Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет82/123
Дата07.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#106409
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

0.5-1 бет реферат 
жазады. Реферат қазақ, орыс және ағылшын 
(қажет болғанда рефератты басқа шетел тілінде жазуға рұқсат етіледі) 
тілдерінде рәсімделеді және диссертант қол қояды.
Магистрлік диссертацияның рефераты мына мәліметтерден тұрады:
- диссертацияның келемі мен құрылымы;
- кестелердің, пайдалыналған әдебиет саны;
- тірек сөздердің тізімі (15-20 сез);
- зерттеу езектілігі;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу нысаны;
- зерттеу әдістері;
- алынған нәтижелер, олардыңжаңалығы, ғылыми және практикалық 
маңыздылығы;
- жарияланымдар туралы мөліметтер.
Ғылыми жұмыстар тақырыптарының езектілігі, олардың мақсаты мен 
міндеттері туралы жоғарыда 2-тарауда толық айтылды.
Магистрлік диссертацияның мазмұнына кіріспе, реттік немірлер мен 
барлық белім атауы, шағын белімдердің, тармақтардың (егер олардың 
атауы бар болса) атауы, қорытынды, пайдаланған дереккездерінің 
тізімі және диссертацияның аталған элементтері басталатын беттерінің 
керсетілуімен бірге қосымша кіреді.
Кіріспеде 
тақырыптың езектілігі мен жаңалығы, аталған жұмыстың 
басқа да ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен байланысы керсетілуі
126


тиіс. Сондай-ақ зерттеу мақсаттары мен міндеттері, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын тұтастай орындаудағы олардың орны көрсетілуі қажет.
Диссертацияның 
негізгі бөлімінде 
орындалған жұмыстың маңызын, 
әдістемесі мен негізгі нәтижелерін керсететін мәліметтер көрсетіледі. 
Негізгі белім мыналардан тұруы тиіс:
- зерттеу бағытын таңдау және оны негіздеу, міндеттерді шешу және 
оларды салыстырмалы бағалау әдістері, жұмысты жүргізудің таңдалған 
бағыты бойынша жалпы әдістемелерін сипаттау;
- теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын қоса алғанда 
теориялық және (немесе) экспериментік, жобалық зерттеулер үдерісі, 
зерттеулер 
әдістері, 
есептеу 
әдістері, 
эксперименттік, 
жобалық 
жұмыстар жүргізу қажеттігін негіздеу, әзірленген объектілердің қолданылу 
принциптері, олардың сипаттамалары;
- зерттеу нәтижелерін жинақтау мен бағалау және жұмыстың 
алдағы бағыттары бойынша ұсыныс, алынған нәтижелердің сенімділігін 
бағалау, отандық және шетелдік тәжірибелердің нәтижелерімен оларды 
салыстыру;
- әрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар.
Қорытынды 
мыналардан тұруы тиіс:
диссертациялық 
зерттеу 
нәтижелері 
бойынша 
қысқаша 
қорытындылар;
- алға қойылған міндеттердің шешілу барысы.
Пайдаланылған әдебиет тізіміне диссертацияда сілтеме жасалған, 
сонымен қатар жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет