Динаева б. Б., Сапина с. М


Диплом жұмысын (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі



Pdf көрінісі
бет80/123
Дата14.10.2023
өлшемі5,44 Mb.
#113701
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Диплом жұмысын (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі
1. Диплом жұмысы (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы 
кафедраға тапсырылады.
2. Диплом жұмысы (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық 
отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің 
қатысуларымен өткізіледі.
3. Апдын ала қорғау кафедра отырысыныңхаттамасымен ресімделеді. 
Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес 
ресімделген, аяқталған диплом жұмысы (жоба) ғылыми кеңесші мен 
студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.
4. Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобаға) жазбаша сын- пікір 
жазады. Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші 
оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша пікірмен 
бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.
5. Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші 
оған қол қоймайды, бірақжазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының 
(жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын- 
пікірін жазады. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі 
диплом жұмысына (жобаға) нақты соңғы тұжырымын шығарады да, 
оны титул бетіне жазады. Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом 
жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл мәселе студент 
пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. 
Кафедра мәжілісінің хаттамасы жоғары оқу орнының ректорына бекітуге 
ұсынылады.
6. Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жоба), 
пікір жазу үшін рецензентке жіберіледі.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі
1. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы 
өкілетті органдар бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, 
аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу ережесімен 
анықталады.
2. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау университетте Мемлекеттік 
аттестациялық комиссиясының ашық отырысында белгіленген уақытта 
өткізіледі.
3. Қорғауғағылыми жетекшілер, рецензенттер шақырылады, сонымен 
қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және 
басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.
124


4. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік 
аттестациялық комиссияның және қатысушылардың алдында кемінде 
15 минут 
уақыт аралығыңда баяндама жасап қорғайды. Студенттің 
қорғайтын жұмысы көрнекі плакаттар немесе слайдтармен интерактивті 
режимде болуы керек.
5. Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушы сұрақ 
немесе сөз сейлеу түрінде қатысады.
6. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып 
таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз 
сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына 
студент дәлелді түсіндірмелер береді.
7. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша 
баллдық-рейтингтікәріптікжүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің 
теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми 
жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.
8. Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент 
бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының 
хаттамасымен ресімделеді және еткізілу күнінде хабарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет