Динаева б. Б., Сапина с. М


 Зерттеу жұмысының жоспарын құру



Pdf көрінісі
бет27/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119
2.5 Зерттеу жұмысының жоспарын құру
Стильдік норманың сақталуы зерттеу жұмысының 
жоспарын құру кезінде де маңызды болып саналады. 
Жалпы зерттеу жұмысының алдында жоспар құру 
қажет пе? «Мен жоспарсыз жұмыс жасаймын, ең 
бастысы, шабыт келсе болды, жаза беремін, жоспарды 
кейін құрамын» деушілер бар. Әр адам әртүрлі жұмыс 
жасайтыны белгілі, дегенмен кез келген жұмысты 
бастамас бұрын оның жалпы құрылымы (әсіресе, әңгіме академиялық 
мәтін туралы болса) ойластырылғаны дұрыс. Біздің жеке тәжірибеміз, 
ғылыми жетекшілік тәжірибеміз, жалпы ғылыми-зерттеу жұмысымен 
айналысқан көпшіліктің тәжірибесі көрсеткеніндей, зерттеу жұмысының 
алдын ала жоспары жасалып, құрылымы анықталғаны дұрыс. Оның 
үстіне, жоспар барынша жан-жақты, толық, күрделі болғаны жөн. Әрине, 
жұмыс барысында жоспар өзгеруі, тіпті, бірнеше рет өзгеруі мүмкін, бірақ 
жоспар болуы тиіс. Жақсы ойластырылған, құрылымды, қарапайым 
емес, күрделі жоспардың болуы - сәтті жұмыстың жартысы. Жоспар
34


сізге зерттеудің материалын жинақтауға (артық материал қарамайсыз, 
тек жоспарыңызға сәйкес материал іздейсіз), мақсат-міндеттеріңізді 
нақтылауға, 
қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңызды анықтауға 
көмектеседі. Мысалы, «Киелі са нда р ды ң ұ л т т ы қ дүние т аны м д ағы  
рөлі» атты тақырыпқа жоспар құрмай, бірден осы тақырыпқа қатысты 
мол материал жинап алған студент кейін материалын жұмыстың берілген 
көлеміне сыйдыра алмай, материалдарының жартысынан астамын 
пайдалана алмай қалды, яғни еңбегі босқа кетті. Ал дәл осы тақырыпқа 
қатысты жоспар құрып, зерттеу мәселесінің шегін анықтап алған студент 
тек «7» және «13» сандарына ғана қатысты материал жинап, жұмысын 
сәтті қорғап шықты.
Жоспар - кітапта (рефератта, мақалада т.б.) берілген негізгі тақырып- 
тардың қысқаша тізімі. Жоспар мәтін мен негізгі ойдың тақырыбына сәй- 
кес болуы тиіс. Жоспардың бөлімдері дәл, айқын болуы керек. Жоспарда 
мәтінде қарастырылатын мәселелер ғана атап көрсетіледі. Жоспардың 
негізгі бөлімдері мақсатты, жүйелі болуы қажет.
Жоспар тілдік ресімделуі жағынан сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік 
болып бөлінеді. Құрылымы бойынша жоспарлар жай және күрделі бо- 
лады.
Сұрақ-жауап, тақырыптық және тезистік жоспарлардың негізгі ерек- 
шеліктері:
1) Сұраулы сөйлемдер түріндегі жоспар мәтінде берілген негіз- 
гі мәліметті іздеуге бағытталған. Сұрақтарға берілген толық жауаптар 
мәтіндегі негізгі мәліметті қамтиды және тезистер түрінде жоспарға сәй- 
кес болып тұрады.
2) Тезистер түріндегі жоспарда әр бөлім мәтіннің бөлігіне сәйкес ке- 
летін негізгі мәліметті ашатын сөйлем ретінде керсетіледі. Сұраулы сей- 
лемдер мен тезистер түріндегі жоспарлар дайын мәтіннің жоспарын құру 
керек болған жағдайда қолданылады.
3) Тақырыптық сөйлемдер түріндегі жоспарда мәтінде айтылатын 
негізгі мәселелер атап көрсетіледі. Жоспардың бұл түрі сөз сейлеуге да- 
йындалған кезде немесе негізгі мәселелерді белгілеуде пайдаланылады.


Ж оспар (мазм ұны ) қур у ү л г іс і 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет