Сонымен бірге этнос мәдениетінің 
категориялары ретінде қызмет ете отырып, этнолингвистикалық мәнге ие 
болатын паралингвистикалық атаулардың, оларға жататын бірліктердің 
кез келген ұлттық тілде жиі қолданылатынын аңғару қиын емес. Соған 
сәйкес «коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым мен 
ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, адамның қай ұлттың, қай 
құрлықтың өкілі екенін шамалауға болады, өйткені әрбір ұлттың дене 
тілінің өзіндік сипатты ерекшелігі бар және осы ерекшеліктер көбінесе 
фразеологизмдерге негіз (ұйытқы) болып табылады» деп пайымдаған 
белгілі ғалым Б.Момынова соңғы кездегі зерттеулердің нәтижелері 
адамдар арасындағы қарым-қатынастың (коммуникацияның) 7 пайызы 
вербалды (сөздер, фразалар, сейлемдер), 33 пайызы вокалды (интонация, 
дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны т.б) және 
55 пайызы бейвербалды (дене тілі немесе ым мен ишарат) элементтер 
арқылы жүзеге асатындығын нақты дәлелдегенін атап көрсетеді [3, 4-7].
15


Ш.Балли өз еңбектерінде ерлердің бейвербалды тілінің әйелдермен 
сейлескенде езгеше болатынын атап көрсеткен. Ол Шығыс әйелдерінің 
күйеуінің кез келген тілегін ым-ишарат әдістері, қас-қабақ пен қол қимылы 
арқылы түсінуге міндетті болғанын айтады [4, 56]. Оның дәлелін мына 
мысалдан байқауға болады: Бопай сонда ғана бойын жинап алды. 
Жолаушылар өзінен тартынып отырғанын сезіп, «шыға тұрайын ба» 
дегендей күйеуі жаққа көз жүгіртіп еді, «қылп етпе» дегендей үнсіз 
тұқыртуды ұқты (Ә.Кекілбаев. Елең-алаң).
Ерлер жиі қолданатын бейвербалды қимылдарға креслоға шалқайып 
отыру, аяғын кең ашып тұру, желкесін қасу, алақанын ысқылау, үстелдің 
үстін жұдырығымен ұру, өз алақанын соғу, тізесін жұдырығымен үрғылау 
кеудесіне қолын қою сияқты ишарат түрлері жатса, әйелдер күйзелістен 
саусақтарын сыртылдатып, қорқынышын кездерін алақанымен жабу, 
өзінің көңілі толмайтынын, табандылығын, үялғанын көрсету мақсатын 
екі бүйірін таяну, алақанымен ұялғанда бетін көлегейлеу, қысылғанда 
жүзігін әрі-бері айналдыру сияқты сияқты бейвербалды амалдар арқылы 
танытады.
Таным субъектілерінде (еркек пен әйелде) өзге адамдармен қарым- 
қатынас барысында бейвербалды мінез-құлықтың еркек пен әйелге тән 
эталондар жүйесі қалыптасып, еркектікжәне әйелдік гендерлік модельдің 
құрылымына кіреді.
Әйелдер өздеріне сенімсіз жағдайда, көңіл-күйіне бір қобалжу енгенде, 
бүркемеленген кедергілердің көзге ұрынбайтын түрлері гүл шоғын, қол 
сөмкесін, орамал, шалғы, желпуіштерін қолданады, ал ерлер ондай 
жағдайда галстук, көйлектүймесі, қол сағатын, темекі тұтатқыштарын әрлі- 
берлі қозғап, бұрап, костюмдерінің түймелерін бір ағытып, бір түймелеп, 
темекілерін мыжып, үстелдің үстін саусақтарымен барабанша ұрғылап 
кетеді.
Әйелдердің мимикасы ерлердікіне қарағанда айқынырақ білінеді. 
Өздерінің табиғи интуициясына сай, балалар тәрбиелеудегі айрықша 
рөліне сәйкес әйелдерде майда-шүйде детальдардың бәрін бірден байқау 
бейімділігі басым, сол себепті де оларда бейвербалды амалдарды жақсы 
түсіну қабілеті ерлерге қарағанда жоғары. Физиологтардың пікірінше, 
әйелдерде эмоцияға жауап беретін ми бөлігі ерлерге қарағанда сегіз есе 
артық дамыған. Әйелдерге тән жоғары сезімталдықты осымен түсіндіруге 
болатын секілді. Әйелдерде «қасын керу», ал ерлерде «қабағын 
түю, қабағын түкситу» сияқты ишарат түрі жиі кездеседі. Мысалы, 
Биғайшаның бетіне қызыл ойнап, қас-қабағын кере, көзін төңкере 
тастады. (Ж.Шаштайұлы. Жала мен нала. 56-6.)
Қазақ халқының да қарым-қатынас жасау мәдениеті ұлттың рухани 
мәдениетін, оның таным, талғамын бейнелейтін коммуникацияның 
бейвербалды амалдарына да бай деуге болады. Мысалы, қос қолдап 
амандасу, иіліп сәлем салу, тес қағыстыру, бет шымшу, ернін 
сылп еткізу, жаулығымен кезін сүрту алдына қамшы тастау. т.б. 
кинемалар қазақ халқына тән ұлттық болмысты танытатын бейвербалды 
элементтерге жатады. Көркем мәтінде көрініс тапқан ұлттық сипаттағы
16


кинемалардың мән-мазмұнын саралай келе, тілімізде жиі кездесетін 
осындай бейвербалды элементтерді қолдану басымдылығына орай ер 
кісілерге, әйелдерге тән және ортақ кинемалар деп арнайы бөлген 
С.Бейсенбаеваның пікіріне қосыламыз [3, 13].
Мысалы, ер адамдар қарым-қатынасында «малдас қүрып отыру», 
«төс қағыстыру», «қамшы тастау», «мұртынан күлу», «сақалын 
шошайту», «сақал-мұртын сипау» т.б. ишараттары жиі керініс берсе, 
ал «бетін шымшу», «шашын жаю», «шашын жұлу», «орамалын бұлғау», 
«қос бүйірін таяну», «ернін сылп еткізу» т.б. әйелдерге тән кинемалар 
болып есептеледі. Ал «қол бұлғап шақыру», «жағасын ұстау», «басын 
изеу», «мұрнын шүйіру» сияқты ым-ишарат түрлері ортақ болып келетіні 
анық.
¥лттық 
мәдениетімізді, 
үлттық дүниетанымымыз бен таным- 
талғамымызды айқынырақ танытатын ым-ишараттар, олардың ішінде 
қазақ әйеліне тән кинесикалық элементтер қазақ жазушыларының 
шығармаларында молынан үшырасады. Әйтсе де, қазақ этносы өкілінің 
қайталанбас қасиеттерін білдіретін қайсыбір кинемалардың кей жағдайда 
әйел мен ер кісіге, үлкен-кіші қауымға ортақ болатынын да ескерген жөн 
деп есептейміз. Мысалы, күнделікті өмірде үлкен маңызға ие сәлемдесу 
әр халықтың тілінде әртүрлі болып келуімен бірге коммуниканттардың 
әлеуметтік, биологиялық т.б. сипаттары мен қатынас формаларына орай 
сараланып, ерекшеленіп тұрады.
Сәлемдесудің белгілі, қалыптасқан вербалды түрлерімен бірге 
бейвербалды амалдары да қолданылады:
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет