тізімдегі реті,
екінші сан -
мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірі.
Егер бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасасаңыз, олар үтір-
нүктеарқылы ажыратылып беріледі. Мысалы: [1, 2-3]; [2, 37]; [3] немесе
[1, 2-3; 2, 37; 3].
Сілтемелердіңретіменбетнөмірінберудіңжиіқолданылатынуштәс/л/
бар. Мысалы, сіз жұмысыңызда ретімен Жәнібековке, Мырзабергеновке,
Байдосовқа, сосын қайтадан Жәнібековке сілтеме жасадыңыз делік.
Бірінші тәсіл
-
сілтемелерді бүкіл мәтін бойында беру.
Мысалы,
Мәтін [1]...мәтін [2]... мәтін [3]... мәтін [4].
Библиографиялық тізім:
1 Жәнібеков
2 Мырзабергенов
3 Байдосов
4 Жәнібеков
Байқап отырғаныңыздай, бұл оңтайлы тәсіл емес, себебі бір
дереккезге бірнеше рет, қайта-қайта сілтеме жасасаңыз, пайдаланылған
әдебиет тізімі де ұзақ болады. Оның үстіне мәтін ішінен бір бөлікті алып
тастап, не орнын алмастыратын болсаңыз, сілтемелердің нөмірлерін де,
тізімдегі ретін де ауыстыруға тура келеді.
Екінші тәсіл - библиографиялық тізімді сілтеменің негізгі
мәтінде қолданылу реті бойынша беру.
Сілтеме беруді бірінші нөмірден
бастаймыз, кейін екінші, сосын үшінші. Ал бірінші дереккөзге мәтін
соңында тағы сілтеме жасайтын болсаңыз, мәтін ішінде тағы да бір санын
қоясыз.
Мысалы,
Мәтін [1]...мәтін [2]... мәтін [3]... мәтін [1].
Библиографиялық тізім:
1 Жәнібеков А.
2 Мырзабергенов Б.
3 Байдосов Ж.
Достарыңызбен бөлісу: