қысқаша мазмұндама. Осы ретте абстрактжарияланыммен қоса жүретін
болғандықтан, оқырманға ұсынылған жазбаша жұмыстың бір бөлігін
ғана қамтыса да, мағыналық жағынан дербес болуы керек. Сондай-
ақ жазбаша тапсырманың бір бөлігі ретінде абстракт жазуға болады.
Абстракт жазбаша тапсырманың бірінші бөлігінде болса да, ол жұмысты
аяқтағаннан кейін жазылады.
Абстракт жазудың бірнеше жалпы ережесі бар:
- абстрактіні титулдық беттен кейін жеке бетке жазыңыз;
- парақтың ортасына үлкен әріптермен АБСТРАКТ деп жазыңыз;
- негізгі жазбаша жұмыстың көлеміне байланысты 150-200 сөз
абстракт жазыңыз;
- ғылыми стильді ұстаныңыз, жұмыстың негізгі мазмұны мен мәніне
қатысты қысқа сөйлемдерді, тірек сөздер мен фразаларды пайдаланыңыз.
А бстракт жазуға 6 қадам
1. Зерттеліп отырған ғылыми мәселені көрсетіңіз, ол мәселенің неге
өзекті екендігін айтыңыз.
2. Жұмысты құраушы негізгі компоненттер мен олардың сипаттамасын
көрсетіңіз. Бұл ғылым саласына байланысты зерттеу материалы,
экспериментке қатысушылар болуы мүмкін.
3. Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
4. Атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаңыз.
5. Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдерді көрсетіңіз.
6. Негізгі қол жеткізілген нәтижені, зерттеу нәтижелері нені
растайтындығын керсетіңіз.
Тексеруді ұм ы тпа ң ы з. Абстракт - бұл жазба жұмысының бір түрі,
сондықтан тапсырудың алдында тексеруді қажет етеді. Дұрыс жазу мен
қатенің жоқ екеніне кез жеткізіңіз, форматтың дұрыстығын тексеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: