Ж.Маханованың зерттеу еңбегінің теориялық және практикалық
жақтарына баға бере келіп, мынадай талап-тілектер айтқымыз келеді:
1. Қытайдағы қазақ шоғырының тілін, лексикалық қорын, тілдік
жағдаятты әлеуметтік-диалектологиялық аспектіде зерттеуде жүйелілік
сақтала бермеген деп ойлаймыз, жұмыстағы мол тілдік материал тіл
білімінің когнитивтік, прагмалингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық,
этнолингвистикалық салаларына қатысты нақты тілдік талдауларға
негізделгені дұрыс болар еді.
2. Диссертацияның ен бойында талданған тілдік бірліктер жұмыстың
соңында қосымша ретінде берілсе, Қытай қазақтары тіліндегі жергілікті
ерекшеліктерді жүйелеп түсінуге де жеңілірек болып, жұмыстың салмағы
бұдан да арта түседі деп ойлаймыз.
9.
Диссертацияның «Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде»
қойылған талаптарға сай келуі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы
диссертациялық кеңесінде Маханова Жанар Талапқызының «60020500
- Филология» мамандығы бойынша философия докторы (Рһй)
дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған «Қытай қазақтары тілін тарихи
зерделеу және синхрондық талдау» атты диссертациялық жұмысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және
ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына толық сай келеді.
Алынған ғылыми нәтижелер мен қорытындыларды қазақ тіл білімі
саласының теориялық дамуына қосылған үлес деп есептеп, диссертация
авторы Ж.Т. Махановаға «6Ә020500 - Филология» мамандығы бойынша
философия докторы (РҺӘ) дәрежесін беруге лайық деп санаймыз.
Ресми оппонент:
КАЗГЮУ Университеті
Қазақ және орыс тілдері департаментінің доценті
филология ғы лы м ы ны ң кандидаты
Б.Б. Динаева
«18» желтоқсан 2017 ж.
Достарыңызбен бөлісу: