Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет55/123
Дата11.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#137103
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Есте сақтаңыз!
I V 
Жалқы есімдер, сан есімдер, жеке-дара сын есімдер,
шг. 

жекелеген етістіктер тірек сөздер қатарын құрай
^
алмайды.

4.6 Тезис
Баяндаманың, 
мақаланың 
немесе 
басқа 
да 
көлемді 
материалдың тезисі дегенім із - логикалық жағынан бір-бірімен 
байланысты жекелеген ережелердің жиынтығы.
Кез келген тезисті жазудың негізгі мақсаты - қолдағы бар 
материалды жинақтап қорыту, оның негізгі ойын қысқаша беру, көлемі 
жағынан үлкен баяндаманың немесе мақаланың мазмұнын ашу; 
мәселеге терең бойлап, оған талдау жасау және басқалардың ойына өз 
ойын қарсы қоя білу не өзгенің ойын толықтыра білу.
Басқа ғылыми мәтіндерден тезистің айырмашылығы оның көлемінің 
аздығында (1 -2 бет), соған қарамастан, тезисте баяндаманың (мақаланың) 
барлық негізгі идеясы берілуі керек. Оқырман сапалы жазылған тезистен 
тұтас жұмыс туралы мәлімет алады және толық көлемдегі материалмен 
танысудың қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Сәтсіз жазылған тезистер оқырманды қызықты жазылған ғылыми 
жұмысты оқудан бас тартқызуы мүмкін. Керісінше, сәтті құрылған тезис 
мәтіні ғылыми материалға да, баяндамашыға да назар аудартады. 
Қазіргі уақытта халықаралық конференцияныңұйымдастырушы комитеті 
баяндаматезисінқарастырунәтижесіндетиісті баяндаманы конференция 
бағдарламасына қосу туралы ғана шешім қабылдамайды, сонымен бірге 
баяндаманың маңызы жоғары болуына орай автордың конференцияға 
қатысу ақысын (толық немесе жартылай) төлеп те беретін жағдайлар 
кездеседі.
Тезистің түрлері
1. Басқа автордың жарияланымы бойынша құрылған тезис.
2. Автордың өз материалының негізінде жазылған тезис.
Бірінші жағдайда тезис авторы материалмен алдын ала таныс 
болмайды, сондықтан оны мұқият оқуы керек. Оқи отырып, мәтінді 
бірнеше бөлікке бөледі. Әрі қарай мәтіннің бөлінген бөліктерінен негізгі 
ойды тауып, оны көшіреді немесе сол мәтінде белгілеп қояды. Содан 
кейін бөлінген бөліктер бойынша жекелеген тұжырымдар жасайды. Міне, 
осылар тезис болады.
Екінші түріне баяндама, мақала, таныстырылым сияқты ғылыми 
жұмыстардың тезистері жатады. Бұл жағдайда автор мәтінде қозғалып 
отырған мәселені жақсы біледі, сол себепті осы мәселені жазбаша түрде 
қысқа әрі нұсқа беру автордың міндеті болып табылады. Соңғы типтегі
81


тезисті жазу әрдайым оңай бола бермейді. Тезис жазып отырып, жаңа 
идеялардың келуі де мүмкін. Авторға өз жұмысының мәнін басқаша 
түсіндіру керек болады. Осы міндеттерді жеңілдету үшін төмендегі 
нұсқаулықты беріп отырмыз.
Ғ ы л ы м и ж ұм ы ста р д ы ң тезистерін ж іктеу
Мұндай тезистер негізгі екі топқа бөлінеді:
1. Қолда бар материал (көлемді мақала немесе баяндама) бойынша 
жазылған тезистер;
2. Баяндама мәтіні құрастырылғанға дейін жазылған тезис.
Бірінші жағдайда басылған мәтіннің мазмұнын барынша сақтай 
отырып, оның көлемін айтарлықтай дәрежеде азайту тезис жазу кезінде 
негізгі қиындық болып табылады. Автор материалды қаншалықты нашар 
меңгерген болса, соншалықты дәрежеде ойды қысқа беру күрделі болады. 
Бұл жағдайда жоғарыда айтылып кеткендей, басқа автордың материалы 
бойынша тезис құрастыру ережесі кемектеседі.
Бірінші тезис жазып, уақыт ете келе, автор сол тезисті келемді 
мақалаға немесе баяндамаға айналдыратын жағдайлар жиі кездеседі. 
Мұндай жағдайдағы негізгі қиындық автордың не жазғысы келгендігін 
аяғына дейін байыптай алмайтындығында. Ғылыми зерттеулерде бұл 
қалыпты құбылыс болып табылады. Басында не жазғысы келетіндігі 
туралы ой келеді. Әрі қарай автор бұл ойды жетілдіріп, тезис жазуға 
отырады. Оқырманға тезисте айтылатын идеяны түсінікті жеткізу үшін 
оны қажетті дәйектермен толықтыру керек. Бастапқы сипаттау қысқа әрі 
нұсқа болады. Барлық мәтін 1-2 бетке басылады, осылайша тезис дайын 
болады.
Тезис жазудың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:
• 
Мәселені қоя білу;
• 
Зерттеу нәтижелері;
• 
Ж ұм ы сты ң жаңа әдістемесі.
Осы аталған типтер арқылы жұмыстың құрылымына қатаң талаптар 
қойылады.
Тезистердің ти п тік құ р ы л ы м ы
«Мәселені қоя білу» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай 
мәліметтерді беру қажет:
- қысқаша кіріспе (тақырыптың езектілігі);
- жұмыстың мақсаты (мәселе/міндет қою);
- мәселеге қатысты бұрын айтылған пікірлерге шолу жасау;
- осы тақырыпқа қатысты кейбір жеке ойларын беру;
- тұжырым (алдағы жұмыстарда қандай міндет немесе мөселе 
қойылады).
«Зерттеу нәтижелері» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай 
мәліметтерді беру қажет:
- қысқаша кіріспе, мәселені қою («мәселені қоя білу» тезисіндегі 
сияқты, тек қысқа жазылады);
82


- жұмыстың мақсаты (нақты бір нәрсені зерттеу);
- зерттеудің негізгі ережелері немесе жорамал (экспериментальды 
зерттеу жағдайында);
- қолданылған әдістер;
- аралық нәтижелер (қажет болған кезде);
- негізгі нәтижелер;
- түсіндіру (интерпретация) + түжырымдар.
«Ж ұм ы стьщ жаңа әдістемесі» типіндегі тезисті жазу кезінде
мынадай мәліметтерді беру қажет:
- әзірленген әдістің қажеттілігін шешуге арналған міндеттерді 
сипаттайтын қысқаша кіріспе, әдіс қолданылатын сала (өзектілігі);
- жумыстың мақсаты (қажетті әдісті әзірлеу);
- қолданыстағы әдістерді сипаттау;
- жаңа әдістерді сипаттау;
- қолданылған әдістердің нәтижелерін сипаттау;
- жаңа әдістің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беру;
- тұжырымдар.
Тезистерді ресімдеу
Тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптарды конференцияны 
ұйымдастырушы комитет белгілейді және оны барлық қатысушылардың 
назарына жеткізеді. ¥йымдастыру комитеті белгілеген талаптарды қатаң 
сақтау қажет. Әдетте, тезистің келемі 1-2 бет болып белгіленеді. Кейде 
сөз немесе таңба санымен белгіленеді. Тезистерді ресімдеудің жиі 
кездесетін талаптары Т іт е з Ме\л/ Р о та п, 12 шрифт, бір интервал, \А/огс! 
форматты құжатта, басылған мәтіннің 1 бетінде шамамен 45 қатар немесе
5-7 абзац болады. Бұл ретте парақтың елеулі бөлігін тезистің тақырыбы, 
автордың аты-жөні мен жұмыс істейтін ұйымы алады. Қысқасы, автордың 
ойын анық жеткізу үшін аз ғана көлем беріледі. Осы аз көлемдегі мәтінде 
автордың ойы оқырманға анық жетуі керек.
Тезис жазу алгоритмі
1. Сіздің тезисіңіз қандай типке жататынын анықтаңыз және тиісті 
құрылымды таңдаңыз.
2. Сіздің жұмысыңыздың негізгі нәтижесі немесе тұжырымы не 
болатынын анық белгілеңіз.
3. Тезиске тақырып таңцаңыз.
Соңғы тармақ, яғни тезиске тақырып қою конференция тақырыбына 
сәйкес келуі үшін қажет. Егер конференция тақырыбына сіздіңтезисіңіздің 
тақырыбы 
сәйкес 
келмесе, 
сізді 
конференцияға 
қатыстырудан 
ұйымдастыру комитеті бас тартады. Сондықтан ететін іс-шараға 
қатысты тақырып таңдап, соған сай тезис жазуды естен шығармаңыз. 
Тезис тақырыбы тезистің барлық мазмұнын айқындайтынын да естен 
шығармағаныңыз жөн.
83


4. Жоғарыда көрсетілген типтерге сәйкес тезис құрылымын құрыңыз. 
Әр белімде не айтатыныңызды, тезистің негізгі идеясын бір сөйлеммен 
беріңіз. Әдетте, тезис мәтініндегі бір белімге (нақтырақ айтқанда, әрбір 
идеяға) бір абзацтан сәйкес келуі керек. Егер сіздің бір беліміңізде 
бірнеше идея болса, бұл белім бірнеше абзацтан тұрады. Осылайша, сіз 
тезистің жоспарын түп-түгел жасап аласыз.
5. Жазған тезисіңізді мұқият оқып шығыңыз, тақырыптың толық 
ашылуына бөлімдер мен абзацтар жеткілікті ме, тағы бір рет тексеріңіз. 
Егер жеткіліксіз болса, толықтырыңыз. Әрбір абзацтағы ой жұмыстың 
негізгі идеясын - нәтижесін // тұжырымын дәлелдеу үшін логикалық 
байланыста болуы қажет. Қажет болған жағдайда абзацтардың ретін 
ауыстыруыңызға болады. Мүмкін жұмыстың атауына түзету енгізу де 
қажет болар. Бәрін қайта тағы бір рет пысықтап шығыңыз.
6. Тезисті ресімдеу талаптарын мұқият оқыңыз. Тезистің көлеміне мән 
беруді ұмытпаңыз.
7. Дайын болған тезисті ғылыми жетекшіңізге, танысыңызға көрсетіп, 
тезистің мазмұны, жаңалығы, жұмыстың стилі туралы олардың ой-пікірін 
тыңдаңыз. Егер айтарлықтай түзетулер мен толықтырулар қажет десеңіз, 
енгізіңіз.
8. Дайын тезисті конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберіңіз.
Тезис жазуға қой ы л а ты н ж а л пы талаптар
• 
Әрбір пайымдау (тезис) қысқа әрі нұсқа болуы керек.
• 
Әрбір пікір, пайымдау не логикаға, не ой-пікірге (эмпирика) 
негізделуі тиіс.
Интернеттен немесе бұрын жазылған мақаладан «көшіріп» 
алмаңыз.
Баяндама, реферат жазып кетпеңіз.
• 
Ғылыми стильді сақтаңыз.
• 
Оқырман дайындықсыз-ақ, сіздің тезисті түсінетін болсын. 
П рактикалы қ тапсы рм а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет