бірнеше тақырып ішінен өзіңіз ұнағанын таңцайсыз да, сол тақырыппен әрі
қарайжүмысжасайсыз. Кейжағдайдазерттеу тақырыбынөзіңізұсынасыз,
жетекшіні өзіңіз таңдайсыз немесе берілген тақырыптарға өзгерістер
(нақтылау) енгізетін жағдайлар болады. Сіздің тақырыбыңыз, ғылыми
жетекшіңіз хаттама түрінде бекітіліп қойылады, әдетте, оны езгерту қиын
немесе тіпті мүмкін болмайтынын жоғарыда айтқан болатынбыз.
Ғылыми жұмыс тақырыбын анықтау кезінде зерттеушілердің көбі
қолданатын
мига шабуыл тәсілін айта кетейік. Бұл тәсіл
сыни ойлауды
қалыптастыру, үйрету, үйрену кезінде жиі қолданылады. Таза парақ алып,
ойыңызға келген тақырыптардың бәрін жаза беріңіз, жаза беріңіз. Қалай
болғанда да, он шақты тақырыптан артық ойлап таба алмайсыз. Тізіміңізге
үстірт көз жүгіртсеңіз, бес-алты тақырыптың мүлдем сәйкессіздігін
байқайсыз, оларды сызып тастаңыз. Бұдан кейін сәл ойланып, қалған
тақырыптарды зерттеу жұмысыңыздың басты мәселесімен, жинаған
материалыңызбен қатар қойып, салыстырып көріңіз. Қорытындысында
екі немесе үш тақырып қалады. Осы кезде оқытушыңызбен, ғылыми
жетекшіңізбен ақылдасқаныңыз дұрыс. Ол сіз көрсеткен қысқа тізімнің
ішінен нақты тақырыпты таңцауға, нақтылауға көмектеседі. Жұмыс
тақырыбына қатысты мұндай ой- толғамдар зерттеуіңізде не туралы
жазатыныңызды, нақты мақсатыңызды анықтауға үлкен көмек көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: