Динаева б. Б., Сапина с. М


индукция, дедукция, талдау, жинақтау



Pdf көрінісі
бет9/123
Дата14.10.2023
өлшемі5,44 Mb.
#113701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

индукция, дедукция, талдау, жинақтау,
аналогия, салыстыру, салғастыру, эксперимент, бақылау 
және 
басқа да әдістері жасалып қалыптасты. Нақты ғылым түрлерінің арнайы 
әдістері де болады, өйткені олардың зерттеу нысандарына тән өзіндік 
ерекшеліктері бар.
Талдау 
(анализ) дегеніміз - нысанды (объектіні) бірнеше құрамдас 
бөліктерге беліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде 
нысанның белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, 
белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Нысанның заңдарын айқындау 
үшін алдын апа оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып 
алу керек. Олардың жалпы нысан құрылымы мен ұстанымында алатын


орнын айқындау керек. Нысанды тұтастық ретінде тануда оның қурамдас 
бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың 
арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, 
бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезеңді жүзеге 
асыру нысанның жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас 
байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, талдау әдісін езге әдіспен, 
яғни жинақтаумен алмастыруға байланысты.
Талдау аяқталған жерде 
жинақтау 
басталады. Жинақтау (синтездеу) 
кезінде нысанныңталдау жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас 
бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бұл жерде жинақтау деп элементтерді 
біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу 
керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр элементтің орны мен рөлін 
анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді, демек біздің кез 
алдымызда зерттелетін нысанның нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп 
береді. Талдау мен жинақтау бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне 
қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет