концептуалды жүйенің қалыптасуына, оны тексеріп, түзетіп, қорытып, ал
кей кездері мазмұнын түбірімен өзгертіп, өз үлесін қосып келеді. Қазіргі
уақытта кез келген концептіні әбден қалыптасып болған деуге ертерек.
Олар үнемі өзгеріс үстінде, қатары күн санап толығуда.
¥лттық тілде бейнеленген концептілер адамның жан-жақты әрекетін
айқындайтын ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік бейнесінің
ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесі мен
біліміне байланысты. Өйткені тілдік таңбалардың таңбалаушы қызметіне
адамдардың өмірден көрген-білгені, кеңілге түйгені негіз болады.
Концептіге үғым енгенімен, ол үғыммен ғана шектеліп қалмайды, сөзге
қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге концептінің
керінісі сөзтіркесінде, түрлі дискурстарда, тұрақты тіркестерде, мәтіндерде
жүзеге асады. Концепт мәдениеттің ментальдық үясы болып саналады.
М.С.Баймаханованыңзерттеуінде шешімін тапқан мәселелер, ғылыми
тұжырымдар мен пайымдаулар жалпы ғылыми пәндерде (мәдениеттану,
елтану, этнография), жалпы бағдарламалардағы когнитивтік лингвистика,
стилистика, мәтін лингвистикасы, прагмалингвистика, психолингвистика
пәндерінің болашақта жаңа бағытта зерттелуіне, сондай-ақ практикалық
талаптарды жүзеге асыру тәжірибесі жаңа ғылыми шешімдер табуға,
бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: